Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет4/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144
…Асықпаңдар, артымызда қазы бар, 
Тергеп талай сүйектерің қазылар. 
Пайғамбарды сатып отыз тіллә алған 
Яһудамен бірге аттарың жазылар… – 
 
деп,  Ахаң  айтқандай  “арттағы  қазылар”  шындықтың  бетін  ашып,  1988 
жылдан  бергі  уақытта  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  М.Жұмабаев  тәрізді 
тоталитаризм  құрбанына  шалынған  әдебиетіміздің  алыптары  туған  елімен 
қайта  қауышты.  Содан  бастап  ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  әдебиетке  деген 
жаңаша  кӛзқарас  қалыптаса  бастады.  Осыған  орай  ХХ  ғасыр  басындағы 
әдебиетті  жоғары  оқу  орындарында  оқытуға  да  жаңа  талаптар  тұрғысынан 
қарау  керек.  Біздің  мақсатымыз  да  уақытпен  үндесер,  жаңаша  рухтағы 
оқулық дайындау. 
ХХ  ғасыр  кезіндегі  қазақ  әдебиеті  дегеніміз  1900-1920  жылдар 
аралығындағы  мерзімді  қамтиды.  Бұл  кезеңдегі  әдебиетті  кейбір 
зерттеушілер 25,30-шы жылдарға дейін созып жүр. Бірақ тарих шындығынан 
ешкім  асып  кетпек  емес.  1920  жылы  4  қазанда  Қазақ  АССР-і  құрылғаннан 
кейінгі уақытта Қазақстан жеріндегі бүкіл идеологиялық жүйе басқа бағытқа 
бет  алғаны,  әдебиетіміздің  кӛрнекті  ӛкілдерінің  кӛбі,  әсіресе,  ХХ  ғасыр 
басындағы  әдебиетке  елеулі  үлес  қосып,  әдеби  бағыты  айқындалып, 
шеберлігі  жетілген  ақын-жазушылардың  әдеби  шығармашылықпен  тиіп-
қашып  ғана  айналысқаны  белгілі.  Ендеше  ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  әдебиетті 
жиырмасыншы  жылмен  аяқтап,  одан  кейінгі  әдебиетті  кеңестік  әдебиет  деп 
тануымыз керек.  
ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет жалпы қазақ әдебиеті тарихындағы ең бір 
жемісті де түрлі ізденістер мен қайшылықтарға толы кезең болып табылады. 
Сондықтан да қазақ әдебиеті тарихын оқытудың күрделі проблемалары осы 
тұсқа  жинақталған.  Мұның  басты  үш  себебі  бар.  Біріншіден,  жазба 
әдебиеттің  мейлінше  ӛркен  жайған  тұсы,  екіншіден,  әртүрлі  әдеби  ағымдар 
мен  бағыттардың  айқындалған  кезеңі,  үшіншіден,  әдеби  жанрлардың  әр 
саласында  әдеби-кӛркемдік  ізденістердің  белең  алған  тұсы.  Сондықтан  да 
осы  1900-1920  жылдар  аралығындағы  әдеби-кӛркем  шығармалар  мен 
кӛрнекті  ақын-жазушылардың  шығармашылығын  жан-жақты  қарастыру 
әдебиетімізде  бар  дәстүрлердің  дамуы  мен  жаңашылдықтың  негіздерін 
тануға,  кейінгі  әдебиеттің  ӛркендеуінің  түрлі  реңктерін  айқындауға, 
бұрынғы-кейінгі  әдебиеттің  жетістіктерін  терең  зерделеуге  мүмкіндік 
туғызады. 
Сонымен  қатар  “ақтаңдақ”  деп  танылған,  кезінде  әдебиет  тарихы 
оқулықтарының  беттерінен  белгілі  себептермен  түсіп  қалған  қазақ 
әдебиетінің  айбынды  тұлғаларының  шығармашылық  ғұмырнамасын, 
олардың  идеялық-кӛркемдік  деңгейі  жоғары  туындыларын  терең  тану  қазақ 



 
әдебиетінің  қаншалықты  шырқау  биікке  кӛтерілгенін  бағдарлауға, 
әдебиетіміздің  кейінгі  легіндегі  классиктеріміздің  шығармашылығына 
қаншалықты  зор  әсері  болғандығын  бағамдауға  жол  ашады.  Бұл  уақытқа 
дейін  дәріс  тыңдаушылар  фольклор,  кӛне  дәуір,  18-19  ғасырлардағы 
әдебиетімізді  оқып-үйреніп,  ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  қазақ  әдебиетіндегі 
дамудың дәйекті ӛзгерістерін түсінуге толық мүмкіндік алады. Яғни Абайға 
дейінгі  Абайдан  кейінгі  әдебиеттің  бағыт-бағдарын,  идеялық-кӛркемдік 
ізденістердің  ара-қатынасын  айқындауға  жан-жақты  дайындығы  бар  деп 
түйіндеуге болады. Осы тұрғыдан алғанда, мақсат – аталмыш кезеңдегі түрлі 
әдеби 
ағымдар 
мен 
бағыттардың, 
олардың 
айтулы 
ӛкілдерінің 
шығармашылығын  түбегейлі  қарастыру  арқылы  “алтын  ғасыр”  аталған 
әдебиеттің табиғатын ашу. Сондықтан да оқулықта біз мынадай мәселелерге 
басты назар аудардық. 
  ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  әдебиеттің  тарихи  қоғамдық-әлеуметтік 
жағдайлармен  тығыз  байланысын  қарастыру  арқылы  әдебиеттің  ұлттың  ой-
санасын оятудағы міндетін анықтау. 
  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  әдебиетпен  бай-ланысын, 
дәстүрлі  әдебиет  үлгісін  дамыту  мен  ӛзіндік  ізденістерден  туған 
жаңашылдықтың белгілерін тану. 
  ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  әдебиеттегі  ірі  әдеби  тұлғалардың  романтизм 
мен  реалистік  әдіс-тәсілдерді  қатар  ала  жүріп,  ӛмір  шындығын  ашудағы 
ӛзіндік қолтаңбасын бағамдау. 
  Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажыратып, белгілі 
ӛкілдерінің шығармашылығын талдау арқылы творчестволық жетістіктер мен 
кемшіліктерді саралау. 
  ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  әдебиеттегі  Абай  дәстүрі  мен  үлгісін 
дамытудың сан-салалы шығармашылық жетістіктеріне назар аудару. 
  ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиеттің ӛркендеуіне негіз салған қоғамдық-
санаткерлік, 
кӛсемсӛздік 
(публицистік) 
міндеттердің 
нәтижелерін 
салыстырмалы түрде қарастыру. 
  Әрқилы  әдебиет  ӛкілдерінің  шығармашылық  болмысына  бойлау 
арқылы  ілгершіл  әдеби  қаламгерлердің  шығарма-шылықтарындағы  басты 
жетістіктерді ашу. 
  Бұрын  қарастырылмай,  немесе  біржақты  қарастырылып  келген 
әдебиеттің  айтулы  тұлғаларының  шығармашылығын  бүгінгі  кӛзқарас 
тұрғысынан бағалау. 
  ХХ ғасыр басындағы әдебиетке азаттық сарын, ұлттық рух алып келген 
ақын-жазушылар  шығармашылығының  қазақ  әдебиетін  ӛркендетудегі 
қызметін, ӛзінен кейінгі әдебиеттің дамуына тигізген игі әсерін таныту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет