Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет8/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   144
Қарқаралы  талабы.  “Бүкіл  елдік  наразылықтың  қазақ  қоғамына  бұдан 
бұрын тән емес петиция түрінде кӛрінуіне түрткі болған тұңғыш россиялық 
революция  да,  ал  оны  жазған  азаттық  қозғалыстың  басына  келген  жаңа 
әлеуметтік күш ұлттық интеллигенция ӛкілдері еді” (М.Қойгелдиев). 
Алғаш рет 1905 жылдың 4 қазанында “Сын Отечества” басылымының 173 
санында  жарық  кӛрген  бұл  петиция  қазақ  халқының  саяси-әлеуметтік 
ӛміріндегі үлкен уақиға болды. Қазақ халқының ұлттық санасының оянуына 
тегеурінді  серпін  берген  бұл  талап-тілек  туралы  М.Әуезов:  “1905  жылы 
Қарқаралыда  Ахаң  мен  басқа  біраз  оқығандар  бас  қосып,  кіндік  ӛкіметке 
қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жіберген. Ол петицияда аталған 
үлкен  сӛздер  бірінші,  жер  мәселесі,  …екінші  қазақ  жұртына  земство  беруді 
сұраған,  …үшінші  қазақ  жұртын  муфтиге  қаратуды  сұраған.  …Ол  күндегі 
қазақ  баласының  дертті  мәселесі  осылар  болғандықтан,  Ахаңдар  бастаған 
іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер кӛп шыққан, кӛпшіліктің оянуына 
себепші болған”
5
, деп жазды. 
Қaзақ зиялыларының осы бір кезеңдегі іргелі ісін кӛрнекті саяси қайраткер 
Т.Рысқұлов  былайша  бағалады:  “Революция  1905  г.  дает  большой  толчек 
оживлению  мысли  среди  восточных  народностей,  в  том  числе  и  среди 
казахов. В связи с манифестом 1905 года устраивается среди казахов митинги 
                                                 
5
 Әуезов М.Ахаңның елу жылдық тойы ⁄⁄Ақ жол.1923. 4 ақпан.
 


20 
 
и пишутся петиции на тему о религии и земле… Среди казахского населения 
и казахской интеллигенции еще не было политических партии, а отдельные 
группы  общественных  деятелей  в  той  или  иной  степени  примыкали  и 
сочувствовали  некоторым  политическим  партиям,  существовавшим  тогда  в 
России”
6

Жоғарыдағы  пікірлердің  ортақтығы  –  қазақ  зиялыларының  тұңғыш  бас 
қосқан  Қоянды  жәрмеңкесі  қазақ  халқының  саяси  ӛміріндегі  алғашқы 
күреске шығудың жоспарлы келісімін бекіткен жиын болғандығының дәлелі. 
Шет  елдегі  қазақ  тарихын  зерттеуші  ғалымдар  бұл  жиынды  қазақ 
зиялыларының ӛзіндік партия құрған алғашқы жасырын (подпольный) съезі 
деп  бағалайды.  Мәселен  түркиялық  қазақ  тарихшысы  Хасен  Оралтайдың 
1973  жылы  жарық  кӛрген  “Алаш”  –  Түркістан  түркілерінің  ұлт-азаттық 
ұраны  деген  еңбегінде  коммунистік  идеологияның  ықпалынан  тыс,  тарихи 
деректер  мен  орынды  ой-пікірлер  молынан  кездеседі.  Қазақ  тарихының 
аталмыш кезеңіне қатысты тарихшы мынадай мәліметтер келтіреді: “…қазақ 
түріктері  зиялыларының  бір  тобы  1905  жылы  жасырын  түрде  саяси  партия 
ұйымдастырды. …1905 жылы ұйымдастырылған жасырын “Алаш” партиясы 
ӛз  қызметін  1917  жылдың  кӛктеміне  дейін  жасырын  түрде  жалғастырып 
келді.  Партия  қызметі  жасырын  жүргізілгендіктен,  Алаш  партиясының 
тарихқа  белгілі  тұңғыш  (құрылтай)  съезі  1905  жылы  маусым  айында  14500 
қазақ түркісінің қатысуымен Қарқаралыда ӛткізілді. Бірақ ресми түрде Алаш 
партиясының  съезі  болып  есептелінбейді.  Солай болғанмен  де,  1905 жылғы 
съезд  Алаш  партиясының  съезі  екендігіне  күмән  жоқ.  Ӛйткені  1905  жылы 
съезд  ұйымдастырушылар,  оны  басқарушылар  және  онда  шығып 
сӛйлегендердің  бәрі  Алаш  партиясының  мүшесі  еді.  Бұл  съезге  Алаш 
партиясының лидері Әлихан Бӛкейханұлының ӛзі қатысты”. 
Жасырын  съездердің  болғандығын  Әлихан  Бӛкейханов  та  жоққа 
шығармайды. Әрине, Қарқаралы съезін Алаш партиясын ұйымдастыру съезі 
деп  қарау  артықырақ  болар.  Дегенмен,  бұл  съездің  кең  ауқымды,  қазақ 
ӛмірінің  сан  қырлы  мәселелерін  қамтыған,  оларды  шешудегі  ізденісте  ізі 
қалған  тарихи  оқиға  екендігі  даусыз.  Бүгінгі  зерттеулерде  кӛбіне  “жиын”, 
“бас қосу" деп айдар тағылғанымен, оның қарапайым жиыннан гӛрі жоғары 
дәрежедегі саяси іс-әрекет екендігін мына тӛменгі пікірден-ақ тануға болады. 
“Большинство  съездов  (Каркаралинский,  Уральский  и  др.)  представляли  из 
себя  именно  “почетных”  людей  и  интеллигенции.  На  них  принимались 
петиции,  просьбы,  обращенные  к  правительству.  Особенно  много  места 
уделялось колоннизационной политике…” (С.Асфендияров). 
Ал  ондағы  қабылданған  петицияның  бағдарламалық  (программа)  мәнін, 
Алаш  қозғалысына  қара  күйені  аямай-ақ  жаққан  зерттеушілердің  ӛздері  де 
                                                 
6
 Рыскулов Т.Избранные труды.-Алма-Ата,1984.-С.150. 


21 
 
мойындайды: “Эта петиция носила программный общеказахский характер и 
фактически закладывала политические основы алашского движения”
7

Жалпы  петиция  11  тармақтан  тұрса,  онда  қамтылған  талап-тілектерді 
үлкен  үш  топқа  бӛлуге  болады.  1)  Оқу-ағартудың  жолға  қойылуы;  2) 
Қазақтың  ӛз  жеріне  ӛзінің  меншігі  деп  табылуын  талап  ету;  3)  Қазақ  елін 
басқару  жӛніндегі  “Далалық  Ереженің"  бүгінгі  қазақ  ӛміріне  сай  қайта 
ӛзгеруін  талап  ету.  Саяси  сауаттылықпен  жазылған  бұл  петиция  патшалық 
Россияның отаршылдық саясатының бар болмысын, әдіс-айласын, қат-қабат 
қырларын  мейлінше  терең  ашуға  ұмтылған  алғашқы  айбынды  үн  еді.  Ол 
Россияның әкімшілік аппаратын шошындырмай тұра алмады. 
Петицияда  қазақ  қоғамының  негізгі  ұлттық  мүддесі  есебінде  мынадай 
талаптар  қойылды:  діни  сенімдерді  атқаруда,  оқу-ағарту  жүйесін 
ұйымдастыруда жергілікті халықтың еркіне қайшы келетін шектеулерді жою, 
ауылдарда  сабақ  орыс  тілімен  бірге  қазақ  тілінде  де  жүргізілетін  мектептер 
ашу,  қазақ  халқының  мән-мұқтажын  талқылауға  қажет  құрал  –  цензурасыз 
газет  шығаруға  және  баспахана  ашуға  рұқсат  беру,  жаппай  қоныстану 
қарқынының  күшейіп,  құнарлы  жерлердің  қоныстанушыларға  ӛтуіне 
байланысты  қазақтар  отырған  жерді  олардың  заңды  меншігі  екенін 
мойындау,  мемлекеттік  апаратта,  сот  орындарында  іс-қағаздарын  қазақ 
тілінде де жүргізу, олардың жұмысында қос тілділікті жолға қою т.с.с. … 
Кӛріп  отырғанымыздай  петицияда  “қазақ  баласының  дертті”  мәселесінің 
бірі  ретінде  қазақ  тілінде  газет  шығару  мен  баспа  ісіне  рұқсат  беру  талап 
етілді. 
“…қазақ халқының ағымдағы қажеттіліктерін айқындау үшін қазақ тілінде 
газет  шығару  керек,  ол  үшін  цензурасыз  газет  шығарудың  және  баспахана 
ашудың  ешкімнің  келісімінсіз  шешетін  тәртібін  орнату  талап  етіледі…” 
деген  сӛздер  патша  әкімшілігін  шенеуіктеріне  жаға  қоймағаны  бесенеден 
белгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет