Мазмұны Мазмұны кіріспе ұйымның жалпы сипаттамасы 1Ұйымның сату бөлімімен танысу 6


Туристік кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және оны арттыру жолдары



бет8/11
Дата21.06.2023
өлшемі425,19 Kb.
#102826
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Мазмұны практика Алима послед

2.3 Туристік кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және оны арттыру жолдары

Қазіргі әлемдегі нарықтық қатынастардың жаппай инновация кезеңінде «бәсекеқабілеттілік» термині туристік кәсіпорын үшін маңызды болып отыр. Себебі бәсекеқабілеттілік, дамудың негізгі қозғаушы күші болып табылады. «Бәсекеқабілеттілік» дегеніміз, тауарлар мен қызметтердің (сала, кәсіпорын, аймақ, мемлекет және т.б.) аталған нарықта немесе әлемдік нарықта өз позициясын мүмкіндігінше ұзақ сақтап қалу және бәсекелесе алу артықшылығы немесе мүмкіндігі. Ішкі нарықта өз тауарларымыздың бәсекелесуі тауардың сапасын арттыруға, кәсіпкерлердің тұтынушыларға жақсы сатып алу жағдайын жасауға ынталандырады. Қазақстан экономикасын жақсартудың өте сенімді жолдарының бірі кәсіпорын сапасын жақсарту. Нарықтық бәсеке кәсіпкерлердің кәсіпорын қабілеттілігін арттырып, одан ары сыртқы нарықта қалай жұмыс істеуге үйретеді. Нарықта бәсеке болса екі жақта ұтады, сатып алушылар сапасы жоғары тауар алады, ал кәсіпорын бәсекелестік жағдайында шыңдалады.Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен кәсіпорын ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Әрбір туристік кәсіпорын өзінің дербес өнімін жақсырақ білдіруге көмектесетін талдаумен айналысуы қажет. Біздің еліміздегі туристік фирмалар арасындағы бәсекелестік орасан зор. Жыл сайын туризм нарығына жаңа туристік кәсіпорындар шығады, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері, артықшылықтары, жаңалықтары, қызмет түрлері, өзіндік жұмыстары бар. Әрбір туристік кәсіпорынның нарықта өз деңгейі бар. Осындай әртүрлілікке байланысты тұтынушы көбінесе білмейді және компанияның беделі қандай екенін білмейді, бірақ туристік кәсіпорын нарықта сәтті бәсекеге түсуі үшін бәсекелестердің тәжірибесін зерттеп, өз дамуының болашағын көру керек. Туристік фирманың бәсекеге қабілеттілігін оны басқа фирмалармен салыстырғанда ғана аныкталады, бұл салыстырмалы көрсеткіш болып табылады. Ол көрсетілген қызметтің басқа қызметтерден белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру дәрежесі бойынша айырмашылығын көрсетеді. Туристік қызметтің бәсекеге кабілеттілігін анықтау үшін белгілі бір қажеттілікке сәйкес келу дәрежесі бойынша басқа қызметтермен салыстырып қана қоймай, сонымен бірге тұтынышының оған жұмсаған шығыны мен өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін оның әрі қарай қолданылуы да есептеледі.


Туристік фирманың бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір фактордардың ықпалымен калыптасады. Олардың арасындағы негізгілері:
• Баға;
• Сапалылық;
• Жаңалық;
• Жарнама;
• Тұтыну сенімділігі;
• Көркемдеу, мәнерлеу және т.б.
Баға қалыптастыруда туристік өнімнің бәселестік дәрежесі маңызды орын алады. Себебі жаңа өнімдердің нарықта бұрыннан қалыптасқан өнімдерге қарағанда, танымал болу мүмкіндігі азболып келеді. Жаңа өнімнің сатылу көлемін алдын-ала жорамалдау қиын болып келеді. Нарық және оның даму тенденциясы, потенциалды тұтынушылар жайлы ақпарат толық болмаса, туристік кәсіпорын сенімсіз іс әрекеттерге баруы мүмкін. Негізінде сапа деп тұтынушылардың қанағаттану сезімін тудырушы қызмет көрсетудің қасиеттері мен сипатты. Сапа – көрсетілген қызмет қасиеттерiнiң жиынтығын көрсетедi. Қасиеттер жиынтығы жақсы да жаман да болуы мүмкiн емес, сапа тек қатысты болуы мүмкiн.Егер өнiм сапасына баға беру қажет болса, онда қасиеттер жиынтығын қандай да бiр эталонмен салыстыру қажет. Жаңалық турстік кәсіпорында міндетті түрде болып тұру қажет. Себебі, жаңалықпен тұтынушының қызылушылығы артады, ал бұл дегеніміз бәсекеге қабілеттіліктің артуы болып саналады. Туризм саласындағы жарнама өндірушілер, жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстарды қолдап отыруға міндетті. Туризмде жарнама арқылы бірқатар міндеттер шешіледі. Жарнама арқылы тұтынушылар нарықта ұсынылатын туристік қызметтердің жиыны мен сапасы, бағалар қозғалысы туралы маңызды ақпаратты ала алады. Сонымен қатар пайдаланылатын жарнама құралдары әлеуетті туристке ақпаратты түсінікті және анық етіп түсіндіруі тиіс.Жарнама мен тұтыну сенімділігі тікелей байланысты. Тұтынушылардың сенімі жоғары болған кезде тұтынушылар көбірек сатып алулар жасайды.Ал сатып алу жарнамаға байланысты.Өзіне деген сенімділік төмен болған кезде тұтынушылар көп үнемдеп, аз шығындалады.Туристік кәсіпорында өзінің қызметін тұтынушыға көркемдеп, мәнерлеп жеткізу қажет. Бұл сапаны арттыруға өз көмегін береді.
Туристік кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік мәселесі қазіргі жағдайдағы әлемде әмбебаб сипатқа ие болды. Әрбір мемлекеттің тұтынушының экономикалық және әлеуметтік өмірі оның қаншалықты табысты шешілуіне карай байланысты. Бәсекелік факторының өзі мәжбүрлік сипатқа ие, нарықтан ығыстыру қорқынышы фирмаларды өз қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігімен және сапа жүйесімен тоқтаусыз шұғылдануға мәжбүр етеді, ал нарық олардың қызметінің нәтижелерін объективті және қатал бағалайды. Дамыған бәсекелестік нарықта көрсетілетін қызметтің бәсекеге қабілеттілігі оның коммерциялық табысының шешуші факторы болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік қызметтің нарық жағдайына, тұтынушының қажеттілігіне тек сапа, техникалық, экономикалык, эстетикалық сипаттамалары бойынша ғана емес, сонымен бірге коммерциялық және өткізудің басқа жағдайларына (баға, өткізу жолдары, сервис, жарнама, клиентпен жұмыс) байланысты болатын көп аспектілі түсінік. Басқаша айтқанда, бәсекеге қабілеттілік -нарыктағы табысты анықтайтын туристік қызметтің тұтынушылық және құндылық (бағалық) сипаттамалардың кешені, яғни бәсекелес біртектес қызметтердің алдында көрсетілген қызметтің артықшылығы. Нарықтағы әрбір қызмет қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру көрсеткішіне тексеруден өтеді: әрбір сатып алушы оның жеке қажеттілігін толығымен қанағаттандыратын қызметті сатып алады, ал барлық сатып алушылар бәсекелес қызметтерге қарағанда қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес келетін қызметті сатып алады. Сондықтан туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін (яғни, бәсекелестік нарықта коммерциялық тиімді өткізудің мүмкіншілігі) бәсекелестердің қызметтерін бір-бірімен салыстыру негізінде ғана анықтауға болады. Басқаша айтқанда, бәсекеге қабілеттілік нақты бір сату уақытына байланысты салыстырмалы түсінік. Әрбір сатып алушыда өз қажеттіліктерін қанағаттандырудың бағалаудың жеке критериі бар болғандыктан, мұнда бәсекеге қабілеттілік жеке сипатка ие болады. Сондыктан, бәсекеге қабілеттілік тұтынушы үшін қызуғышылық туғызатын (берілген қажеттіліктерді қанағаттандыруына кепіл береді) қасиеттермен ғана анықталады. Бұл қызығушылықтың шегінен шықкан қызметтің барлық қасиеттері бәсекеге қабілеттілікті бағалағанда белгілі бір жағдайда оған қатысы жоқ деп есептеледі. Нормалар, стандарттар мен құқыктардың шамадан тыс асуы (мемлекеттік талаптардан басқа) туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін жаксартып қана коймай, керісінше оны түсіреді, өйткені ол сатып алушының құндылығын көбейтпей, бағаның өсуіне әкеледі; сондықтан ол қызмет тұтынушыға тиімсіз болып көрінеді. [10]
Туристік кәсіпорын қызметінің бәсекеге қабілеттілігі – бұл оның жетілдіруінің экономикалық және коммерциялық жағдайы сияқты эстетикалық, техникалық, сапалық мінездеме бойынша тұтынушылардың нақты талаптарына қызмет көрсетудің нарықтық жағдайға сәйкес келетіндігін көрсететін көпфункционалды сипаттағы экономикалық категория. Оны қызмет көрсетудің кешенді тұтынушылық және құнық сипаттағы нарықтағы анықтаушы жетістік деп көрсетуге болады. Кез келген қызметтің бәсекеге қабілеттілігі оның аналогымен салыстыру нәтижесінде анықтауға болады. Нақты қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыу дәрежесі бойынша бәсекелес қызметтен берілген қызметтің айымашылығын көрсете отырып, ол қатысты көрсеткіш болып табылады.Туристік кәсіпорын өздерінің күшті және әлсіз жақтарын бағалау үшін талдауға үлкен мән береді. Бәсекелестік күресінде олардың есебінен шаралар мен құралдарды әзірлеуде,сонымен қатар нақты мүмкіндіктер мен кәсіпорын бәсекеге қабілеттілікті арттырып, оның жетістігін қамтамасыз ете алады.
Туристік кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталыған шаралар бар:

  1. Ұсынылатын туристік өнімдердің сапасын арттыру, бұл көп нәрсеге әкеледі;

  2. Бәсекелес ұйымдардың қызметтерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;

  3. Сапа көрсеткіштерін арттыру үшін бәсекелестер қолданатын стратегияны талдау, нарықта сатылатын ұқсас туристік өнімдерді жетілдіру және бәсекелестермен салыстырғанда артықшылықтар беретін шараларды әзірлеу;

  4. Деңгейді көтеру кезінде туристік қызметтерді өзгерту мүмкіндігін анықтау, яғни инновацияға бет бұру арқылы шығарылатын өнімнің сапасын бәсекеде көрсете білу;

  5. бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін баға саясатын талдау және енгізу оның ішінде бәсекелес кәсіпорындар қолданатын өнімдерді талдай білу (жеңілдіктер, кепілдіктер) ;

  6. клиенттердің қалауын ескере отырып, өндірілетін туристік қызметтерді бөлу туризмнің басты мақсаты;

Туристік қызметтер нарығында тиімді позицияны алу үшін ең алдымен, шығарылатын өнімнің бәсекелестік артықшылықтарын арттыру қажет. Бәсекелестік артықшылықтар-бұл материалдық және материалдық емес активтер, сонымен қатар аймақ туристік кәсіпорын үшін стратегиялық маңызы бар болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда материалдық емес активтер өндірілетін сапа деңгейін арттыра алатын болып табылады. [11]
Туристік өнімнің сапасын жақсарту жолдары:

  1. Кәсіпорынның қолайлы имиджін құру. Бірақ бұл жағдайда айтарлықтай жарнама шығындары болады, бұл өз кезегінде туристік қызметтердің өзіндік құнының төмендеуіне әкеледі. Сондай-ақ, тұрақты клиенттерді тарту бойынша жұмысты ескеру қажет.

  2. Сервис деңгейін арттыру. Тәжірибе көрсеткендей, қызмет жоғары деңгейде болса қызметтердің қымбаттаған бағасын ақтайды.

  3. Туристік өнімді саралау. Бұл тармақ қазірдің өзінде енгізуді қамтитын, қажеттіліктерді көрсететін кейбір өзгерістердің қалыптасқан туристік өнімі клиенттер және аналогтық өнімдерден ерекшеленеді.

  4. Өнім өндірісінің сапасын арттыру. Айтарлықтай жақсартуға болады, егер өндіріс деңгейі жоғарыласа, бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері сұранысқа ие қызметтер, нарықтық маркетингтік зерттеулер жүргізу және жедел ондағы өзгерістерге жауап беріңіз.

  5. Персоналдың біліктілік деңгейін арттыру. Маркетингтік зерттеулерге ерекше назар аудару қажет.

Туристік өнімді маркетингтік зерттеу – бұл кәсіпорынның бағытталған қызметі нарықта бар тұтынушылардың тұтынушылық қалауын зерттеу туристік қызметтерді одан әрі жылжыту және сату. Бұл жұмыс алынған ақпаратты жинауды, өңдеуді және бағалауды қамтиды, бәсекелес фирмалар, бағалар туралы есеп береді. Бұл ішкі кәсіпорынның әлеуеті және стратегиялық жоспарды түзету мен бағалауға мүмкіндік береді. [12]
Қазіргі уақытта әртүрлі маркетингтік зерттеулер өте үлкен дамыды, оның мақсаты тұтынушының сұраныстарын, оның белгілі бір тауарларға қатынасын зерттеу болып табылады, өйткені өндірушінің мұндай ақпаратты білуі оған өз өнімдерінің болашақ сатып алушыларын дәлірек көрсетуге, оның әрекеттері нәтижесінде нарықтағы жағдайды дәлірек көрсетуге және болжауға, сәтсіздік қаупін азайтуға мүмкіндік береді және т. б.[13]
Инновациялық дамуларға байланысты қазіргі таңда мобильді қосымшалар пайда болып жатыр , соның бірі туризм саласына инновация енгізу мақсатына IT стартапта IRBI мобильді қосымшасының негізін салған біздің жерлесіміз Айболат Құлатай. Бұл инновациялық жобаның жұмыс істеу барысы – Алматы, Астана қонақтарының нақты тұрған жерін GPS технологиясы арқылы анықтап, қала бойынша әр алуан жерлерге, мәдени, тарихи орта­лықтарға апаратын және бұл объектілер туралы мағлұматты аудио форматта тыңдауға мүмкіндік беретін туристер мен қала қонақтарына арналған ақылды аудиогид болатын. [14]
Туристік кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және оны арттыру жолдарына сәйкес туристік саланың бәсекеге қабілеттілігіне, басқару қағидаттарына ерекше назар аудару көзделу қажет яғни, туристік қызметті жүргізу, кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін бағалау және талдау, оларға әсер ететін факторларды зерттеу және олардың жолдарын іздеу үлкейту болып табылады.Туризм-бұл тұтынушының мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған туристік өнімді өндірудің бірнеше көп қырлы процестерінен тұратын экономикалық қызмет түрі. Көптеген жылдар бойы туризм көптеген елдер экономикасының іргелі негізі болып табылады. Туризм өзінің негізгі сипаттамалары бойынша экономикалық қызметтің басқа түрлерінен түбегейлі айырмашылықтарға ие. Сондықтан қазіргі заманғы маркетингтің барлық маңызды ережелері туристік кәсіпорындарда да қолданыла алады. Маркетинг туристік фирмалар үшін өте маңызды, өйткені олардың нарық пен бәсекелестік жағдайындағы қызметін әрқашан жоғарылатады, сыртқы экономикалық қызметі мен , оның ішкі туризм саласындағы қызметтін арттырады. Бұл күндері әрбір туристік кәсіпорын өзінің шығынды операциялары үшін материалдық жауапкершілікке ие болу қажет.Осылайша, кәсіпкерлік тәуекел мәселесі кез-келген туристік фирманың назарында болуы керек, тәуекелді азайтуға маркетинг тұжырымдамасын мүмкіндігінше дәл пайдалану арқылы ғана қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, туризмнің өзіндік ерекшелігі бар, сондықтан туризмдегі маркетингтің өзіндік ерекшеліктері бар. Маркетингтің нақты сипаты туризм туристік өнімнің басқа тұтыну тауарлары мен қызметтерінен ерекшеленетін сипаттамаларымен анықталады. Осы мақсатта туристік кәсіпорын тұтынушылардың қалауына тұрақты мониторинг жүргізіп, клиенттердің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін сапалы туристік қызметтерді әзірлеп, ұсынуы қажет.Туризм кәсіпорнының бәсекеге қабілеттілігін арттыру кезінде туристік өнімнің ерекшеліктерін ескеру қажет, өйткені туристік қызметте туристерді жеткізу, орналастыру, тамақтану, экскурсиялар, медициналық сақтандыру және т.б. кіретін күрделі шығындар бар. Кәсіпорындардың алдында күрделі мәселе тұр - төмен баға мен ұсынылатын қызметтердің әртүрлілігі арасындағы оңтайлы қатынасты табу. Кәсіпкер үшін стратегия туралы шешім қабылдау маңызды - шығындар деңгейін төмендету немесе ассортиментті кеңейту - және оны нақты ұстану керек, өйткені бағаны төмендету және өнім сапасын жақсарту және ассортиментті кеңейту әрекеттері кәсіпорынның шығынына әкелуі мүмкін. Туристік фирма делдалдардың санын азайту үшін өзінің инфрақұрылымын құруға ұмтылуы мүмкін. Бұл өзіндік құнын төмендетіп қана қоймайды, сонымен қатар қызметтердің сапасын арттырады, өйткені туристік фирма құрылымдық бөлімшелерді бақылау үшін үлкен мүмкіндіктерге ие болады. Іске асыру құрылымындағы үлкен үлес клиенттердің ең көп санын тартатын турларға берілуі керек, өйткені бұл фирманың нарықта танымал болуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, туризм кәсіпорнының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың бір жолы-оған құжат айналымын, бухгалтерлік есепті және жарнамалық және сату қызметін жүргізуге көмектесетін компьютерлік технологияларды кеңінен қолдану болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет