Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет7/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   144
ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  қоғамындағы  ӛткенді  аңдып,  алдын 
болжаған  зиялы  азаматтарды,  жалпы  “халқым,  ұлтым”  деген  адамды 
ойландырған басты ой арнасы осы жоғарыдағы үш мәселеден бастау алады. 
Ӛйткені,  жер  –  ата-қоныс  –  ғасырлар  бойы  сыртқы  жаудан  қорғауда  сан 
ұрпақтың  қаны  тамған  бүкіл  тіршіліктің  тірегі,  одан  айрылу  ел  ретінде 
тарихтың сахнасынан кетумен тең еді. Оқу ұлттық сананың ояну негізі болса, 
одан ана тілі арқылы нәр алмау халық ретіндегі сан ғасырлық салт-сананың 
жиынтық  болмысынан  айрылу,  сӛйтіп  ұлттық  алтын  тамырдан  қол  үзіп, 
оянудың  жолын  қараңғы  түнекке  апарып  тіреп  қоюмен  пара-пар.  Ал 
патшалық отаршылдық саясат билігі салдарынан бірліктен айрылған, ӛзін-ӛзі 
билеуден  қалған  ел  ұлы  дамудың  ӛркениетті  жолынан  ығысып,  құлдықтың 
құрдымына  қарай  құлдилаған  болатын.  Міне,  осынау  жойылудың,  осынау 
құрбандықтың  үш  үлкен  мәселесі  қазақ  азаматтарын  бірігуге,  күш 
біріктіруге, сӛйтіп, саяси күрес жолына шығуға жұмылдырды. Бұл алдымен 
Ресейдегі  демократиялық  қозғалыстар  нәтижесінде  Россия  қоғамындағы 
замана ағымына сәйкес пайда бола бастаған, Россияны дамудың ӛзгедей бір 
жолына  салуға  ұмтылған  түрлі  партиялар  мен  топтардың  ӛнегесінен 
үйренуден қалыптасқан-ды.  
Сӛйтіп Ресейдегі жаңашыл рухтағы саяси бағыттан қуат алған қазақ зиялы 
қауымының  алға  қойған  басты  мақсаты  жоғарыда  атап  ӛткен  патшалық 
Россияның  отаршылдық  саясатын  айқындайтын  үш  мәселе  тӛңірегінде 
түйінделді. 
ХХ  ғасырдың  есігін  ашып,  еркін  кірген  бұл  ӛзгерісшіл  рух  1905  жылы 
ӛзінің  алғашқы  шамашарқын  бір  байқатып  тастады.  Сол  тұста  қазақ 
                                                 
4
 Сапаргаллева Г.Картельная политика царизма в Казахстан (1905-1917 г.г).-Алма-Ата,1966.-С.11.
 


19 
 
зиялылары  да  ел  аманатын  арқалап,  осынау  ӛздерін  толғандырған  үш 
мәселені  алға  ұстап,  күресшіл  жолға  бет  алды.  Мұның  бір  белгісі  –  1905 
жылғы қазақ оқығандарының патшаға жіберген Қарқаралы талабы (петиция), 
қазақтың  алдыңғы  қатарлы  азаматтарының  алғаш  бас  біріктіруі.  Бүл  – 
толғағы  жеткен  мәселелерді  кӛтерген  саяси  күреске  шығудың  басы,  оған 
үлкен серпін берген бірлікті де тірлікті әрекет еді. 
1905  жылғы  Ресейде  тұтанған  оттың  шарпуы  шет  аймақтағы  қоздана 
бастаған  қоламтаның  лап  етуіне  дем  берді.  Әрине,  қазақ  даласындағы 
қозғалыс  дүмпуін  тек  1905-07  жылғы  революцияға  байланыстырып  қою 
біржақтылық танытары сӛзсіз. Бұрынғы тарихи және әдеби зерттеулерде дәл 
осындай  баға  беріліп  те  келді.  Біздіңше,  1905-1907  жылдардағы  қазақ 
даласындағы  ірілі-уақты  іс-қимылдардың  негізі  әріде  жатыр.  Ол  қазақ 
зиялыларының  кӛкейінде  пісіп,  кӛкірегін  жарып  шыққан  ұзақ  толғаныстың 
нәтижесі секілді. 
Қазақ  зиялыларының  алғашқы  топтасуы  жалпы  Россияда  қалыптаса 
бастаған  әр  түрлі  саяси  партиялардың  патшалық  басқару  жүйесіне  қарсы 
күрес  жолындағы  бағдарламаларымен  танысу  әсерінен  және  ӛз  халқын 
отарлық бұғауынан құтқарудың жолы тек саяси күресте жатыр деп тануынан 
еді.  Қазақ  зиялыларының  алғашқы  баспа  жүзін  кӛрген  бағдарламалы  ой-
пікірлер  жиынтығы  –  жоғарыда  аталып  ӛткен  Қоянды  жәрмеңкесінде 
жазылып,  1500  адамның  қолы  қойылып,  Петербургке  жіберілген  әйгілі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет