Мазмұны Кіріспе


Оқушылардың жеке тұлғасы қалыптасуының өлшемдері мен көрсеткіштері және деңгейлері



бет8/16
Дата06.01.2022
өлшемі130,17 Kb.
#15741
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Курстык жумс педагогика

Оқушылардың жеке тұлғасы қалыптасуының өлшемдері мен көрсеткіштері және деңгейлері.




Оқушылардың жеке тұлғасы қалыптасу өлшемдері


Оқушылардың жеке тұлғасы қалыптасының көрсеткіштері.


Төменгі деңгей


Ортаңғы деңгей


Жоғарғы деңгей

1

Білімдік компонент

Тұлғалық қасиет, жеке тұлға туралы түсінігі мен көзқарасы анық емес, білуге деген қызығушылығы төмен, тәрбие туралы естігендері мен оқығандарын саналы қабылдамайтын, оған зейін аудармайтын және т.б. ерекшелігі бар оқушы.


Тұлғалық қасиет туралы түсінігі мен көзқарасы әркелкі, білуге ынталы болғанымен саналы меңгеруде ойлау мен зеректігі жағынан қабілетсіздік танытатын оқушы.


Тұлғалық қасиеттер туралы толық түсінігі бар, зерек, білуге қызығушылығы, естігені мен көргені саналы қабылдайтын оқушы.


2

Іс-әрекеттік компонент

Әрекетінде жауапкершілігі төмен, жалқаулық ұқыпсыздық т.б. қасиеттер орын алатын, жүріс – тұрысында үнемі ұнамсыз қылықтар бой көрсететін оқушы.









Балалардың жеке тұлғасын қалыптастыру ата – аналарға психологиялық, физиологиялық, гигиеналық, педагогикалық, медициналық білімдер және байқағыштық, педагогикалық такт, қарым- қатынастың, өз білімін жетілдіріп отыру қабілеттері, сонымен бірге мейірімділік, сөзі мен ісінің бірлігі, адалдық секілді тұлғалық қасиеттер бойынан табылуы тиіс. Бүгінгі күні мектеп пен жанұяның байланысы және мектептің жанұясына ықпал етуінің негізгі формалары ата - аналар жиналысы, мектептегі ата-аналар күндері, әкелер мен аналар конференциялары және т.б. болып отыр. Жұмыс түрлерінің өзгешелігімен оның мазмұнының жаңаша бағыт алуы қажеттілікке айпалып отыр. Жанұядағы баланың өмірін, тұрмыс жағдайы мен қарым- қатынас жүйесін зерттеуде әрбір ата - анамен жеке - дара жұмыс жүргізілуі қажет. Ата -аналар жиналысында баланың тұлғалық қасиеттерінің дамуына қатысты барлық ғалымдар саласы (психология, физиология, педагогика т.б.) интеграциялық бірлікте қарастырылып отырылуы керек.

Ата-аналар жиналысы бұл мұғалімнің қолындағы маңызды педагогикалық құрал болып табылады. Онда ата - аналарға балалары туралы айтуға, белгілі бір кедергілерді шешуді бірге жоспарлауға болады. Өзара түсіністік пен өзара көмек болған кезде ғана ата - аналар жиналысы нәтиже береді.

Қазіргі нарықтық қатынас жағдайындағы сынып жетекшісінің білімі мен әрекеттері туралы ғалым - педаготтар өз еңбектерінде ұсыныстар беріп жүр. Т. Ахметов өз зерттеуінде бүгінгі күн мұғалімі арнаулы, технологиялық, методологиялық, психологиялық, педагогикалық білімдермен қаруланған болуы керек дейді.

Г. Ахметов, Қ. Атемова зерттеу еңбектерін басшылыққа ала отырып, бүгінгі сынып жетекшілерінің ата - аналармен жұмыс жүргізуде қажет болатын білімдері мен қабілеттерін төмендегіше етіп көрсетуге болады.

Бастауыш сынып оқушыларында танымдық қасиеттерін дамытуда сынып жетекшілерінің ата - аналарымен жұмыс жүргізуде методологиялық, психологиялық, физиологиялық, гуманитарлық, технологиялық, жаңа көпшілік хабар, пәнаралық байланыс, гигиеналық білімдермен қаруланып, байқағыштық қабілет, қарым - қатынастық, ұйымдастырушылық, практикалық, педагогтық такт және техника, гносгикалық, шығармашылық, конструкциялық, өз білімін жетілдіріп отыру қабілеттеріне ие болуы тиіс. Сонымен бірге баланың тұлғалық қасиеттерінің дамуында білімділік, қарапайымдылык, мейірімділік, жоғары талап қоюшылық пен кешірімділік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық, кішіпейімділік, сабырлылық секілді қасиеттердің болуы қажет.

Бүгінгі күннің талабына сай жанұя өмірін ұйымдастырып, балалардың тұлғалық қасиеттерін дамытуда ата - аналар білімдерін жетілдіру қажеттілік болып отыр. Бұл білімдер мектептің ата - аналарға арналған іс- шараларының мазмұнына ендірілумен жүзеге асырылмақ.

Мектеп пен жанұяның ынтымақтастығы негізінде ата-аналардың педагогикалық білімін көтеру мәселелері көптеген ғалымдар педагогтар Г.К. Байгельдинова, И.В.Гребенников, Б. Мұқанов, М.С. Сангинова, Р.М. Капралова.

Ж. Қоянбаев, Қ. Атемова т.б. тарапынан зерттеліп, қарастырылып жүр. Жанұя тәрбиесі мәселелері бойынша ата-аналардың білім қоры мен қабілеттіліктері әртүрлі болып кезеседі. Жоғарыдағы ғалым-педагогтар олардың сауатын көтеруде мектеп басшылығын негізге алса, ал А.К. Мосин: «Бүгінде ата - аналар өте сауатты. Сондықтан, олардың жанұя тәрбиесіндегі білім мен тәжірибесіи сабақтан, сыныптан тыс тәрбиелік іс – шараларды басқаруға тарту арқылы пайдалану керек» - деген идеяны ұсынады.

Мектеп пен жанұяның ынтымақтастыгы тұрақтылыгын ұйымдастырып, бағыт беруші сынып жетекшісі болғандықтан, ең алдымен оның өзі жанұя тәрбиесі мәселелері саласына жан – жақты білімді болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет