II - тарау. Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың әдістемелік негіздері
2.1 Бастауыш сынын оқушылары: Жеке тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының бүгінгі күнгі ерекшеліктері.
Соңғы жылдары қоғамдағы тәрбиенің мақсаты «Тұлғаны жан -жақты, үйлесімді етіп тәрбиелеу» деп көрсетілген. Демек бүгінде әрбір адамның жеке басын материалдық және рухаии адамзаттық құндылықтармен молайту көзделіп отыр. Бұл мақсат-міндеттер жанұя тәрбиесін жақсатудан бастау алып, ондағы тәрбиелер мен ата-аналардың педагогикалық білімдерін жетілдірумен шешілмек. Бүгінгі таңда ата-аналардың жанұя тәрбиесі бойынша педагогикалық білімдерін жетілдіруде ең негізгі ұйытқы болатын мектеп, соның ішінде сынып жетекшілері болып отыр.
Мектептің жанұя тәрбиесіне ықпалын арттыру үшін ата - аналарға мектеп есігін үнемі ашып, балалармен өткізілетін әртүрлі тәрбиелік іс -шаралар мен сабақтарға қатысуына мүмкіндік туғызу қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда мектептің ата-аналары мен жүргізілетін жұмысының негізгі мақсаты мыналардан тұрады. Біріншіден, ата - аналар мектепті балаларының шын жүрегімен қабылдайтын үйі деп санап өздеріде мектеп жұмысына көмектесуге дайын болуын қамтамасыз ету. Екіншіден, ата - аналарды жанұяда баламен өзара қарым - қатынаста болуға үйрету. Осындай мақсатпен мектептің әдістемелік бірлестіктері жанұя тәрбиесі мәселелері бойынша ата - аналар семинарларын ұйымдастырады. Онда ата - аналар балалардың дамуға, есеюге, бостандыққа ұмтылуының табиғатын және баланың бойында рухани байлықты қалыптастырудың маңыздылығын ол үшін қоршаған ортадан сүйіспеншілік сезімінің, мейірімділікпен сыйластықтың қажеттілігіне біледі. Мектептің ата - аналармен жүргізетін жұмысы баланың мектепте және жанұяда, тұтас білім берушілік ортада тәрбие алуына жағдай жасауға бағытталған. Жанұя саналылық пен ынтымақтастықтың және болашақтың бастаулар негізі. Мұғалімдер жанұяның тәрбиелік мүмкіндігін толығымен аша отырып, ата –аналардың да гумандық педагогикалық мынандай идеясын мойындауына атсалысуда.
Бала туылғанда пәк болып, тек адамдық пен ізгілік қасиеттермен дүниеге келеді бұл ұлы заңдылық. Бірақ, пәктік ізгі ниеттілік балада өзімен - өзі ұзақ сақтала қоймайды. Балаға дұрыс тәрбие беру мақсаты - оған дұрыс білім беруге мүмкіндік туғызады. Ол үшін ата-аналар өз балаларының дүниеге келгенде белгілі бір құлықпен келетін, оны өзгерту мүмкін емес екенінің білулері қажет. Баланың дара ерекшелігін біле отырып, оның дамуына жағдай туғызады. Ол үшін әрбір ата - ана жас кезеңдеріне сай өзгерістерін, оған дұрыс қатынас жасау жолдарын біліп отыру, мектеппен сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы керек. Осыған орай, бүгінгі таңда ата-аналармен жанұя құрамына байланысты келесі топтарға біріктіруге болады.
• Отбасында жалғыз баласы бар ата – аналар
• Көп балалы отбасылы ата – аналар
• Отбасындағы ата - әжелер
• Әкелер
• Аналар, т.б. түрге жұмыс жүргізуге болады.
Ұлы халқымыз - «Тәрбиеде ұсақ түйек болмауы тиіс» - деп, жанұя мүмкіндігін толық ата-аналармен бөлісе жұмысты ұйымдастырады. Оларға балалы жанұяда тәрбиелеуде кеңестер беріп, ой бөліседі. Тіпті жазғы демалыс кезінде де балалармен хат алысып, хабарласады. Олардың өз бетінше әрекет етіп, дамуны бағыт беріп отырады.
Біз өзіміздің зерттеу жұмысымызды айқындау мақсатында Бәйдібек ауданы №6 осы жерге өзіңнің оқыған мектебіңізді жаз. А Оразбаева, №9 Ш. Уәлиханов атындығы орта мектептерінде бастауыш сынып оқушыларының жанұялық өмірін мектептегі оқумен байланыстардық және олардың ата-аналарына мынандай анкеталық сұрақтар тарату арқылы педагогикалық дайындығының жай күйін білуімізге болады.
1) Мектепке деген көзқарасыңыз қандай?
2) Мектеп - ойын ордасы деп ойлайсызба?
3) Балаңызды немесе қызыңызды мектепке қандай үмітпен жібересіз?
4) Балаға қарайтын уақыттың жоқтығынан мектепке жіберемін деп ойлайсызба?
5) Мектеп ұжымы жайлы не айтасыз?
6) Балаңыздың жақсы ұстазын жақсы танисыз ба?
7) Ұстазының білімін жақсы деп бағалайсыз ба?
8) Баланың ұстазымен дос бола алады деген сезімін расқа шығара аласыз ба?
9) Сіз ұстазды тек қатып қалған «тәртіп адамы» деп ойлайсыз ба?
10) Балаңыздың бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттері ұстазынан алынған тәрбиенің жемісі деп ойлайсыз ба?
Осы сұрақтарға ата – аналардың көпшілігі 68%-ы толық дұрыс жауап бере алмады, ал 20% дұрыс толық жауап берді, ал қалған 12% мүлдем дұрыс жауап бере алмады. Бұдан байқайтынымыз, ата - аналардың уақыттарының жоқтығынан, жиналысқа келмейтіндігінен, мектептің, мұғалімнің жағдайын білмейтіндігінен болар. Бұл анкетаның сұрақтарға кейбір ата - ана берген жауаптары:
1) Мектеп білім ордасы, мектеп білім нәрінен сусындайтын орын;
2) Мектеп деген үлкен бір мешіт деп ойлаймын. Ол жерден мына өмірге қалай қадам басу керек екендігіне тәрбиелейді. Сондықтан ол жерді мен ойын ордасы деп айтамаймын.
3) Ұл қыздарымды мектепке үлкен үмітпен жіберіп отырамын. Оның болашағы үшін.
4) Баламды мектепке қарайтын уақытым жоқтығынан жіберіп отырған жоқпын. Балам білім алсын, тәрбиелі болсын деймін.
5) Қызымның ұстазын жақсы танимын. Ол осы мектептің түлегі болған екен және өз ісінің шебері екендігін дәлелдей алатын мұғалім екендігін жақсы білемін.
6) Мектеп ұжымы -өте үлкен ұжым, ұйымшыл және өз істеріне шебер ұстаздар өте көп.
7) Мұғалім - онда ата - ана, сондықтан ол қатып қалған тәртіптің адамы емес деп ойлаймын.
8) Қызымның бойындағы жағымсыз қасиеттерінен жағымды қасиеттері басымдау, оның себебі, апайынан алған тәртібі мен білімінің арқасы деп ойлаймын.
Осындай жағдайларға байланысты ата - аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, лекторийлер және ата - аналарға арналған университеттер, ата - аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс – тәсілдері қарастырылады.
Сыныптағы оқушылардың ата - аналарымен келісіп тәрбие беру, балалардың оқуларын ұйымдастырулары, күн тәртіптері, олардың орындалулары, нәтижелері айтылып, тәжірибе алмасулар жүргізілсе, сөзсіз ұтымды болады.
Отбасы тәрбиссі жағдайында бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуда белгілі бір білімділік пен әрекет дағдыларының қалыптасуымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |