Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет42/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   144
Ар жағынан келген соң судай ағып
Тұра алмайды ақындар ауыз бағып. 
Кӛр соқырлар танымай тез екенін
“Қисық қой” деп қор қылар отқа жағып. 
 
Ӛлең тудыру – ақынға артар жүгі ауыр шығармашылық процесс, ол терең 
дүниетанымдық  қабілет  пен  сезімталдық  қасиеттердің  бірлігінен  туып, 
адамның  жан  дүниесіндегі  серпілістер  мен  жүрек  түкпіріндегі  ғажайып 
толқыныстар тоғысынан жаратылады. Ішіне сыймай, буырқана сыртқа тепкен 
серпінді сезімнің қуат-күшін ақын еріксіз бұқтырып, тоқтатып тұра алмайды. 
Мәшһүр  ақын  жанын  осылай  түсінеді.  Талғамы  терең  азамат  –  ақын  сӛз 
ӛнерінің  нәзік  иірімдеріне  терең  бойлағандықтан,  кӛп  ӛлеңдерінде  әдеби 
кӛркем шығармашылық қиыншылығының құпиясын кең ашуға талаптанған. 
Осы  сипаттағы  ӛлеңдерінің  ішінен  “Мәшһүрдің  қырық  алты  жасында 
сӛйлеген  сӛзі”  атты  ӛлеңінің  орны  ерекше.  Ӛлең  ”Мәшһүрден  келе  жатыр 
ӛнер  қайнап”,  –  деп  басталады.  Осысымен-ақ  ол  ақындық  ӛнердің  бар 
болмысын  тап  басып  танытады.  Іштегі  терең  тебіреніссіз,  толқынды 


127 
 
толғаныссыз ӛлең тумайтынын, онсыз жаралған жансыз ӛлең кӛптің кӛңіліне 
жол  таба  алмайтынын,  оқырман  жүрегіне  жетпейтіндігін  ақын  ерекше  атап 
кӛрсетеді. 
 
Құстай боп қапастағы қалғаннан соң, 
Шарыққа бір-ақ шығып кеткен кезіп. 
 
Шабыттың  тасқан  сәтін  ақын  Мәшһүр  ӛте  дәл  әрі  айқын  бедерлеген. 
Ақынның қиналыс сәтін, ӛлеңінің туу сәтін бейнелеген сұлу сурет, кӛңілден 
мәңгілік жанды бейнелік тудырып, кереметтей зор эстетикалық әсер береді. 
Ақын ӛз жан дүниесін ғана емес, халқына тән бар қасиет-болмысты түптеп 
тартып  түсінбесе  бойындағы  ӛнерін  бүтіндей  ашып,  ел-жұртына  сый  ғып 
тарта  алмасы  анық.  Себебі  ақын-халықтың  тӛл  баласы.  Оның  тағдыры  мен 
талайы  да,  бақыты  мен  бағы  да  халқымен  бірге.  Мәшһүр  –  осыны  жете 
түсінген, әрі жанымен түсінген ақын. 
“Мәшһүрдің  қырық  алты  жасында  сӛйлеген  сӛзі”  ӛлеңі  Мәшһүрдің 
ақындық ӛнер жӛніндегі танымдық ой-пікірлерінің жиынтығы деуге болады. 
Сӛз осал бола қалды не қылғанда
Шақпақтай от шығады шағылғанда. 
Кӛңілдің дәриясында сӛз бір гауһар, 
Кісісі танып алар табылғанда. 
 
Болмайды сӛз болғанмен бәрі тегіс
Келтірер иесіне кей сӛз сӛгіс. 
Бас қосқан мерекеде жақсы-жаман
Шешендер – мәуелі ағаш, сӛз – бір жеміс. 
 
Бұл – әйтеуір ӛлеңнің қадір-қасиетін тізе беруді кӛздеген талап емес, ӛлең 
сӛздің  құдіретін  сӛзбен  ӛрген  ӛлең  ӛнерінің  сырына  қанықтыра  түсуді 
кӛздеген мақсат. Ақын – мәуелі ағаш болса, оның сӛзден жаралған жырлары 
– тәтті жеміс. Әдемі сурет! Соның тағы бір кӛрінісі: 
 
Әр жерде бӛлек-бӛлек жүрген сӛзді 
Түсірер жұрт кӛзіне ӛлең тізіп. 
 
Бұл  –  ӛлең  шығарудың  табиғи  құбылысын  қарапайымда  болса  да 
шынайылықпен  жеткізген  шеберлік.  Шынын  да:  үйлестіріп,  ұйқастырып, 
оқырман,  тыңдарман  “жүрегіне  жылы  тиіп”,  кӛкірегіне  қона  кетер  туынды 
тудыру  үшін  қабілет,  талант,  дарын  керек.  Жоғарғы  жолдарда  осының 
шындығы  қорытылған.  Шығармашылық  ӛнер  –  ӛнер  иелері  үшін  мазасыз 
ізденіс, еңбек, бейнет. Мәшһүр осы ақиқатты екі-ақ жолға сиғызған: 


128 
 
 
Жаныма тыныштығы жоқ, ӛзіме қас, 
Бұлбұлдай жұртқа жағып, сайрағаным. 
 
Ақынның ақындық талант, дарыны мен ӛнерпаздық қуатына бір мысал: 
 
Орынсыз жындылық деп күлмегейсің, 
Кӛңілді дүние кӛріп бӛлмегейсің. 
Мың түрлі жақсы мінез кӛрсең дағы, 
Кісіге сыналмаған сенбегейсің. 
 
Бұл  –  “Қалмады  ойлай-ойлай  басымда  ми”  ӛлеңінен  алынған  шумақ.  Ӛте 
сәтті шыққан ұтымды ой. Мәшһүр ӛлеңдері мазмұндық терең тағылымымен 
де “жүрекке жылы тиіп” кӛңілге терең ұялайды. “Тілге жеңіл” қарапайымдық 
ӛлең бойына ерекше жылылық дарытқан. Азамат ақынның жүректен шығып, 
жүрекке  жеткен  ӛлеңдерінің  қадір-қасиеті  –  Мәшкеңнің  азаматтық 
тұлғасымен тығыз байланысты. 
 
Не боларлық сабаздар жүр ғой ӛспей, 
Ӛмір бойы желкеден жауы түспей. 
Мен кӛрмесем, кейінгі жауы кӛрер, 
Дәметейін түңіліп үміт кеспей. 
 
Осы  ӛлеңі  ақынның  “68  жасында  сӛйлеген  сӛзі”  екен,  яғни  1926  жылы 
жазылған.  Азаттық  әпереді  деп  сенген  Қазан  тӛңкерісінен  кейінгі  қазақ 
баласының ой қорытындысын осылай береді Мәшекең. 
Мәшһүр  Жүсіптің  әдеби  мұрасы  кезінде  идеялық  қайшылығы  бар  деп 
саналып,  саралауға  келгенде  талас  тудырмай  қойған  жоқ.  Алайда 
М.Әуезовтің  тӛмендегідей  тұжырымды  сӛзі  сол  тұста  орын  алған  әр  түрлі 
кереғар  ой-пікірлерге  жӛн  сілтеген  түзу  сӛз  болды:  “Мәшһүрдің  ұзақ 
ӛміріндегі шығармашылық жолының да талай-талай кезеңдері болған. Соны 
ескеру қажет еді. Ол кейде патшалықты жақтаса, кейде халықтық сарынға да 
жақындаған. 1905 жылғы  патшаның  манифесінен үміт  етіп  сӛйлеген  кезі  де 
бар. Бұл тарихтың заңды жайлары, бұндай кезеңдерді мінеудің қажеті жоқ”. 
Мұны Мәшһүр Жүсіпті түгелдей ақтаудан гӛрі, ғұлама суреткердің заман 
салқынының  әсерін  ескере  отырып,  ақын  жанын  терең  түсінуі  деген  жӛн. 
Қалай дегенде де әр ақын – ӛз заманының түлегі. Оған ӛзі ӛмір сүрген дәуір 
лебі  жанасып  ӛтпеуі  мүмкін  емес.  Ӛз  заманының  озық  ойлы  азаматы  – 
Мәшһүр  Жүсіп  шығармалары  халықты  білім-ғылымға,  ағартушылыққа, 
еркіндік  аңсаған  азатшылдық  рухқа  шақырды.  Ӛз  оқырманының  жүрегіне 
ақын ретінде адамшылық дәнін екті. 


129 
 
Мәшһүр 
шығармашылығының 
тақырыптық, 
идеялық 
бағытын 
бағдарлағанда  түйер  ой  мынау:  Мәшһүр  Жүсіп  Кӛпеев  –  діни-ағартушы 
ақын. Бірақ ақынның діни-ағартушылық идеясы мен азатшылдық идеясы бір-
бірімен  тығыз  байланысты.  Олар  бірін-бірі  алға  жетелеп,  бүкіл 
шығармашылығының ӛн бойына желі боп таратылып жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет