-ата- аналардың бір – біріне сенімі мен өзара көмегі.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі роль атқарады. Сынып жетекшінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу – тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады. Келесі әрекеттер арқылы жүзеге асады:мектепішілік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;
сыныптық ағарту жұмыстары тәрбие міндеттеріне байланысты оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеу бойынша; оны түрлі формада жеке және топтық кеңестер беру түрінде өткізуге болады.
Мектептің ата – аналармен жұмысының табысты не табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымына, қарым – қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлығына байланысты болатынын ұмытпау қажет.Сондықтан ата –аналармен жұмыста да түрлі амалдар мен формаларды саралап қолдану керек.