Мазмұны нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе І мәтіннің композициялық СӨйлеу түрлері



бет19/22
Дата25.11.2023
өлшемі144,71 Kb.
#127390
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
дөненбай ағжан

Оның келіншегі Света, орысша айтқанда, менің подру­гам». Осы мысалдағы орыс сөздерінің қолдану ерекшелігін қарастыратын болсақ, олар екі түрлі мақсатта қолданған:

  1. батыс елдердегі халықтарға тән өмір салтын көрсету үшін: село, особняк, флигель, аллея, парк, ксамейка, беседка, парк.

  2. кейіпкердің өзіндік бейнесін қалыптастыру үшін: подруга, фрау, фролен т.б.

Шығарма тілінде тіркесімділігі жоқ сөздерді тіркестіру арқылы жасалған оксюморон да қолданылады. Мысалы, Алғаш қарағанда сау мүшесін, бет бедерін қалдырмай мылжалап тастаған тірі өлік сияқты еді.
Т.Ахтанов шығармасында сол кездегі дәуір шындығын кейіпкерлердің тіліндегі ащы мысқыл, кекесінмен де беруді ұтымды қолданады. Мысалы, Немістерді бірденқарық қылмаймыз; Әйел затының аузы мен қолы қатар қимылдайтын әдеті ғой; Қай халықтың да әйелдері сөзге құмар болатын шығар, ал бірақ мына орыстың әйелінің сөзі тіпті көп болады екен; Әйелдердің есжиғаннан кейінгі бірінші еске алғанықарбаласта ұмыт қалған, іліп алып кетуге келмеген дүние-мүліктері болды.Бастан құлақ садақа дейді қазакем, мен өзім құдайға сенбесем де, өзіме жетерлік ырымшылдығым бар .
Көркем шығармада автор түрлі мақсатта синонимдерді шебер қолданады.

    1. Суреттеліп отырған оқиғаны жан-жақты баяндау үшін: Менің кішкентай кезімде ауыл беті ашылмаған, қаймағы бұзылмаған нағыз қазақы ауыл еді.

    2. Бір сөзді қайталамау үшін: Қура,ан ағаштай кеуіп қалған, бір шөкім Муся шабалаңдап шыға келді. Бүрісіп қалған көн тулақ.

3.Жасалу жолдары әр түрлі синонимдерді араластырып қолданады: Асып-сасып, есінен танып жүрген әйелдер Боряның жоқ екенін осы арада ғана аңғарып, Света екеуімізгекезек-кезек қарай береді.
4.Синонимдерді юмор тудыру мақсатында қолданады: Мен жоғары жаққа, әсіресе данышпан көсемге сенем, оған шек келтіру мен үшін, Қамқа әжемнің құдайға күпірлік жасағанынан да жаман.
Эмоционалды-экспрессивтік мән тудыру мақсатында фразеологизмдерді молынан қолданады.
1.Жағымды бағалау мақсатында: Үмітіме талшық ететінім, «жүзі игіден түңілме» деп атам қазақ атпақшы, Светаның жүзінде иманы бар, сырына қанбай жатып бір көргеннен-ақ іш тартып кеткенім содан шығар.
2. Жағымсыз бағалау мақсатында: Бұл кісіні алғаш көргенде «әй сірә, тұзымыз жарасып кете қоймас» деген ойға келіп едім. Алдым қараңғы.
3. Юмор тудыру мақсатында: Елизавета Сергеевна бір кезде өзі ат тонын ала қашатын ұрысқақ Мусядан енді айрылғысы келмейді.
Көркем шығарма тіліне ерекше өң беретін фигуралар да молынан қолданылады. Шығармада ерекше назар аударатын фигугуралардың бірі-теңеу.
Шығармада күрделі теңеулер молынан кездеседі. Мысалы, Сол күннің өзі де толысып піскен жемістей толықсып тұрған еді. Жел айдаған қаңбақтай, қос чемоданыңды қолыңа алып...

  1. Шығармадағы теңеулердің көбі қазақ халқының ұлттық ерекшелігін танытатын этномәдени сипаттағы теңеулер болып табылады. Мысалы, Ирина Ивановнаның балалары алтын асықтай.Мен өзі, сірә, зерек емеспін-ау деймін, соны бірден түбіне жетіп түсіне қоймай, ойыммен оқтын-оқтын өайтып оралып, күйіс қайырған түйедей талмап барып жұтатын әдетім бар. Кәрі қойдың жасындай жасым қалды. Бұлардың бәрі мен үшін сырты таныс болғанмен, іштері бітеу жандар, мен де оларға орамалдың шетіне бөлек түйген түйіншек сияқтымын. Сабаудай жігіт қолынан келер қайраны болмағанға қатты қиналған түрі бар. …[ ].

Автор теңеулерді сөздің мағынасын жұмсарту үшін эвфемизмдер ретінде қолданады:
Надя! Надя! Не ғып жатырсың? Түр тезірек! Светаның даусы. Бір жаманат болып қалған сияқты...даусы ышқынып шығады.
Көркем шығарманы көркемдеудің тілдік амалдарының бірі─ эпитет.
Т.Ахтанов Шығармасындағы эпитеттер де ерекше қолданылады.

  1. 1. Кейіпкерлердің портретін жасау үшін қолданады: Мысалы, Света аппақ, ақсары келіншек. Алевтина Павловна ақсары, сұлу келіншек. Шешесі Надя сидиған бойы болмаса, бір шайнам еті жоқ, адырақ көз арық келіншек. …[ ].

2.Дерексіз ұғымдардың түрлі сапасын жеткізу үшін:Мысалы, Жас адамның алғашқы махаббаты қатты болады ғой...ұстаған мүлкіне дейін ыстық болады екен.
3.Деректі ұғымдардың түрлі сапасын жеткізу үшін: Мысалы, Қап, қайтейін, керемет әшекейлі фарфор табағым бар еді, қалып қойды. Менің үш жүз елу сомға алған радиопремнигім қалып қойды.Мен сасқалақтап жүріп сандықтың түбінде жатқан ішігімді ұмытып кетіппін.

  1. Автор көркемдік мақсатта дамытуды да шебер қолданады.Мысалы, Мен өзімді бір бүйірден көргенім жоқ, айнаға да қарағаным жоқ, бірақ кескінімнің қандай болғаны көз алдыма ап-анық елестейді: сірә, қара жауынның астында қалған панасыз балапандай болсам керек.... бейне бір терең суда малтығып жүрген адам сияқтымын ─ жағалаудан алыс кетіп, жерге табаным тимеген соң, жармасқан жалғыз талымнан, қолым қарысқанша ұысып алып, айрылмаймын. Бұл жай тіртіпсіздік емес, тура зиянкестік, ...қылмыс. …[ ].

Келтірілген тілдік дерек негізінде Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасындағы көркемдеуіш құралдар шығарманың оқиғасын баяндауда оқырманға ісер ету, оқиғаны шынайы жеткізу, сюжетті дамыту, мәтін түзу сияқты мақсатында молынан қолданылып, шығармада белгілі бір авторлық ұстанымға сәйкес пайдаланылғанын көреміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет