164
Қалқаман, осы саған қоштасқаным,
Денемді емес, жанымды беріп тұрмын.
Қыз жанының нәзіктігі, сезімталдығы, оның ішкі рухы осы сӛздердің ӛн
бойынан тӛгіліп тұрған жоқ па? Яғни Шәкәрім кейіпкерлердің сӛз қатысын
олардың бітім болмысын ашуға оңтайлы пайдаланып, сол арқылы
кейіпкерлерінің жан-дүниесіне терең бойлаған. Сүйгеніне деген адалдыққа,
махаббат атты ұлы сезімге деген пәктікке Мамыр ӛмірінің соңына
дейін берік
болады. Ағасы Кӛкенайдың қолынан қаза табар сәтте қайсарлығын, ӛжеттігін
сақтап қалуы оның бейнесін биіктете түседі. Ол ӛзінің ажал алдында
тұрғанына ӛкінбейді, тілегі тек Қалқаманның амандығы.
– Кӛкенай, қорғамаймын, сӛзіме бақ,
Ісім жӛн, бір құдайға кӛңілім хаһ.
Мойныңа менің қаным халал болсын,
Болма енді Қалқаманның қанына ортақ.
Кешікпей мен ӛлемін, сен тірісің,
Іс емес құдай кешер қылған ісің.
Ӛлтіртпе, тілегім сол, Қалқаманды,
Барасың тәңір алдына, білемісің?
Мамырдың осы соңғы сӛзінде ӛз ісіне ӛкіну жоқ. Тек тағдырға
мойынсыну бар. Ол ӛзінің адалдығына сенімді, махаббат атты ұлы күштің
құдіретіне шырмалып, құрбанға шалынғанын жақсы түйсінеді. Осы қасіретті
оқиғаның құрбаны жалғыз ӛзі ғана болуын қалайды. Сондықтан да оның
аузы-нан шыққан соңғы сӛз “Қалқаман, аман бол!”.
Поэмадағы Қалқаман – шыншыл бейне. Оның ӛзгелерден артылып, кӛзге
ұрып тұрған ерекшелігі жоқ. Ол – шыншылдығымен, қарапайым жан
ретіндегі іс-әрекетімен сүйсіндіретін кейіпкер. Қалқаман – Мамырға шын
ғашық жан. Ӛз тілегіне орай, қыз келісімін алған жігіт, алдағы қиын-қыстау
күндердің, тартыс-таластардың боларын біле тұра, күрт шешім қабылдап,
берік байламға келеді. Сӛйтіп, Мамырды алып қашады. Бұл – Қалқаман
бейнесінің ірі қимылға барар азаматтық тұлға екенін байқататын бір кӛрініс.
Қалқаманның Мамырдай аруға тең, Мамыр махаббатына сай тұлға
екендігін танытатын екінші бір кӛріністі Шәкәрім поэма соңында береді.
Мәмлеге келмеген Кӛкенай ақырында садақпен атып, қара санынан
жаралағанда, “Мамырдан қалған жанның керегі не” деп, басын оққа байлаған
Қалқаманның аман қалғанын кӛріп, “А, құдайлап” шауып келген құрбы-
құрдасына ол былай дейді: