Мазмұны: Мазмұны: Кіріспе



бет1/7
Дата06.01.2022
өлшемі230 Kb.
#16466
  1   2   3   4   5   6   7

Мазмұны:

  • Мазмұны:
  • 1.Кіріспе.
  • Жобаның өзектілігі.
  • Жобаның мақсаты.
  • Жобаның міндеті.
  • Жобаның принцептері
  • 2.Негізгі бөлім
  • Жалпы мәліметтер.
  • 3.Қорытынды
  • Қүтілетін нәтиже
  • 4.Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе

  • Кіріспе
  • Қазіргі заман талабына сай оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке қайталанбас тұлға ретінде қабылдап, оның жан – жақты дамуын зерттей отырып, оқытып, тәрбиелеу сол баланың ата- анасының қатысуынсыз іске аспайтындығы бәрімізге мәлім болып отыр. Осындай күрделі, жауапкершілігі мол міндеттерді іске асыруда ата- аналардың рөлі зор екендігін ескере келе, адамның жеке басының қасиеттері, әдетте бес жасқа дейін қалыптасады деген пікір бар. Бұл сөздің растығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Өйткені адам баласы қажетті қасиеттердің бәрін мектеп жасына дейін бойына сіңіруге тырысады. Бала әр нәрсеге құмар: айналасындағы барлық өзгерісті, табиғат тамашаларын сезінуге талпынып, өз құрбыларымен және ересектермен нағыз байланысқа түседі. Ал осы баланы жан – жақты дамытып, өзін танытатын жеке тұлға ретінде тәрбиелеу – ата- ана мен мұғалімнің міндеті. Бала алғашқы тәрбие негізін отбасынан алады. Отбасы ұлттық тәрбие негізін себуші субстанция. Отбасы өзі тұрақтастаған аймақтың барлық деректерін сіңірген ұжым. Яғни, баланың дамуы өзі өмір сүрген аймағының, қоршаған ортаның бағыт - бағдарымен, деректеріне байланысты өрістейді. Себебі отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгі дәстүрлердің, жағымды өңегелердің, мұралар мен салт – дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі. Ата – ана және отбасы мүшелері нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет