Жалпы сөйлеу тілінің дамымауының үшінші деңгейінде сөйлем құрылысында лексика – грамматикалық және фонетикалық – фонематикалық элементтердің жетілмейтіндігін сипаттайды. Мектеп жасына дейінгі балалар айналасындағылармен сөйлесе алады, бірақ қанша дегенмен де өзінің айтайын деген ойын анықтап түсіндіре алмайды. Тіпті бала дұрыс айта алды-ау деген кейбір дыбыстардың өзі де өздігінен сөйлегенде жеткілікті түрде анық шықпайды.
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауының төртінші деңгейіндебаланың байланыстыра сөйлеу тілі әлі де жеткіліксіз. Бала өз ойын білдіру үшін таныс әрі жиі қолданатын сөздерді пайдаланады, сөйлемдерінде аграмматика кездеседі.
Қазіргі кезде ресейлік және отандық логопедтер жалпы сөйлеу тілі дамымауының төртінші деңгейін де белгілеп отыр:
Сөйтіп жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың бірінші деңгейін былай сипаттауға болады:
1. Сөздік қоры жоқтың қасы. Былдырлап түсініксіз айтылған сөздерден, басқа дыбысқа еліктеген дыбыстардан (Р - р - р, ш - ш - ш) күнделікті қолданатын кейбір оңай сөздерден тұрады (ту - су).
2. Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі баланың енжар сөз қоры пайдаланатын сөз қорынан едәуір молырақ болады, бірақ сөз түсінігі тым аз.
3. Байланыстырып сөйлеу қабілеттері мүлдем дамымаған.
4. Сөздің, дыбыстың буынның құрамын сақтап қайталау қабілеті дамымаған.
Кейбір грамматикалық тұлғаларды ажыратылуы бір мезгілде байқалады. Бірақ бұл тек екпінді жалғауына түскен сөздерге және тек кейбір грамматикалық категорияларға қатысты болады. Бұл үрдіс әлі де болса едәуір тұрақсыз екендігін сипаттайды және бұндай баланың сөйлеу тілінің дамуы қатты тежелгендігі анық байқалады.
Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қоры кедей, ол өзі білетін заттардың аттарын атаумен және қимыл іс әрекеттерін айтып берумен ғана шектеледі.
Бірінші деңгейдегі балаларға қарағанда суретке қарап және сұрақ бойынша әңгімелеуі қарапайым, әрі қысқа болғанымен грамматикалық құрылысы мен сөз тізбегі біршама дұрыс. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының жетілуі қанағаттанарлық емес екендігі сөйлеу материалы күрделенген кезде немесе баланың өзі бұрын сирек естіп, аз қолданған сөздер мен сөз тіркестерін айту қажет болып қалған жағдайда оңай білінеді.
Мұндай балалар септік жалғаулар мен көпшіл түрін білдіретін жалғаулардың мағынасын жете түсінбейді. Жұрнақ, жалғауларды пайдаланып сөз өзгерту кездейсоқ жағдай, сондықтан да пайдаланған әр түрлі қателерді көп жібереді. Сөзді тармағында жиі қолданады, ауызша талдап қорыту дәрежесі өте қиын. Тұлғалары, қолданылуы немесе тағы басқа белгілері ұқсас бірнеше заттарды бір сөзбен айту мүмкін. Мысалы: шыбынды, қоңызды, масаны, араны, көбелекті – бір жағдайда осылардың барлығын тек біреуінің ғана атымен атайды, ал екінші бір жағдайда тағы басқа біреуінің ғана атымен атайды. Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалар заттың атын білдіргенмен, оны құрайтын бөлшектерін атауға келгенде қиналады (ағаштың бұтағы, жапырағы, түбірі, тамыры) ыдыс - аяқтардың, жануарлардың төлдерінің аттарын білмейді. Міне осының бәрі бұндай балалардың сөздік қорының тым кедей екендігін көрсетеді.
Заттың атын, түсін, тұлғасын, белгісін білдіретін сөзді орнымен дұрыс қолдануды әр уақытта толық біле бермейтіндігі байқалады. Қолданудағы қимыл іс-әрекетті әртүрлі, тұлға ұқсастығы жақын атау сөздерді шатастырып орын ауыстыруы жиі көрініп қалады (кесу - керту, қашау - қажау), грамматикалық тұлғаларды қолдануда өрескел қателерді жібергендігі арнайы тексеру кезінде белгілі болады.
2. Сөздің жекеше, көпше тұлғаларын және етістіктің түрлерін қолданудағы қателер.
3.Зат есімнің жекеше, көпше түрлерінің өзгеруі кезіндегі (қиярдар - қиярлар)
Буындар мен дыбыстардың орын ауыстыруы, ұқсас буындардың алмастырылуы, қатарласып келген дауыссыз дыбыстардың орналасу заңдылықтары бұзылады. Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар екінші деңгейіндегі балалар:
1. Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалардың белсенді сөз қоры зат есім, етістік, сын есім, үстеу сөздерімен толықтырылады.
2. Сәтсіз болса да бұл деңгейдегі балалар септік жалғаулар мен жұрнақтарды пайдалана бастағаны байқалады.
3. Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалар сөзді байланыстырып сөйлей бастайды.
4. Сөзді түсіну жетіледі, белсенді және енжар сөздіктері толығады.
5. Әлі де көп дыбыстарды және кейбір сөздерді дұрыс айта алмайды.
6. Дыбыстық талдау, жинақтау әдістерін игеруге дайын еместігі байқалады.
Тап осы фонематикалық топтағы екі немесе бірнеше дыбыстарды бір дыбыс немесе бірнеше дыбыстарды бір дыбысы бір мезгілде алмастырған кезде дифференцияланбаған дыбыстардың айтылуы өзгеше болады (негізінде ысқырып және ызыңдап шығатын, аффрикат, мұрын дыбыстары) Мысалы: сәй - шәй, сәне - шана, қал - қар, ер - ел.
Сонымен бірге балалар барлық сөз таптарын пайдалануды, грамматикалық құрылымының қарапайым түрлерін қолдануды үйренеді, салалас құрмалас пен бағыныңқы құрмалас сөйлемдерді құрастыруға тырысады. Мысалы: Айдал мектептен келді де шабағын оқуға отылды.
Баланың тілі жетіліп жаңа дыбыстармен толықтырылған әртүрлі буындары бар сөздердің айтылғанда сөздегі дыбыстардың дұрыс, дұрыс емесін және олардың бұзылу ерекшелігін айқындауға болады, сөз тіркесін байланыстырып сөйлеу мүмкіншілігі артады. Бала өмірден алған тәжірибесінің нәтижесінде күнделікті тұрмыстағы өзіне жақсы таныс болып қалған заттың атын, түсін, тұлғасын, сапасын, белгісін және хал - жағдайын сөйлеп беруге енді бұрынғыдай қиналмайды. Олар өздерінің үй іші туралы, өзі және достары туралы, айналасында болып жатқан тіршілік туралы емін – еркін әңгімелеп бере алмайды, қысқа әңгімеге құрастырады.
Алайда сөйлеу тілінің қалпын жан - жақты мұқият тексерген кезде тілге қатысты жүйенің (лексикалық, грамматикалық, фонетикалық) бір бөлігінің толық дамымауын айқындайтын көріністі көруге мүмкіндік туады.
Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар бала ауызша сөйлескенде өзінің тілі келмейтін қиын сөзді, нақты сөз тіркесін айтпауға тырысады. Егер осындай балалардың алдарына шарт қойса, онда сөздің және грамматикалық категориялардың қандайын болса да міндетті түрде пайдаланады да, сөйлеу тілінің дамуындағы кемшіліктер айтарлықтай анық көрінеді.
Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар бала сөзді емін - еркін қолданып сөйлегенімен, сөйлеу тілі дұрыс дамыған қатарластарына қарағанда өздігінше сөйлем құрастыру кезінде үлкен қиындық көреді.
Әдеттегідей қиыстыру мен меңгеру қателерінен шығатын аграмматизмдерді дұрыс құрастырылған сөйлемнен де кездестіруге болады. Бұл қателер тұрақты сипат бермейді: грамматикалық тұлғалардың немесе категориялардың әр түрлі жағдайлары дұрыс та, бұрыс та қолдануы мүмкін.
Құрмалас сөйлемді жалғаулығымен және жалғаулықты сөзімен құрастырған кезде қателер жіберілетіні байқалады. Бала сурет бойынша сөйлем құрастыру кезінде қатынасушы кісіні және қимыл іс - әрекеттің өзін жиі көрсетіп дұрыс атап отырса да, сөйлем құрамына қатынасушы кісінің пайдаланған заттың атын кіргізбейді.
Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалар барлық сөз таптарын пайдаланады, грамматикалық құрылымының қарапайым түрлерін қодануды үйренеді, салалас - құрмалас пен бағыныңқы құрмалас сөйлемдерді құрастыруға тырысады.
Сөздік қорының едәуір өскеніне қарамастан, лексикалық мағынасын толық білмейді (шынтақ, білек, өзен, көл, бұлақ) бірнеше сөздерді дәл түсінбейді және дәл қолданбайды (кесу, қию, пішу)
Лексикалық қателердің ішіндегі келесілерді жатқызуға болады.
1. Заттың атын сол заттың бөлшегінің атымен алмастыруы (машина - «дөңгелек», ат - «тұяқ»)
2. Мамандықтың атын сол мамандықтың іс - әрекетін айтады. (дәрігер - укол салады, жүргізуші - машина айдайтын аға)
3. Тексттен заттардың меншікті аттарын атамай олардың сыртқы түрлерінің ұқсатығына және тұрмыстағы қолдануларына қарап жалпы атауларымен атайды (қой - мал, қаз - құс, алма - жеміс).
4. Көлемін білдіретін белгілерінің орнын алмастыру (биік, ұзын, үлкен, дәу, қысқа, жуан)
Орыс тіліндегі зерттеулердің нәтижесіне қарағанда сөйлеу тіліндегі грамматикалық қателердің ішіндегі көп кездесетіндері:
Сын есімнен зат есім сөздердің жекеше, көпше түрлерінде және
септіктерде дұрыс қиылыспайды.
- Сан есім зат есіммен дұрыс қалыптаспайды.
- Жалғауларды қолданғанда кететін қателер: түсіп қалуы, алмастырады, толық айтпайды.
Сөздің көпше түрінде септік тұлғаларды қолданғанда кететін қателер.
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауының үшінші деңгейіндегі балаларда сөйлеу тілінің фонематикалық жағы жасының мөлшерімен салыстырғанда артта қалуы байқалады. Сөз ішіндегі дыбыстардың түсіп қалатын тұрақты қателері, қиын күрделі сөздердегі буындардың бұзылуы байқалады: велосипед - сипед, Республика - испублика.
Фонематикалық есту қабілетінің нашар дамуының салдарынан сөздің дыбыстық талдауы және жинақтау бұзылған.
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауының үшінші деңгейінің сипаттамасы:
- Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар бала байланыстыра сөйлегенде кейбір сөздерді білмейтіндігі және дұрыс қолдана алмайтындығы байқалады. Сөздік қорында зат есім, етістік көп кездеседі де сын есім, үстеу таптары аз кездеседі.
-тілдің грамматикалық жағының дамымағаны байқалады. Септік жалғауларды жұрнақтарды қолдануда қате жібереді. Сөз жасау қабілеті мүлдем дамымаған.
-сөйлегенде көбінесе тек жай сөйлемдерді қолданады, құрмалас сөйлемдер сирек кездеседі.
-бұл деңгейдегі көптеген балаларда сөздің буындарын дұрыс айтпау кемшіліктері сақталады да дыбыстық талдау, жинақтау әдісін меңгеруде қиындық туғызады.
А.В. Ястребова [7,56б.], Т.Б. Филичева [5,60б.], Г.В. Чиркинаның [6,29б.] мәліметтері бойынша жалпы сөйлеу тілінің дамымауының үшінші деңгейі 5 - 6 жасар балаларда жиі кездеседі, бұл фразалық сөйлеу тілінде лексика - граматикалық және фонетикалық - фонематикалық дамымауымен сипатталады.
Сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілі компоненттер жүйесінде дыбыс айтуы күрделі бұзылған деп Л.Ф Спирова [16,38б.], А.В Ястребова [7.52б.], Т.Б.Филичева[5,66б.]] айтты.
Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалардың дыбыс айтуы қалыптаспағандықтан оларда сөз құрамындағы дыбыстық талдау мен жинақтауы толық дамымаған және оқу мен жазуды меңгеруіне тікелей әсер етеді. Көптеген авторлар Р.Е.Левина [14,53б.], Т.Б. Филичева [5,79б.] сөйлеу тілі дамымаған балалардың коммуникативті дағдыларының қалыптасуындағы қиындықтар орын алатынын дәлелдеген. Қарым - қатынас жеткіліксіздігі өз алдына танымдық және сөйлеу-ойлау әрекетіндегі қиындықтарға алып келеді.
Сөйлеу тілінің тежелуі бар, яғни сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларға қарым - қатынас жасау қажеттілігінің төмендігі, диалогтық және монологтық сөйлеу тілдерінің қалыптаспауы, қатынас жасауға қызығушылығының жоқтығы, қатынас жағдайында бағдарлау білігінің аздығы тән.
Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар баланың өз бойындағы кемшілікке теріс көзқарасы, оның қарым-қатынасқа тез түсуіне кедергі болады. Баланың жетілмеген сөйлеу тілін дамытуға бағытталған логопедиялық жұмысты ұтымды ету мақсатымен, түзете - оқыту жұмысы мазмұнында мектеп жасына дейінгілердің коммуникативтік біліктілігін өсіруді алдын – ала қарастырған жөн.
Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалардың барлығына жалпы моторикасының икемсіздігі, оптика - кеңістік гнозисының бұзылуы тән. Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалардың негізгі қимыл біліктері мен дағдылары жеткіліксіз қалыптасқан, қимылдары ырғақты түрде ұйымдастырылмаған, қимыл тежелуі жоғары, қимылды есте сақтауы мен зейіні төмен.
Сонымен жалпы сөйлеу тілі дамымаған қазақ тілді балалардың дыбыс айтуын тексеру барысына тоқталатын болсақ көбінесе ызың, ысқырық, сонор дыбыстарының жиі бұзылатыны байқалады. Қазақ тіліне тән дыбыстардың ішінде ң, қ, ұ, ү фонемаларын алмастыру, шатастыру жиі кездеседі. Сонымен қатар балалардың фонематикалық қабылдау деңгейі өте төмен екені, ал дыбыстық талдау дағдыларының қалыптаспағаны анықталды.
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларды тексеру сөйлеу тілін тексерудің жалпы қағидаларын ескере отырып жүргізіледі (кешенді, жан-жақтылық, жүйелілік, динамикалық т.б.).
Сөйлеу тілін тексеру үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – бағдарлау. Логопед бұл кезеңде баланың құжаттарымен танысады, ата-анасымен әңгіме барысында анамнез жинақтайды.
Екінші кезеңде логопед баланың сөйлеу тілінің барлық компоненттерін тексеріп сөйлеу тілінің қорытындысын анықтайды.
Үшінші кезеңде баланы оқу процесінде бақылау арқылы ақаулықтың байқалуын, өзгерістерін анықтайды. Тексерудің мазмұны және оны ұйымдастыру баланың сөйлеу деңгейіне байланысты болады.
Жалпы сөйлеу тілі дамымауының І-ші деңгейіндегі балаларды тексеру барысында сөз түсінігі, белсенді сөз қоры, сөйлеуге еліктеуі, екі сөзді біріктіріп айту мүмкіншілігі, артикуляциялық аппараттың қалпы анықталады. Сонымен қатар төмендегідей іс-әрекетін бақылау қажет: ойыншықпен іс-әрекетін; түрі, түсі, көлемі бірдей заттарды көріп сәйкестендіру; бөлшектерден бүтін құрау (кесілген суреттерден). Тексеруге қажетті құралдар: ойыншықтар, заттар, түрі, түсі әр түрлі пішіндер, балаға таныс тақырыптар (ойыншықтар, жануарлар т.б.) бойынша жеке, мазмұнды суреттер. Көрнекі құралдарды іріктеуде баланың жас ерекшеліктерін және нақты мүмкіншіліктерін ескеру қажет.
І деңгейдегі балаларды тексеру барысында баланың затты атауына (дыбыстармен, былдыр сөзбен, еліктеуіш сөзбен аф-аф, му-му, т.б.); олардың тұрақтылығына (затты атағанда тұрақты бір дыбыспен немесе былдыр сөзбен атай ма, әлде әртүрлі ме); санына (белсенді сөз қорында ондай дыбыс жиынтығы, былдыр сөздер қанша); буындарды, сөздерге еліктеу, оларды қайталау мүмкіндігіне, буындық құрамына көңіл бөлу керек.
ІІ деңгейдегі балаларды тексеру барысында сөз түсінігі, сөйлем көлемі және оның грамматикалық құрылымы, сөз өзгерту мүмкіндіктері, сөздің буындық құрамы, дыбыс айтуы, сөз қоры, артикуляциялық аппараттың қалпы анықталады. Қосымша сөзсіз іс-әрекеттері де тексеріледі. Сөз түсінігінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін сөзді, сөзбен берілген нұсқауларды, сөйлемді, мәтінді қолданады. Сөйлеу тілінің грамматикалық жағын тексеру барысында сөзжасам, сөзөзгерту, сөйлем құрау дағдылары анықталады. Бұл тапсырмаларды орындаудағы қиыншылықтарды, қателерді сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағының жетілмеуінің белгісі деп қарастыруға болады.
ІІІ деңгейдегі балалардың сөз бөлшектерінің (жалғау, жұрнақ) мағынасын түсінуі; қолданатын сөйлемнің түрлері мен мөлшері; ілеспелі сурет бойынша әңгіме құрау білігі; сөз өзгертуі; мағынасы қарама-қарсы сөздерді табуы; күрделі сөздердің буындық құрамының сақталуы; сөздің дыбыстық құрамын талдауы; дыбыс айтуы, артикуляциялық аппараттың жағдайы және баланың жалпы даму деңгейі (санауы, кеңістікті бағдарлауы, логикалық ойлауы, т.б.) тексеріледі.
Ерекше білімді қажет ететін балаларға мектепке дейінгі жастан түзете-дамыту көмегін ұйымдастыру міндеттеріне мүмкіндігі шектеулі баланың мәселелері, мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін мамандардың кешенді пән аралық тобының тексеруі; мектепке дейінгі жастағы дамуында сөйлеу тілі, көру және есту, қимыл-қозғалыс аппараты, эмоциональдық-ерік салаларында бұзылыстары бар, оқу, мінез-құлық пен қарым-қатынас салаларында қиындықтары бар және басқада әр түрлі ауытқулары бар балаларға оңалту, беймдеу және қоғамға ендіруге бағытталған медициналық-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық түзету көмегін кешенді түрде көрсету; ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі баланың жеке түзете-дамыту бағдарламасын (ЖДБ) құру және оны жүзеге асыру; мүгедек баланың жеке бейімдеу бағдарламасын жүзеге асыру; жеке, шағын топтық, топтық түрде түзете дамыту сабақтарын өткізу; отбасы жағдайында мүмкіндіктері шектеулі баланы тәрбиелеу мен оқыту туралы ата-аналарға (басқада бала тәрбиесіне жауаптыларға) кеңес беру, оқыту-ағарту жұмыстарын жүргізу; мүмкінді шектеулі балалармен жұмыс істейтін жалпы білім беру мекемелерінің педагогтарына балалардың психикалық және дене даму ерекшеліктері мен даму мүмкіндіктері, оқытудағы кездесетін қиындықтар туралы кеңестер беру мен әдістемелік басқару жұмыстарын жүргізу қажет.
Қазіргі таңда жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балаларының саны көбеюде. Бірақ бұл балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі ұйымдар жеткіліксіз. Республикамыздың әлеуметтік - экономикалық жағдайына байланысты жалпы тіл дамуының бұзылысын жоюға бағытталған ғылыми дәлеледенген әдістерді қайта құруды талап етеді.
Демек, бұл мәселенің әлеуметтік мағынасы бар екенін ескеріп, әлі толық ұйымдастырылмағандықтан жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалардың сөйлеу тілін дамытудың, соның ішінде байланыстырып сөйлеудің, сөздік қорын молайтудың тиімді жолдарын табу күттірмейтін мәселелердің бірі деп айтуға толық негіз бар.