Мазмҧны кіріспе


Тәржімадан туған тӛл туынды



Pdf көрінісі
бет18/27
Дата29.12.2016
өлшемі2,17 Mb.
#672
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27

Тәржімадан туған тӛл туынды 
 
Ахмет  Байтұрсынов  шығармашылығының  сүбелі  салаларының  бірі  – 
поэзия.  Бұл  –  негізінен  замана  талабы,  уақыт  сұрамынан  туындаған,  дәуір 
жүгін  арқалаған  творчестволық  ізденіс  жемісі.  Жалпы  қазақ  әдебиеті  ХХ 
ғасырдың  бас  кезеңіне  дейінгі  аралықта  жазба  әдебиетте  қара  сӛзбен  бірді-
екілі  дүниелер  ғана  болмаса,  негізінен  поэтикалық  туындылар  арқылы 
кӛрінеді. Бұған негіз ӛлеңнің оқырман мен тыңдарман жүрегіне жылы ұялар 
қасиеті,  ойдың  ұшқырлығы  мен  жинақылығы  болса  керек.  Ел  азаттығы 
жолындағы  күрескер,  білімге,  “жарық  күнге”  үндеуші  Ахмет  Байтұрсынов 
ӛзінің  алғашқы  жүрекжарды  туындыларында  осынау  тәсілді  таңдап  алуы  – 
уақыт  үніне  сай  болуды  кӛздеуден  туған  шара.  Бірақ  кӛңіл  аударар,  назар 
салар,  зерттеушілік  құлықты  қажетсінер  бір  мәселе  –  Ахаңның  басқалардан 
ӛзгерек  ӛзіндік  жол  табуы.  Бұл  –  оның  тұңғыш  жинағының  түгелдей 
аудармалардан  тұруы.  Орыстың  атақты  мысалшысы  И.А.Крылов 
творчествосына  зер  сала  үңілген  ақын,  оның  кӛптеген  шығармаларынан 
ӛзінің ділгір  қажеттілігін  тауып,  “Қырық  мысал”  деген  атпен  аудармаларын 
1909  жылы  Петерборда  бастырып  шығарды.  Бірақ  Ахаң  Крылов 

225 
 
мысалдарына  әрдайым  айналып  соғып  отырған.  1911  жылы  Орынборда 
шыққан “Маса” ӛлеңдер жинағына Крыловтан аударған үш мысалының енуі 
– бұған дәлел. 
В.Г.Белинский  Крылов  мысалдарын  кӛркемдік  қуаты  мен  саяси  идеялық 
салмағына қарай басты-басты үш топқа бӛледі. Бірінші топтағы мысалдарда 
оқиғаны баяндап қана шығып, ақыл айтумен шектеліп отырады. Бұл ретте ол 
ақын-моралист ретінде кӛрінеді. Яғни Хемницер, Дмитриев салған дәстүрден 
ұзай  қоймайды.  Екінші  топтағы  мысалдарда  –  ақыл  айтуды  поэзия  жеңе 
бастайды.  Ал  үшінші  топтағы  мысалдар  –  нағыз  сатиралық,  поэзиялық 
шығармалар
53

А.Байтұрсынов  Белинский  шартты  түрде  жіктеген  осы  үш  топтан  да 
мысалдар аударған. Бірінші топтан – он, екінші топтан – жиырма бір, үшінші 
топтан жеті мысал аударған. Оның бұлай етуіне себеп те жоқ емес. Ахметтің 
сол  кезде  алдына  қойған  екі  мақсаты  болды.  Біріншісі  –  әлі  де  болса 
қараңғылықтың  қалың  ұйқысында  мүлгіген  ӛз  халқына  ой  тастап,  білімге 
ұмтылдыру,  артта  қалу  себебін  ашып,  оның  басты  кесапаттарын  кӛрсету. 
Сондықтан  ол  қазақтың  ұғымына,  тыныс-тіршілігіне  сай,  кӛркемдігі  басым, 
ғибраты  мол  мысал  үлгілерін  таңдады.  Сол  арқылы  тек  жаттанды  ақыл, 
құрғақ  үндеумен  емес,  ой-сананы  оятар,  жұғымды  да  ӛтімді,  үлгілі  ӛлең 
жолдарымен  әсер  етуді  кӛздеді.  Сӛйтіп  мысал  мәтіннің  толық  сақталуына 
емес, оның ӛлеңдік қуатына, поэтикалық әсерлігіне басты назар аударды. 
Ахмет  Байтұрсыновтың  алдына  қойған  екінші  мақсаты  –  халықты 
қоғамдық-әлеуметтік  кӛкейкесті  мәселелерді  танып-білуге  үндей  отырып, 
азаттықтың  ақ  жолын  аңғарту,  бостандыққа  ұмтылуға  жӛн  сілтеу.  “Қырық 
мысалдағы” бұл астарлы мағынаны кезінде ӛз замандастары да жіті аңғарған. 
“Қырық мысал” қалың қазақ жұртының алғаш естіген тӛңкеріс рухының сӛзі 
еді
54
,  –  дейді  М.Әуезов.  Осы  тұрғыдан  алғанда  Ахметтің  Крыловтың  екінші 
және  үшінші  топтағы,  қоғамдық-саяси  сипаттағы  мәселелерді  кӛтерген 
мысалдарына айрықша мән бергенін байқау қиын емес. 
“Қырық  мысалдағы”  шығармаларды  тақырыбы  жағынан  үлкен  екі  топқа 
бӛлуге  болады.  Олардың  бір  тобы  оқу-білімге,  адамдық-азаматтық 
қасиеттерге  үндеу,  еңбекқорлыққа  тәрбиелеу,  елді  ынтымақ-бірлікке 
шақыруға  негізделсе,  келесі  тобы  елдің  елдігін  сақтау,  езгіде  қалған  елді 
азаттыққа, бостандық жолында күресуге үндеу болып келеді. 
Ел бостандығын аңсаған, оған қол жеткізудің жолын іздеген Ахмет үшін 
Крылов  мысалдарын  аудару  таптырмас  тәсіл  еді.  Отаршылдық  саясаттың 
озбырлығын  сезе  тұра,  патшалық  әкімдердің  қанаушылық  қаныпезерлігін 
кӛре тұра үндемей қалуды жӛн кӛрмей, ӛзегіне запыран болып жиналған ащы 
шындықты қалайда сыртқа шығаруға тырысқан Ахаң Крыловтан ӛзі екшеген 
“40 мысалға” жүгінді. 
Абай  аудармаларын  жан-жақты  терең  қарастырған  М.Әуезов,  ақын 
аудармасының  ерекшелігі  туралы  былайша  ой  түйеді:  “Алдыңғы  ақын 
                                                 
53
 Белинский В.Г. Собр.соч. в трех томах. Том -2. –М., 1948 .- С.716 - 718 
 
54
 
Әуезов М. Ахаңның елу жылдық тойы ⁄⁄ Ақ жол, 1923.  4 ақпан.
 

226 
 
сезіміне, әңгімесіне, ой толғауына сүйене отырып, ӛз ішінен де соған үндес 
қоғамдық  сыр  шығарып,  қосыла  күңіреніп,  қатар  шабыттанып  кетеді. 
Сондықтан  бұл  алуандас  ақындықты  құр  аударма  деп  қарамай,  Пушкин, 
Лермонтов,  Байрон  сарынымен  жазылған  шығармалар  деп  тану  керек”
55

Міне, осы бір пікір Ахмет шығармашылығын қарастырғанда негізге алынуға 
тиіс. Ахмет Крыловты аударуды мақсат тұтпай, ондағы тақырыпты, ой-ӛзекті 
ғана  алып  ӛзінше  еркін  жырлауға,  қазақ  ӛміріне  тығыз  байланыстыра 
отырып,  ой  айтуға  ұмтылған.  Ол,  әсіресе,  қазақ  ӛміріне  қатысты  ділгір  де 
дертті  мәселелерге  келгенде  ӛзіндік  бағыт  ұстанып,  негізгі  желіні  дамыта 
отырып,  жаңғыртып,  ӛз  уақытына  сай  мысалдың  ӛткірлігін  арттыра  түсуді 
мақсат еткенін аңғару қиын емес. 
Осы  тұрғыдан  алғанда  “Қырық  мысал”  жинағындағы  аудармалардың 
“Аққу,  Шортан,  һәм  Шаян”  мысалымен  ашылуы  Ахмет  үшін  белгілі  бір 
мақсаткерлікті  танытардай.  Ол  осы  мысал  арқылы  сол  кездегі  қазақ 
ӛміріндегі ең бір келеңсіз жайды – бас бірліктің жоқ екендігін аса бір дертті 
мәселе ретінде кӛтерген.  
“Бас-басына  хан  болған”,  “Ортақ  ӛгізден  оңаша  бұзауды  артық  кӛріп”  аз 
ғана  елінің  басын  қоспай,  бытыратып  жүрген  ел  басшыларының  кесірінен 
қазақтың мүшкіл халге түскен ӛміріне назаланады ақын. Крыловта негізгі ой 
моральдық түйін арқылы мысалдың алғашқы бӛлігінде беріледі: 
 
Когда в товарищах согласья нет 
На лад их дело не пойдет 
И выйдет из него не дело – только мука
56

 
Крылов мысалының жолдастық, достыққа, келісіммен іс істеуге үндейтін 
қарапайым ӛсиеттік қасиеттері осы жолдардан-ақ кӛзге ұрып тұр. Ал Ахаңда 
күнделікті  тұрмыста  кездесер  қарапайым  істегі  келісім  емес,  саяси  астарлы 
мәні  бар  ұлы  бірлікке  үндеу  сарыны  айқын  сезіледі.  Ахмет  Байтұрсынов 
Крылов  мысалындағы  тоғыз  жолдық  негізгі  бӛліміндегі  ойды  сегіз  жолдық 
алғашқы  екі  шумаққа  сыйғызып, ӛз жанынан бір  шумақ  қосқан, және де ой 
салмағы осы жолдарда жатыр: 
 
Оншама ол жүк артық ауыр емес, 
Құр сыртынан пәлен деу тәуір емес. 
Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр, 
Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс
57

 
                                                 
55
 
Әуезов М. Әр жылдар ойлары. –Алматы, 1959. – 56 б.
 
56
 Крылов И.А. Стихотворнеия. – Ленинград: Советский писатель, 1988. – С. 176. 
57
 Байтұрсынов А. Қырық мысал. 3-ші басылуы. – Қазан: «Татарстан» матбұғаты, 1922 . – 6 б. 

227 
 
Крылов  жүктің  қозғалмауын  олардың  іс-қимылын  кӛрсетумен  ғана 
білдірсе, Ахмет “бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс” деп қадай айтып, себеп-
салдарына  оқырманның  назарын  аударуға  күш  салады.  Содан  соң  барып 
бұдан  шығар  қорытынды  –  моральды  соңғы  шумақта  оқырманға  ӛзіндік 
кӛзқарасын айқындап отырып жеткізеді: 
 
Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас
Әуелі бірлік керек болсаң жолдас. 
Біріңнің айтқаныңа бірің кӛнбей, 
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас, – 
 
деп,  елді  тұтастыққа,  ынтымақ  туының  астына  шақырады.  Осы  соңғы 
шумақтан басты идея айқындала түседі. 
“Қырық  мысалдың”  үлкен  тобы  адамдардың  бойындағы  кӛре 
алмаушылық,  іштарлық,  күншілдік  туралы  мәселелерге  арналған.  Бұларды 
зер сала отырып оқығанда, ӛз халқын осынау жаман қасиеттерден арылтуды 
арман  етіп,  мақсат  тұтқан  азаматтың  жан  толғанысын,  үздіксіз  ұмтылысын 
айқын сезінеміз. Мұндай Мысалдарға “Жүргіншілер мен иттер”, “Маймыл”, 
“Үлес”,  “Ағаш”,  “Ӛгіз  бен  Бақа”,  т.б.  жатады.  “Жүргіншілер  мен  иттер” 
мысалында  күншілердің  сӛзіне,  іс-әрекеттеріне  бола  кібіртіктемей,  ілгері 
басуды  уағыздайды.  Ахаң  бұл  мысалды  сол  түпнұсқадан  ауытқытпай 
аударған.  Мысалдағы  оқиға  мазмұны  түгелдей  сақталып,  ғибратты 
тұжырымы да Крыловпен ұштасып жатады. 
Ахмет қазақ ӛміріне қатысты ділгір де дертті мәселелерге келгенде ӛзіндік 
ой  ұстанып,  негізгі  сюжеттік  желіні  дамытып  немесе  жаңғыртып,  ӛз 
заманына  сай  мысалдың  ӛткірлігін  арттыра  түсуді  мақсат  ететінін  аңғару 
қиын  емес.  Ал  жеке  адамдар  арасындағы  әр  түрлі  жағдайларға,  адам 
бойындағы  жаман  әдеттерді  кӛрсетіп,  одан  арылуға  уағыздауда  ұлы 
мысалшы салған аңғардан ауытқымайды. Ӛйткені ол жаман әдеттер адамның 
ұлтына, қоғамдық қатынастарға тәуелді емес. Адамзат баласының кейбірінің 
бойында бар ортақ дерттер. 
“Шымшық пен кӛгершінде” торға түсіп, сорлап отырған шымшыққа кӛмек 
берудің  орнына,  жығылған  үстіне  жұдырық  деп,  кӛгершін  оны  былай  деп 
табалайды: 
 
“Не қара басты торға түсіп? – 
Тал түсте торды кӛрмей, соқыр ма едің? 
Есалаң, ақылың жоқ, күшік”. 
 
Осылайша ақылгӛйсіп отырып, ӛзі торға түсіп қалады. 

228 
 
Крыловта бұл мысал тоғыз-ақ жол, Ахметте – 32 жолдық толымды, ӛзіндік 
шығарма. Ахаң түпнұсқадағы оқиғаны ӛз ойына тиек етіп қана алып, оқиғаны 
қара  ӛлең  үлгісіне  түсіріп,  әсерлі  етіп,  ұзағырақ  баяндайды.  Крылов  бұл 
мысалының  оқиға  желісін  Федрдің  “Торғай  мен  Қоян”  (“Воробей  и  Заяц”) 
мысалынан алған. Крылов мысалының толық нұсқасы мынандай: 
 
Чижа захлопнула злодейка-западня; 
Бедняжке в ней и рвался, и метался, 
А голубь молодой над ним же издевался, 
“Не стыдно ль – говорит, – средь бела дня 
Попался! 
Не провели бы так меня, 
За это я ручаюсь смело” 
Ан смотришь, тут же сам запутался в силок. 
Дело! 
Впередь чужей беде не смейся, Голубок. 
Ахмет  осы  мысалдың  сюжеттік  желісін  алғанменен,  оны  ӛте  тартымды 
және  толыққанды  етіп  шығарған.  Мұнда  да  жас  кӛгершін  Шымшықты 
оңдырмай  сӛгеді.  Кӛгершіннің  сӛз  жүйесінің  лепірме  жастық,  асық  айтып, 
артық кетер, кеуде соққан мақтаншақтық, асқақтық лебі сезіледі. Абайсызда 
торға  түскен  шымшыққа  ол  нендей  теңеу  таппайды  десеңізші!  “Не  қара 
басты”,  “Соқыр  ма  едің”,  “Есалаң,  ақылың  жоқ  күшік”,  “Бостығыңа  сен 
жаманның”.  Міне,  Шымшықты  осынша  қорлап,  ұзақ  сӛйлеген  кӛгершіннің 
қыл  тұзаққа  түсуі  ӛте  тез.  Ақын  мақтаншақты  әбден  лепіртіп  алып,  тұзаққа 
түсуін қысқа қайырады: 
 
Пысықсып Кӛгершінім отырғанда, 
Қалыпты ӛзі түсіп қыл тұзаққа. 
 
Әбден сӛгіп, сонша бӛскен кӛгершіннің қыл тұзаққа тез түсуі, еріксіз езу 
тарттырады,  айтары  –  “күлме  досқа,  келер  басқа”,  берер  ғибаты  –  ӛзіңді 
ӛзгеден артық кӛрме. 
Әке мен баланың диалогы арқылы берілген “Егіннің бастары” мысалында 
баласы: 
 
Бұл бидай кӛтеріп тұр басын кӛкке, 
Қарайды шікірейіп ӛзге кӛпке. 
Ӛзіне ӛзгелерді тӛңгермейтін, 
Соншама бұл бидайдың дәні кӛп пе? – 
 
деп сұрайды. Әкесі: 

229 
 
 
Елде кӛп бұл бидайдай адам, – дейді, 
Такаппар, оны халық, – жаман, – дейді, 
Қалпы емес данышпанның такаппарлық, 
Тұтынба бұл мінезді, балам, – дейді. 
 
Бұл мысалда ой ерекше тәсілмен әдемі берілген. Бұл – әрі сұраққа жауап, 
әрі шығар қорытынды.  
“Екі  бӛшкеде”  ірі  әлеуметтік  зор  шындық  бар.  Мұнда  атқа  қонып 
айқайлап, ұрандап жүрген ел ағаларының кӛпшілігі бос кеуде екенін, құрғақ 
ұраншылдық  терең  ақыл-ой,  кемерлі  білімсіз  жарға  соғарын  меңзейді  ақын. 
Кӛсемсініп күрпілдегенге назар аударып, үндемей іс бітіргенді “ілтипат етіп 
ешкім  аңғармауы”  аңқау  елге  арамза  молдалықты  танытып  тұрған  жоқ  па?! 
Ахмет  осы  мысал  арқылы  халықтың  ӛз  даналығын  ӛзіне  қайыра  береді. 
Сондықтан да сӛз соңында: 
 
Байқамас оны ешкім жақындаспай, 
Істес боп, ой санасын, ақылдаспай, 
Бӛшкеде не зат барын білеміз бе, 
Қақапағын я бір жерін тесіп ашпай, – 
 
деп түйін түйеді.  
Ахмет  Байтұрсыновтың  Крыловтан  аударған  мысалдарының  ішінде  “Ала 
қойлар”  мысалының  кӛтерер  жүгі  ерекше.  Ахаң  бұл  мысалында  жадағай 
зорлық-зомбылықты  ғана  емес,  отаршылдық  саясаттың  бет-пердесін 
сыпырып, зұлым сұмдығын ашқан.  
Крыловтың  1822  жылы  жазған  “Пестрые  овцы”  мысалы  Петербург 
университетінің  маңдай  алды  профессорларының  қуылуына  байланысты 
туған
58
.  Ұлы  мысалшының  тірісінде  цензура  басуға  рұқсат  етпегені  де 
белгілі.  А.Байтұрсынов  Крыловтағы  берілген  сюжетті  еркін  аударма 
тәсілімен  аудара  отырып,  оған  тыңнан  жолдар  қосып,  ӛз  мақсатына  сай 
мағына береді. Крыловтың 38 жолдық мысалын 64 жолға жеткізіп аударған 
Ахаң сӛз кӛбейту, жол кӛбейтуді мақсат еткендіктен емес, ӛзінің айтар ойын 
оқырманның тереңірек ұғынуына жол ашу үшін барған. 
“Ала  қойларда”  Ахаң  ақ  патшаның  құлқын  құмар  саясатын  ашып,  отар 
елдерді  қандай  айлалы  тәсілмен  қанап  отырғандығын  суреттейді.  Онда 
Арыстан  (орыстың  ақ  патшасы),  Аю  мен  Түлкі  (жақын  кеңесшілері),  Ала 
қойлар (бұратана халық) кейпінде суреттеледі. “Әділ” патша “Ала қойларды” 
кӛргенде  кӛңілі  бұзылып,  кӛзі  қарауытып  кететінін  айтып,  олардан 
құтылудың жолын “кеңесшілерімен” ақылдасады. Ол: 
 
                                                 
58
 
Сиепанов Н. Басни Крылова. – М., 1969. – С.42 б. 

230 
 
Жазықсыз қан тӛкті деп айтпастай ғып, 
Әр түрлі бұған керек амал таппақ, – 
деп аярланады. Сонда “күшке мықты, ойға олақ” Аю: 
 
Бәрін де ала қойдың қырсаң, тақсыр, 
Тұқымын не бар құртып, жоймайтұғын?! – 
 
деп, жауыздық ойын қарадүрсін жеткізеді. Оның бұл ойын Арыстан құп ала 
қоймайды. “Ала қойларды” аяп отырған жоқ, әрине, ӛзінің зымиян саясатын 
ыңшыңсыз  жүзеге  асырып,  “жаманатқа”  қалмай,  қамқоршы  ретінде 
танылуды  кӛздеп  отыр.  Сонда  саясатқа  шебер  сұм  Түлкі  сұмдық  ақыл 
айтады. Ол қойларды шӛбі шүйгін жайылымға жіберіп, қасқырға бақтыруды 
ұсынады.  Зұлымдығы  белгілі  қойшы  -Қасқыр  қойларды  бағып  жүріп, 
кӛздерін  жойсын,  жеп  тауыссын.  “Табылған  ақылды”  Арыстан  тез  қабыл 
алады. Қойларды Қасқыр бағып оңдырар ма?! Ақыры “Қасқыр баққан қойдан 
ала  түгіл,  ағы  да  аз  қалады”.  Бірақ  қойлардың  құрып  бара  жатқанын  ешкім 
Арыстаннан кӛрмейді. 
Мысалдың  түйінінде  Ахаң  ӛсиет  айтып,  пікір  білдіріп  жатпайды. 
Ақынның  ойы,  сюжеттің  іштей  ширығуы  мен  кейіпкерлердің  мінез-
құлқынан, ӛзіне тән іс-әрекетінен, диалогтарынан танылады. 
 
Бұл сӛзге дегенім жоқ жылар-күлер, 
Адам аз алдын болжап, анық білер. 
Кӛкжалдар қойшы болса, кім біледі, 
Береке ала қойға кірсе, кірер,..- 
 
деп  мысқылды  да  салмақты  ой  тастайды.  Сол  кездегі  цензураның 
“кӛркемдеген”  білетін  ақын  бұдан  түйер  негізгі  ойды  оқырманның  ӛзіне 
тастап,  аң  бейнесіндегі  зұлымдарды  танып  алуды  елдің  ақыл-таразысына 
салады. Ахметті Крылов сюжетінің ең бір қатты қызықтырғаны да, назарын 
аударғаны да “Ала қойлар” тағдыры еді. 
Крылов  творчествосын  зерттеушілер  осы  мысалдағы  Арыстан  бейнесін 
Александр І, Түлкі мен Аю бейнесін оны қоршаған Сарай қызметкерлері деп 
таниды.  Ала  қойларды  академиядан  қуылған  орыс  ғалымдары  деп  біледі. 
А.Байтұрсынов  Ала  қойларды  басқа  контексте,  патша  тепкісін  кӛрген 
бұратана, оның ішінде қазақ халқы деп түсіндіруге талаптанған. 
Осындай саяси мәнге ие, ӛткір жазылған мысалдардың бірі – “Қасқыр мен 
Қозы”.  Крылов  мысалы  ә  дегеннен  моральдан  басталады,  оның  түйіні:  “У 
сильного  всегда  бессильный  виноват”.  Ахаң  оқиғаға  бірден  тікелей  кірісіп 
кетіп,  ӛсиет-түйінді  соңынан  береді.  Осы  түйінді  екі  шумақтың 
алғашқысында  Крылов  айтқан  ойды  беріп,  екіншісінде  ӛз  жанынан  сӛз 
қосып, зорлықшылды анықтай түседі. Мәселен, бірінші шумақта: 
 
Орманға Қасқыр кетті Қозыны алып, 
Белгілі етер ісі алып барып, 

231 
 
Осындай жазықсызды жазғыратын 
Әр жерде күштілерде бар ғой қалып, - 
 
деп бір түйіп алып, екіншісінде: 
 
Қасқырдың зорлық болды еткен ісі, 
Ойлаймын – оны мақтар шықпас кісі. 
Нашарды талай адам талап жеп жүр, 
Бӛріден артық дейміз оның несі, - 
 
деп ойын нақтылай түседі. 
Аударманы  теориялық-практикалық  тұрғыдан  жете  зерттеп  жүрген 
Ж.Ысмағұлов  Ахаңның  Крыловтан  аударуда  екі  принципті  ұстағанын  айта 
келе,  екінші  принципті  былай  деп  кӛрсетеді:  “Бұл  шығармаларды 
(мысалдарды Ӛ.А.) Ахаң түп-түгел қазақ ортасына алып келеді де, ғибраттық 
тұжырымдарын  тұп-тура  қазақ  қауымының  шындығына  бейімдеп,  айтар 
үкімін  ӛз  тарапынан  айтады.  Кейде  тіпті  түпнұсқадағы  оқиғаны  ӛз  ойына 
тиек етіп қана алады. Сондықтан мұндай еңбекті аударма деуден гӛрі ұқсас 
сюжетке құралған тӛл туынды деп айтуға болар еді”.  
Міне,  осы  принципке  негізделген  аударманың  бірі  –  осы  “Қасқыр  мен 
Қозы”.  Мысалдың  ӛн  бойынан  қазақ  салт-тұрмысының,  қазақи  ойлау 
жүйесінің,  жан-жануар  туралы  аңыз,  ертегі,  әңгімелердің  табиғаты  есіп 
тұрады. 
Бұлаққа су ішуге келген Қозыны Қасқыр ұстап алып, кінә тағып, сол кінәсі 
үшін  жеп  қоймақ  болады.  Қозы  ӛзінің  кінәсіздігін  қанша  дәлелдесе  де, 
Қасқыр оны кӛтеріп алып жӛнеледі. Түпнұсқадағы 36 жолдық мысал Ахметте 
68  жолдық  тӛл  туындыға  айналған.  А.Байтұрсыновтың  бұл  мысалдағы 
ӛзіндік  ӛрнегі  мысалдың  басталуы  мен  аяқталуындағы  әр  түрлі 
ӛзгешеліктерінен айқын байқалады. 
 
Ягненок в жаркий день зашел к ручью напиться 
И надобно ж беде случиться, 
Что около тех мест голодный рыскал Волк 
Ягненка видит он, на добычу стремится
 
Ахмет мұны былай береді: 
 
Бұлаққа су ішуге келді Қозы,  
Жанында серігі жоқ жалғыз ӛзі, 
“Бӛрі жоқ, десең шығар, бӛрік астынан”, 
Пәле мен қаза алыс па келсе кезі. 
Қаңғырып тамақ іздеп бір аш бӛрі 
Қозыға жетіп келді жайнап кӛзі. 
Жемекке кінә қойып сол арада, 
Жала ғып, міне, қасқыр айтқан сӛзі… 

232 
 
 
Ахмет  мысалындағы  “Бӛрі  жоқ,  десең  шығар  бӛрік  астынан”  деген  жол 
осы  кіріспе  шумаққа  ерекше  ӛң  беріп,  мысалдың  таза  ұлттық  тынысын 
аңғартқандай.  Крылов  мысалының  басындағы  “У  сильного  всегда 
бессильный виноват” деген қағидасынан кейін Қасқырдың Қозыға кінә тағуы 
сенімсіздеу  кӛрінеді.  Ол  ай-шайға  қарамай  жеп  қоюы  тиіс  еді.  Яғни 
Крыловтың мысалдың басында айтқан тұжырымы мен оның сюжеттік дамуы 
–  Қасқырдың  Қозыға  кінә  тағып  барып  жеуінің  арасында  сәл  де  болса 
қарама-қайшылық бар. Осыны сезе білген Ахмет ғибратты кейінге қалдырып, 
оқиғадағы тартысты, яғни Қасқыр мен Қозы айтысын суреттеп кетеді. Озбыр 
мен  кінәсіздің  айтысында  Қозы  жеңеді.  Қасқырдың  әрбір  кінә  қоюына, 
Қозының  қайтарған  жауаптарынан  кейін  оқушы  Қозының  құтылуына 
тілектес  болып  отырады.  Сондықтан  да,  мысал  оқуға  жеңіл,  ә  дегенде-ақ 
ӛзіне  тартып  әкетеді.  Қойылған  барлық  кінәдан  Қозы  ақталып  шыққан  соң, 
Қасқыр тағы бір “бұлтартпас” кінә тағады: 
 
Алыпсың жаман әдет қарсыласып, 
Сенімен тұрамын ба мен мылжыңдасып
Айтайын, білгің келсе, қозым саған, 
Кінәң сол – жегім кеп тұр қарным ашып. 
 
Крыловта  оқиғаның  қалай  аяқталары  ә  дегенде-ақ  белгілі  болса,  Ахмет 
оқиға  дамуына  ӛзіндік  әдіс  қолданып,  мысал  кілтін  соңына  дейін  сақтайды. 
Айналып  келгенде,  Қасқырдың  кінә  тағуы  арыдан  ойлаған  аярлық  болып 
шығады.  Бұған  дейін  ӛзінің  адалдығына  сеніп,  әділет  күтіп  тұрған  Қозы 
ӛзінің  “басты  кінәсін”  білгенде  ғана  шарасыздығынан  тағдырына  мойын 
ұсынады: 
 
Шошиды Қозы байқұс құлқын танып, 
Құтылар білгенменен онан нағып?! 
 
Ахмет  мысалынан  патшалық  Ресейдің  ӛктем  озбырлығын  айна-қатесіз 
тануға болады. Отаршылдық құрсауындағы халықтың “басты кінәсі” де Қозы 
тағдырына  ұқсас,  бұратана  халық,  әлсіз  ел  болуында.  “Қасқыр  мен  Қозы” 
мысалында  ақын  осыны  меңзеп,  отаршылардан  ешқандай  әділет  жолын 
күтпеуді ғибрат етеді. 
Ендеше  “Мысалдап  жазу,  ойды  тұспалдап  айту,  идеяны  аллегориялық 
формада  беру  ашық  сынаудан  қорыққандық  емес,  ол  –  айтар  ойды  ӛткір 
әсерлі  етіп  жеткізіп  берудің  тиімді  әдісі”
59
  екендігіне  дау  болмаса  керек. 
Ахмет мысалдың осы бір қасиетін терең түйсінген. 
Жоғарыда  сӛз  болған  мысалдардағы  ортақ  ой,  терең  мағына  ӛзінің  туған 
халқының  аянышты  күйіне  жаны  ашыған  ақын  осынау  дертті  мәселенің 
                                                 
59
 Қожакеев Т. Сатиралық жанрлар. –Алматы, 1983. – 16 б. 

233 
 
негізгі  күнәһарын  танытуға,  сол  арқылы  халқын  оятып,  саналандыруға 
талпынған. Отарлық бұғауды үзбей, даму, ӛрлеу, ӛсу мүмкін емес. 
Осы  тұста  мына  бір  мәселеге  назар  аудара  кеткен  орынды.  Ахметтің 
Крыловты  аударған  басқа  ақындардан  айырмашылығы  неде?..  Қазақ  ақын-
жазушылары  шама-шарқынша  Крыловты  аударып,  ұлы  мысалшыны  қазақ 
тілінде  сӛйлетуге  тырысқан.  Оның  ішінде,  Абай  -  12,  С.Кӛбеев  –  37, 
Б.Ӛтетілеуов – 12 мысал аударған. Кӛріп отырғанымыздай, Крылов мұрасын 
барынша  мол  аударуға  ден  қойған  А.Байтұрсынов.  “Қырық  мысалдағы”  38 
мысал,  кейінгі  “Маса”  жинағына  енген  үш  мысал,  барлығы  –  41  мысал  ау-
дарған.  Ахаң  мысалының  ерекшелігін  таныту  үшін  оның  ӛзіне  дейінгі 
аудармашылар  тәжірибесімен  салыстыра  қараудың  ұтары  бар.  Ахмет  пен 
Абай аудармаларын салыстыра қараған сәтте, біраз мысалдарды екеуінің де 
аударғанын  байқаймыз.  Абай  аудармаларын  А.Байтұрсынов  білді  ме  екен 
деген  сұраққа  жауапты  біз  Ахаңның  ӛзінен  табамыз.  1913  жылғы  “Қазақ” 
газетінің  үш  санында  (39-41)  жарияланған  Абай  туралы  “Қазақтың  Бас 
ақыны”  атты  мақаласында  ол  “1903  жылы  қолыма  Абай  сӛздері  жазылған 
дәптер  түсті“,  –  деп  жазады.  А.Байтұрсынов  Крылов  мысалдарын  негізінен 
1901-1904  жылдары  аударғандығын  еске  алсақ,  онда  Ахметтің  Абай 
аудармаларымен  таныс  болғандығына  күмәнданбасақ  керек.  Ахмет  қалам 
сілтеген  “Ӛгіз  бен  Бақа”,  “Қарға  мен  Түлкі”,  “Жарлы  бай”,  “Ала  қойлар”, 
“Сорлы болған мұжық”, “Бұлбұл мен Есек”, “Емен мен шілік” нұсқасы Абай 
аудармаларында  да  бар.  Бұлардың  ішінде  “Түлкі  мен  Қарға”,  “Есек  пен 
Бұлбұлды” М.Әуезов нағыз Абай аудармалары деп санайды
60
.  
Әуезов нақты Абай аудармасы деп таныған, Крыловтың “Қарға мен түлкі” 
мысалының  Абай  аударған  нұсқасын  Ахмет  аудармасымен  салыстырып 
қарасақ, екі тәржіманың арасында айырма барлығына кӛз жетеді. Мысалдың 
түпнұсқасында  мораль  шығарманың  басында  айтылып,  одан  кейін  болған 
оқиға  баяндалады.  Абай  да  сол  алғашқы  жүйені  сақтаған.  Крыловта 
айтылатын тӛрт жол моральды: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет