Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет45/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   144
Халайық: аманы бар жаманы бар, 
Кӛп малдың жүйрігі бар шабаны бар. 
Біреу жылап, біреулер күлген заман, 
Жан бола ма таймайтын табаны бар? 
 
Мысал  ӛлеңде  ақынның  таза  діни  кӛзқарастары  да  жүйесін  тауып 
орныққан, Тырна сӛзіндегі: “Табанды, тұрақтаулы жалғыз Құдай”, “Тұр тауы 
– Мұса кӛрген хақтың нұрын, бейіштен құл алар орын”, “Бір тосу хақтан даяр 
тұр екен сол” және Мәшһүр сӛзіндегі: “Сӛз басы – құдай сӛзі” – деген жолдар 
осыған дәлел бола алады. Тағыда Абаймен үндестік. “Әуелі аят, хадис сӛздің 
басы” дейтін ұлы ақынның дана-лығы, Мәшһүрде қайта жаңғырған. 
Ал  Сүлеймен  пайғамбар  мен  тоты  құс  арасынан  ӛрбитін  оқиға  да  айтар 
тәрбиелік  талабының  құндылығымен  ерекшеленеді.  Тотының  торға  түскен 
күйінен  –  қараңғылықтың,  “азапты  оттың”  ішінде  жүріп  күйзелген, 
бодандыққа  кіріп,  кіріптар  болған  еркіндікке  апарар  жол  таппай  торыққан 
халықтың  аянышты  халін  сезінеміз.  Қалай  дегенде  де,  Мәшһүр  ақынның  ӛз 
шығармашылығына  негізгі  тірек  еткен  –  азатшылдық  идеясын  барлық 
туындыларында жалғастыра дамытып отырғандығын байқаймыз. 
Мәшһүр Жүсіптің қазақ халқы жайкүйіне айрықша тоқталған мысал-ӛлеңі: 
“Сәйгелді,  сона,  бӛгелек  туралы”.  Мұның  қысқаша  мазмұндық  желісі: 
сәйгелді, сона, бӛгелек секілді жәндіктердің ӛздеріне кӛбелекті халфе сайлап, 
мекен-жай  іздеп  дамыл  таппай,  тӛңіректі  кезуінен  ӛріс  алады  да,  әрі  қарай 
сәйгелдің  сиыр  сауырынан,  сонаның  түйе  терісінен,  бӛгелектің  жылқыдан 
жай  тепкендіктерін  айтады.  Ақын  мысалдағы  аңдар  мен  ұсақ  жәндіктерді 
мысалға ала  отырып,  ел  тұрмысының келеңсіз  тұстарын  әшкерелейді,  соған 


133 
 
жаны  күйзеле  толғанады.  Үшеуге  халфе  болған  кӛбелек  бейнесі- 
нен ел ішіндегі дағара сәлделі дүмше молданың бейнесін танимыз: 
 
Қазақтың молдасы бар кӛбелектей, 
Жүреді қайда от болса тӛңіректей. 
Дайын жоқ, тұрақ та жоқ, ойсыз, мисыз, 
Ұшады тек жел болса, ебелектей. 
 
Отты айналып ұшқан кӛбелекті бейнелеу арқылы ақын ӛлім тілеп, жемтік 
іздеген,  ел  қамынан  ӛз  қамын  кӛбірек  ойлайтын  “Кітапты  теріс  оқыр” 
молдаларды  келемеждейді.  Қазақ  халқының  соры  білімі  аздығы  екендігін 
айта  отырып,  осы  халден  ӛрісін  кеңітіп,  етегін  кеңге  жайған  тұрпайы,  теріс 
мінез-құлықтарды сынға алады. 
Қазақ халқының сәйгелді қуған сиыр секілденген ісінде береке жоқ тірлігін 
жаны  қинала  ӛлеңге  қосады.  Аталған  мысалда  ақын  елінің  енжар-бейжай 
қалпына қиналып, халқының кері кеткен ұнамсыз қылықтарын аяусыз әшке-
релейді. 
 
…Қазақтың хаққа мағлұм білімі азы. 
…Ӛнерден қазақ қолды ерте жуған. 
…Талап қып ұмтылмайды не керекке. 
Кӛз салып қарамайды тӛңірекке. 
 
Ӛзі  ӛмір  сүрген  дәуір,  заман  легіндегі  халқының  рухани  деңгейі  мен 
мәдениетіне  кӛңіл  толмауы  себепті  талай  ақындар  ұлтының  кейбір  кесірлі 
мінездерін  сынау  арқылы  ащы  да  болса  шындықты  айтып,  тәрбиелік 
ғибратын қалдырып кеткен жоқ па?! Ғұлама Абайдың: 
 
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, 
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. 
Жақсы менен жаманды айырмадың, 
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың – 
 
деген  ӛлең  жолдары  осындайдан  туғаны  анық.  Осындағы  Абайдың  “Жақсы 
менен  жаманды  айырмадың”  деуінде  елінің  “ӛз  басындағы  шоқты  кӛрмей, 
ӛзгенің басындағы отты кӛрген” кері кеткен мінезі мен ездігіне қайғырып, ел 
қамын  ойлаған  асыл  азаматтың  арман-тілегі  жатқан  жоқ  па?!  Сол  секілді 
Мәшһүр  Жүсіпте  қазақ  елін  тұмшалаған  бүкіл  қараңғылық  қыспағынан 
шығып, болашақтың жарық күніне ұмтылуға шақырады. 
Мәшһүр  Жүсіптің  тәлім-тәрбиеге  бағытталған  мысал-ӛлеңінің  бірі  – 
“Шайтанның  саудасы”.  Оқиға  Ғайса  пайғамбардың  базарға  бара  жатқан 


134 
 
керуеннің  басында  бес  есек  пен  он  қашырға  толы  жүк  артқан  шайтанды 
кездестіруінен  ӛріс  алады.  Оқиғаға  негіз  болған  образдардың  бірі  –  Ғайса 
пайғамбар, екіншісі – құдайдың қарғысына ұшыраған тылсым жауыздық пен 
зұлымдықтың  бейнесі  ретінде  таныс,  діни  кітаптардағы  Ібіліс,  Лағын  деген 
аттарымен  белгілі  –  Шайтан.  Ақын  мұнда  жақсылықты  жасаушы  мен 
жамандықты  жақтаушы  арасындағы  сӛз  қақтығысы  арқылы  шығарманың 
айтар ойы мен идеялық мақсатын айқындай түскен. Шайтан бейнесі арқылы 
Мәшһүр Жүсіп Кӛпеев адамдар бойына үйір еткен қастық пен жауыздық т.б. 
жамандықтарды таратушы тылсым күш иесін кӛрсетеді. Сол арқылы адамдар 
арасындағы  алауыздық,  зұлымдық,  қызғаншақтық,  ӛтірік,  ғайбаттық  ӛркен 
жайғандығын  меңзеп  және  ел  ішінде  соны  таратушыларды,  әзәзілдің  тіліне 
ергіштерді  ӛткір  сынға  алады.  Онысы  мысал  жанрының  табиғатына  сай, 
орынды  шыққан.  Ақын  зұлымдықтың  сипатын  зұлым  күш  иесінің  ӛзіне 
айтқызады. Шайтан:  
  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет