КІРІСПЕ
Осы уақытқа дейін ӛткен ғасырдың бас кезіндегі әдебиет тарихы, оны
түрлі білім сатыларында оқытудың жай-күйі аз сӛз болған жоқ. Бүгінгі күнде
кӛптеп жазылып жатқан зерттеулерді былай қойғанда, әдебиеттің осы
кезеңіне деген қызығушылық, ізденіске деген талпыныстар ғасыр басында-ақ
байқала бастаған еді. Алғашқы кезде жекелеген мақалалар мен мектепке
арналған оқулықтарда сӛз бола бастаса, бірте-бірте олар кең кӛлемдегі
зерттеу еңбектердің арқауына айналды.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиетке арналған алғашқы оқулық зерттеу
еңбек – Сәбит Мұқановтың “ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті” (1932) атты
кітабы. Автордың ӛзі атап кӛрсеткендей зерттеудің басты мақсаты: “Тың
жатқан мәселеге із салып, пікір кӛтеру, сонымен қатар материалды системаға
келтіріп, жол ашу” болды. Сондықтан да “Тыңнан қозғалған мәселе
болғандықтан кей жері кем, кей жері үстірт…” бұл еңбек уақыт ырқынан
шыға алмай, замана ығына жығыла жазылды. Онда ХХ ғасыр басындағы
қазақ әдебиетінің кейбір ірі ӛкілдері мен олардың кӛрнекті шығармаларына
таптық идея тұрғысынан назар аударылып, бір жақты қарау басым жатты.
Сонымен бірге қазақ әдебиеттану ғылымының балаңдығы және әдеби
мұралар мен кӛркем шығармалардың толық жиналып, жүйеге түспегендігі де
аз зиянын тигізбесе керекті. Әйтсе де, алғашқы зерттеу еңбектің тыңға түрен
салып, мәселені алғаш болып кӛтеруі, алғаш рет кең кӛлемде сӛз етуі кейінгі
зерттеулердің жазылуына түрткі болғаны даусыз.
Кейінгі жарық кӛрген еңбектердің ішінен ХХ ғасырдың бас кезіндегі
әдебиетті танып білуде Е.Смайыловтың “ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті”
(1941), Б.Кенжебаевтың “Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ
жазушылары” (1958), “ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті” (1976), М.Әуезов
атындағы әдебиет және ӛнер институты шығарған “Қазақ әдебиетінің
тарихы” ІІ том, 2-кітап (1965), “ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті”
(1994),
Ы.Дүйсенбаевтың
“Сұлтанмахмұт
Торайғыров”
(1967),
Б.Шалабаевтың “Қазақ прозасының тарихы” (1968), С.Қирабаевтың
“Спандияр Кӛбеев” (1958), “Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері” (1995),
Т.Кәкішевтің “Сын сапары” (1971), “Қазақ әдебиеті сынының тарихы” (1994),
Ә.Дербісәлиннің “Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті”
(1966), “Дәстүр мен жалғастық” (1976), Т.Әбдірахмановтың “Жаңа ғасыр
кӛгінде” (1969), “Таланттар тағылымы” (1988), Ш.Елеукеновтің “Мағжан”
(1995), Р.Нұрғалидің “Әуезов және алаш” (1997), А.Еспенбетовтың
“Сұлтанмахмұт Торайғыров” (1992), З.Бисенғалиевтің “ХХ ғасыр басындағы
қазақ романы” (1997), Б.Әбдіғазиұлының “Шәкәрім шығармашылығының
дәстүрлік және кӛркемдік негіздері” (2000) тәрізді зерттеулердің маңызы ӛте
зор.
5
Жалпы ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің келелі мәселелеріне арналғанмен
әр кітаптың жазылуындағы ӛзіндік мақсаты мен мүддесі әрқилы. Бір
зерттеушілер
шоғыры
(Ы.Дүйсенбаев,
С.Қирабаев,
Ш.Елеукенов,
А.Еспенбетов, Б.Әбдіғазиұлы т.б.) ӛз зерттеулеріне сол кезең әдебиетінің
жекелеген ӛкілдерінің ӛмір жолы мен творчествосын арқау етсе, екінші бір
зерттеушілер ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттің жалпы даму бағытын
айқындау тұрғысынан (Б.Кенжебаев, Ә.Дербісәлин, Р.Нұрғалиев т.б.)
қарастырды. Зерттеушілердің үшінші тобы белгілі бір жанрдың қалып-
тасу, даму сипатына зер салды (Б.Шалабаев, Т.Кәкішев, Т.Әбдірахманов,
З.Бисенғалиев). Әдеби дәстүр, жаңашылдық мәселелерін сӛз етушілер де
болды (Нұрқатов А. т.б.).
Кезең әдебиетін зерттеудегі үлкен бір белес ретінде Бейсенбай
Кенжебаевтың “ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті” оқулығын (1976) атауға
болады. Еңбек авторы ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне тән
ерекшеліктерді, күрделі-күрделі мәселелерді жинақтап, топтап сӛз ете
отырып, тұтас бір әдеби кезеңнің ӛзіндік сыр-сипатын тануға ұмтылған.
Оқулықтың ғасыр басындағы әдебиетті тану мен танытудағы кӛтерер жүгі
қомақты. Ғалым-зерттеуші ХХ ғасыр басындағы әдебиетті тұтас бір құбылыс
ретінде ала отырып, соның ішінде ағартушы-демократтық бағытқа
толығырақ тоқталып, осы бағыттың ӛзіндік ерекшелігін жан-жақты ашып
кӛрсетті.
Жалпы жоғарыда аталған еңбектердің 90-жылдарға дейінгілерінде уақыт
ағымына байланысты “жабулы қазан жабулы” күйінде кетіп, айтылмай
қалған, әдейі бұрмаланған жерлер жетерлік. Ол еңбектер қалыптастырған
кӛзқарастар, жалпы алғанда, ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің ӛрісін
айқындауға, даму ерекшелігін тануға, тіпті жеке творчестволық тұлғаларға
деген пікірлерді белгілі бір қалыпқа салып, шығармашылық болмысын
толыққанды түрде ашуға мүмкіндік бермеді.
Бұл туралы кӛрнекті зерттеуші-ғалым Т.Кәкішев: “Жалғыз қазақ халқы
ғана емес, Қазан тӛңкерісінің дүрмегіне ілескендердің қай-қайсы болмасын
кӛпшілікті қызықтырар қиястығы мол идея соңына түскенін қазір ашық
айтуға тиістіміз. Бұл идеяда бұрын езіліп, тапталған, қорлық-зорлықты кӛп
кӛрген еңбекшілерді, кедей-кепшіктерді дүниенің әміршісіне айналдырамыз
деген ұранның тартымдылығы күшті болғанын және оны барынша пәрменді
насихаттап, білектің күші, найзаның ұшы, мылтықтың оғы, зеңбіректің
добымен қалың жұртшылықтың сана-сезіміне зорлап сіңіру процесі
нәтижесіз болмады. Кӛпшіліктің кӛңіл ауаны ғана емес, бар ынта тілегі соған
ауды, ауғысы келмегенін зорлап аудырдық. Басқаша түсінік болады дегенге
нанбадық, әбден етіміз ӛліп алған соң, басқаша ойлайтындар кездесе қалса
әуелі шамдандық. Содан кейін атып-астық, тескентау айдадық…” – дейді.
Осы жүйе бойынша ӛз ұлтымыздың, ӛз тарихымыздың ӛткенін сүзгіден
6
ӛткізіп, екіге бӛлдік. Жұрт қамын ойлаған Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет
Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаевтай ұлыларымызды
ұлтшылға айналдырып, ел санасынан ӛшіруге ұмтылдық. Солар бастаған,
байытқан әдебиетті тарихтың тереңіне тығып тастап, ұлттық әдебиетіміздің
тарихын “ақтаңдаққа” айналдырдық. Олар жасаған мол мұра ӛздерімен бірге
тарих доңғалағының астына тапталып, мәңгі жарық кӛрместей болды.
Елінің азаттығы жолында күрескен, “ұлтым” деп еңіреп ӛткен ерлер
мұрасы буржуазияшыл-ұлтшыл аталып, тек датталумен келді. Саясатта
шаруасы жоқ, Шығыс әдебиетіне еліктеп, соның үлгісінде шығарма жазған
саңлақтарымыз ескішіл атанып, ескерусіз қалды. Мәселен әдеби мұрамыздың
ең бір бай саласы – қиссашыл ақындар шығармашылығы діншілдік
бағыттағы шығармалар деп танылып, надандықты насихаттаған, ӛткенді
аңсаған кертартпа әдебиет ӛкілдері ретінде бағаланды. Мұсылмандық әлемге,
шығыстық дүниеге бой түзеп, үлгі алғандар шығармашылығындағы діни-
таным – адами тәрбие, адамгершілік пен адалдыққа жетелеген ӛнеге екендігі
ескерілмеді. Олардың рухани тазаруға үндеген озық ойлары кері кеткен
пікірлер ретінде бағаланды. Қазан тӛңкерісінен кейінгі уақытта діни мән-
мағынасы бар әдебиет нұсқаларымен күресу мәселесі қатты қолға алынды.
Осы күрес “нәтижесінде” Ақылбек бин Сабал, Шәді Жәңгіров, Мәулекей
Жұмашев, Жүсіпбек Шайхисламов, Мұса молда, Мақыш Қалтаев, Нұржан
Наушабаев, т.б. ақындар қазақ әдебиетіндегі ӛзіне лайық орындарын ала
алмай келгенді. Бұл туралы “Шығыс інжу-маржандарының ӛзімізге
лайықтыларын, тұрақтай алатын тақырыпты, сюжетті ол ақындар (қисашыл
Ӛ.Ә.) дұрыс таңдады. Әр жерде ауызға алынғаны болмаса, баспа бетін
кӛрмеген біраз шығармалардың мазмұны, идеялық ықпалы ашылмастан
жатыр. Бұларды діни уағыз, қиялдан туған дүниелер деп жылы жауап қойып
отырған жайымыз бар. Ал, шындығына келсек, “Ләйлі-Мәжнүн”, “Мұңлық-
Зарлық”, “Атымтай Жомарт” секілді махаббат, адамгершілік хақындағы
романтикалық
дастандар
қазақтың
кейінгі
лирикалық,
эпикалық
дастандарына мол әсерін тигізді…” дейді ғалым Ӛтеген Күмісбаев. Бірақ біз
кезінде мұны аңғара алмадық, аңғарғымыз келмеді де. Сон-дықтан замана
ағысы, уақыт барысы бойынша кейінгі кезеңге дейінгі зерттеулерде ХХ
ғасырдың басындағы әдебиет тарихы бүкіл болмыс-бітімімен ашылмай,
жартыкеш күйде қалып, тек ағартушы-демократтық бағыт ӛкілдерінің
әдебиеті мадақталып, ӛзге бағыт-ағымдар мансұқталып келгені жасырын
жайт емес.
Бірақ “елу жылда – ел жаңа” ғана емес, ой да жаңарары белгілі. Әр кезде
бір кӛтеріліп, бір басылып жүрген Шәкәрім, Мағжан туралы қазақ
зиялыларының ой-пікірлері замана ӛзгерісіне орай ӛркен жая бастады.
Барлығына тарих тӛреші. Сондықтан да
|