158
қалдырса, Шәкәрімдегі еңбек ізденіспен тығыз байланысты. Шәкәрімдегі ой
“Инемен құдық қазғанды” меңзейді. Және ол үнемі алға ұмтылысты
жақтайды, соған үндейді. Оған үлгі ретінде Абай жолын ұсынады.
Шәкәрімді ақын ретінде де, дана ойшыл ретінде де толғантқан, тұңғиық
ойдың тереңіне тартқан тылсым сырдың бірі – “ӛмір” ұғымы. Ол ақынның
“Дүние мен ӛмір”, “Ӛмір”, “Тумақ, ӛлмек – тағдырдың шын қазасы”, “Ӛмір
сырын кӛздесең”, “Анадан алғаш туғанымда”, “Үш-ақ түрлі ӛмір бар…”
ӛлеңдерінің тақырыбына арқау болған. Қашанда болмасын, қай заманда
болмасын ақындар адам ғұмырына ӛз ӛресі жеткен биіктен ой жіберуге
тырысып-ақ баққан. Ежелгі жыраулар мен жыраулық толғам мен ақындық
айқындықты ұштастырған Бұқар толғауларынан мұны айқын байқаймыз.
Шәкәрім де бұдан тыс қала алмайды. Дүниеге келу мен кетудің мәні не де?..
Ӛмір соңы ӛкініштен тұра ма?.. Ӛкінбестей айла бар ма?.. Міне, Шәкәрімді
толғандырған осы сұрақтар. Адам баласының дүниеге келуінің ӛзінен
Шәкәрім оның ӛмір жолының бар мәнін ашып береді.
Анадан алғаш туғанымда,
Жыладым неге дыбыстап? –
деп басталатын ӛлеңінде ақын адам ӛмірінің мың құбылған астарлы сырына
үңіледі. Сәбилік түйсік пен есейген сезімнің тоғысынан ӛмір атты ұлы
ұғымның мәнін ашуға ұмтылады. Әлгі сұрақтың жауабы қандай болмақ?
Жауабы мынау:
Достарыңызбен бөлісу: