Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет43/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   144
 
Мысалдары мен дастандары 
 
Мәшһүр  Жүсіп  Кӛпеев  ӛлең,  толғаулармен  бірге  мысалдар  да  жазған. 
Оларда  да  жоғырадағы  тақырыптар  сӛз  болып,  сол  идеялық  ой  жалғасын 
табады.  Мысал  ӛлеңдер  аса  шеберлікті  қажет  ететін  талғам  мен  таным 
тереңдігін ақын алдына кӛлденең тартатын, белгілі бір сюжеті бар, оқиғалы 
қиын  ӛлең  түрі.  Сондықтан  да  мұнда  қоғамның  ең  маңызды,  күрделі 
мәселелері  бой  кӛтеріп,  ӛткір  қойылады.  Мысалда  ақын  тарапынан  қалың 
қауымға  арналар  ғибрат,  үлгі-ӛнегені  насихаттау  секілді  дидактикалық  мән 
басым болады. 
Ақынның  “Жарты  нан  хикаясы”  атты  мысал  ӛлеңі  ӛзінің  терең 
мәнділігімен де, айтар ӛсиетінің ӛресімен де құнды. Бұнда бір жолаушы жол 
үстінде  жатқан  сандыққа  кезігеді,  қуана  аузын  ашып,  ішіндегі  жылтырап 
жатқан  кӛздің  жауын  алардай  алтынды  қолға  алғанда,  әуелі  ол  жыланға, 
соңырақ ӛсе кеп ӛзін жұтуға ұмтылған айдаһарға айналып шыға келеді. Әрі 
қарай  жолаушыға  отыз  кісі  жолығып,  кӛмектесуге  дәрменсіздік  танытады, 
осыдан кейін жолыққан бес адамның да қолынан да ештеңе келмейді. Ақыр 
аяғында жолаушы 
 
“Кеттім ғой су түбіне!” – деп тұрғанда. 
Селтеңдеп бір жарты адам шыға келді, – 
 
дейді  ақын.  Бүтін  де  емес,  жарты  адам  отыз  кісінің  қолынан  келмеген  істі 
атқарып,  ақылымен  айдаһарды  қайта  сандыққа  кіргізеді.  Сонда  оның  бұл 
ісіне  таңқалған  жолаушы  жарты  адамнан  мұның  мәнін  сұрағанда,  ол 
Айдаһардың нендей нәрсемен астасатынын былайша түсіндіреді: 
 
Жамандық алтындай боп түсер кӛзге, 
Қызықты нәрсе жоқ боп онан ӛзге. 
…Жамандық қайдан туар, тілден туар, 
Әркім де ақыл болса тілін буар. 
Шығарсың бір жаман сӛз сен аузыңнан, 
Артыңнан айдаһар боп сені қуар. 
 


130 
 
Алғашқы екі жолда жамандықтың алтындай боп жататынын айту арқылы 
Мәшһүр Жүсіп адамның жарқыраған жалған нәрсеге әуестігін, ӛзінде барды 
місе  тұтпай,  ӛзгедегіге  қызыққаннан  опық  жейтін  мінезін  міней  кӛрсетеді. 
“Басқа  пәленің  тілден  екендігін”,  ойланбай  айтқан  сӛздің  салмағы  ауыр 
екенін  аңдатады.  Осыдан  келіп,  ақын  адамгершілікті,  имандылықты 
дәріптейтін ойларды “жарты” бейнесі арқылы жеткізеді: 
 
Оразаң отыз күнгі – отыз кісің, 
Бес кісі – бес намазың білемісің. 
Жоқ қылып жамандықты жойылтуға, 
Бұлармен дәнемеге келмес күшің. 
…Танып қой, танымасаң мен боламын, 
Дүниеде қылған қайыр – жарты наның! 
 
Мұнда ақын отыз күндік ораза, бес уақыт намаз секілді діни парыздардан 
қайырымдылық істің әлдеқайда артық екенін айтады. Осы арқылы ақын діни 
парыздар  мен  шынайы  кісілік  мінез,  іс-әрекеттің  бірлігі  қажеттігін 
насихаттайды. Мұның астарында дін шарттарын мүлтіксіз орындайтын, бірақ 
адамгершілігі аз жандарды ізгілікке шақыру жатқаны айқын. 
Мәшһүр  Жүсіп  түйген  ой  түйіні  –  діннің  ғибадаттары  мен  ӛмірдегі 
адамдық  істің  бүтіндігі,  бірлігі.  Тіпті  адамдық  негізі  –  осы  екеуінің 
ажырамастай бірлігінде жатыр деген тұжырымда. Бұл – кез келген кісі мәнін 
бағамдай бермейтін, ӛте қарапайым болса да ӛмірлік мәні бар түйін. Мәшһүр 
ӛлеңдері осындай терең тәлімімен де құнды. 
Мысал ӛлеңнің табиғатына тән ерекшеліктеріне сай осы ӛлеңінің аяғында 
Мәшһүр  ӛзінің  авторлық  кӛзқарасын  білдіреді.  Онда  “Дүниеде  қылған 
қайырықсанның”  тар  жол  тайғақ  кешуде  алдыңнан  шығатынын  аңғартатын 
мәні терең, тәрбиелік тәлімі салмақты данагӛйлік ой тұжырымдалады: 
 
Бозбала, бір кӛрерсің ӛлім бетін, 
Тіл алсаң ӛлім бетін кӛрмей күтін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет