2. Сыбайлас жемқорлықтың тарихи тамырлары
Саясаткерлердің пікірінше, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы және шарықтауы қоғам және мемлекет бюрократияланған жағдайда, экономика мен саясатта күйзеліс пайда болғанда, саяси режим ауысқан жағдайда болатын құбылыс екендігімен түсіндіреді.
Билік институттарының сыбайлас жемқор-лануы, олардың криминалды құрылым-дармен тамырлануы, заманауи қоғамның жариялылануы мен биліктің заңды болу үрдісіне қауіп төндіретін белгілерінің бірі.*
Егер саяси режимді – дамыған мемлекеттің атрибуты деген ұғыммен байланыстырсақ, онда сыбайлас жемқорлықтың генезисі заманауилыққа тән үрдіс деуден тайынбайды. Ал, зерттеуші тарихшыларымыз, басқаша негіздер айтады.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік теріс құбылыс ретінде ерте заманда, қоғамның таптарға
бөлінетін, мемлекеттің алғашқы белгілері пайда болған кезден бастап пайда болды.
_______________________
*Қараңыз.: Коррупция: Қазахстандық саясаттану энциклопедиясы. – Алматы, 1998. – Б. 163.
Сыбайлас жемқорлық туралы алғашқы қолжаз-балық талқыламаларды б.э.д. XXIV ғ. ерте заманғы Вавилон архивтік қолжазбалық дәлелде-мелерінен көруге болады. Онда патша Лагаша Урукагинаның мемлекеттік басқару туралы жүргіз-ген реформасында шенеуніктер мен судьялардың қызмет баптарын теріс пайдаланғандығын жою жолдарын қарастырған*. Шығыс мемлекеттерде ерте заманнан «бакшиш» деген ұғым қалыптасқан, яғни бір шәйлық пұлын артығымен қалдырып кету, беру дегенді түсіндіреді. Бұл құбылыс қоғаммен еш талқыға салынбайтын, әдеттегідей дұрыс ұғым. Өйткені, бұл қызмет көрсетілгені үшін алғыстың орнына жүретін ертеден қалыптасқан разылық білдірудің бір түрі. Дегенмен, қазіргі заманауи жағдайда бұл мемлекеттерде сыбайлас жемқор-лықпен күрес жоқ деген ұғымды білдірмейді.
Ерте заманғы греция философы Платон (б.э.-д.427-347 жж.) өзінің «Государство» и «Законы» диалогтарында жеке және әлеуметтік өмірді егер күшін жойған келісімді қайтадан қалпына келтірсе заңнамалық жеке еркінділік пен келісушілік заң-дарының одан әрі жағдайда реттеуге болады деп тұжырымдайды**.
Платонизмнің ізін жалғастырушы ерте заманғы грециялық басқа философ Аристотель (б.э.д. 384-322жж.) өзінің саясат туралы тұжырымдама-ларында мінез-құлықтың «дұрыс нормасы» жалпылама түсіндіруге жатпайтындығын, оның өзіндік әлеуметтік ерекшеліктерімен ерекшеле-нетініне тоқталды***.
__________________________
*Қараңыз.: Основы противодействия коррупции: Учебное пособие /Под ред.И.И.Рогова, К.А.Мами, С.Ф.Бычковой – Алматы: ОФ
«Транспаренси Казахстан», 2004. – Б.7-10.
**Қараңыз.: Платон //Философский энциклопедический словарь. – М., 1983 – Б.496-498.
*** Қараңыз.: Аристотель //Cол дереккөз, - С.35-38
Платон да, Аристотель де сыбайлас жемқор-лықтың – саяси санаттағы ұғым екендігін айтты.
Флоренциядан шыққан орта ғасырлық ойшыл Николло Макиавелли (1469-1527 жж.) өзінің саяси тактаттарында сыбайлас жемқорлықтың халық ішінде азаматтық көзқарас дамымаған жағдайда саяси мақсаттарға қол жеткізу үшін жасалып отыр-ған мүмкіндіктер мен құралдар екенін дәлелдеді. Сонымен қатар, Макиавелли сыбайлас жемқорлық азаматтық көзқарасты жойып қана қоймай, мемле-кеттің ауруға ұшырау сипатымен ерекшеленуі мүмкіндігін айтып өтті*.
Француз философы Ш.Л.Монтескье (1689-1755 жж.) әлеуметтанудағы жағрафиялық мектепті да-мыта отырып, сол жердің топырағы, ауасы, жердің үстіңгі қабатының жағдайы, жалпы сол жерде тұ-ратын халықтың рухын және қоғамдық қаты-настардың сипатын анықтайды деген идеяны негіздеуге тырысып, сыбайлас жемқорлықтың жа-рамсыздыққа орнатылған бүкіл тәртіпті бұзатын процесс екенін айтты.
Егер Ш.Л.Монтескьенің тұжырымдамаларын тікелей талқылайтын болсақ, қоғамдағы, мемлекеттегі қоғамдық қатынастардың өрбуін сол тұрған халықтың жағрафиялық болмысымен, байланыстыратындығын, сыбайлас жемқорлықтың адамның о бастан табиғатынан берілген көзқарастық позициясын түп тамырымен жойып жіберетін күшіне нақты баға бергенін байқауға болады**.
Абсолютизм кезеңіндегі Ресей заңнамасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы және сыбайлас жемқорлықтық әрекеттерімен күресті қатты _________________
*Қараңыз.: Макиавелли Н. // Cол дереккөз, с. 334.
**Қараңыз.: Монтескье // Сол дереккөз, б.386.
күшейтті. Патшайым Екінші Екатерина (1775 жылы 7 қарашада) «Учреждения для управления губерний» деген заңнамалық актіні қабылдау арқылы, мынадай маңызды мақсатты көздеген: (сыйақы жинап алу, парақорлықпен айналысу) сияқты көз жұмушылық әрекеттерге әскер салу арқылы кедергі жасау.
Бірақ, тарихи мәліметтер бойынша ол кезеңде губерниялардың басшыларымен заңсыз сыйақылар жинау, парақорлықпен айналысу әрекеттері жал-ғаса берген. Сыбайлас жемқорлық әрекеттерге қа-тысты ұғымдар өз кезегінде бірқатар термино-логиялық өзгерістерге ұшырады. Мысалы, 1649 ж. Собор ережелерінде параны «посулоль» деп ата-ған. («посул» - уәде беру). Ал, (1782 ж. 8 сәуір) Устав бойынша параны «көз жұмушылық», «сыбайласу» деп өзгерткен.
Николай Бірінші патшаның тұсында ресей заң-намасы жүйелендіріледі. 1845 ж. 15 тамызда «Уло-жения о наказаниях уголовных и исправитель-ных» қабылдауына байланысты сыбайлас жем-қорлыққа қарсы заңның қалыптасуы мен дамуы-ның жаңа кезеңінің тарихы басталады. Бұл Заң-ның «О мздоимстве и лихоимстве» деп аталған 16 тарауының 401-413 баптары заңсыз сыйақы алуға, пара алуға, пара беруге, параны қорқытып алуға, сыбайласу, бір сөзбен айтқанда қызмет бабында отырған адамның кез-келген көрген пайдасы, мей-лі айырбас болсын, мейлі ұтылған қарызды қай-тару болсын, мейлі ризашылықпен білдірілген бол-сын сыбайлас жемқорлық көрінісі болып танылған.
XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейде кең, ауқымды түрде шаруа реформасы жүргізілді, сондай-ақ жер, қала, әскери, сот т.б.реформалар қолға алынды.
Зерттеушілердің тұжырымы бойынша, 1864 жылғы сот реформасы сол кездегі реформалардың ішіндегі ең буржуазиялық сипатта болғандығымен және кезеңділігімен ерекшеленген.
Сот реформасын жүргізуге объективті себептер негізге алынған. Сол негіздердің бірі – пара-қорлықтың етек жаюы болған.
И.В.Гессен реформаға дейінгі сот жүйесіне сипаттама бере отырып, былай деп жазған: «Парақорлықтың мемлекеттік аппараттың барлық сатысындағы шенеуніктердің басқа да арсыздық-тарымен қатар, үлкен жылдамдықпен кең жайы-лып кеткендігі соншалық, мұндай сұмдықты тіпті шаруа жұмысшылардың белді қорғаушыларының өздері мойындауына тура келді... Үкіметтің пара-қорлықпен күресуі ешқандай нәтиже бермеді, өйткені бұл сұмдық бүкіл мемлекеттік аппаратты жаулап алды. Судьялардың құқықтық деңгейлерінің төмендігін айтпағанда, жалпы білім деңгейлерінің төмендігі, әділсотқа қатысты істердің барлығы жеме жемге келгенде канцеляриялық шенеуніктер мен хатшылардың
қолымен жүзеге асты», - деген*.
1917 жылғы Қазан төңкерісінің идеологы В.И.Ленин өзінің «Французско-русские обычаи «подмазывать»!» мақаласында төңкеріске дейінгі Ресейдегі парақорлықтың жан түршігерлік ауқы-мын жазған. «Еуропада да, барлық жерде осындай құбылыстар болып жатыр, бірақ Ресейдегі сияқты «саяси қауіпсіздігімізге» нұқсан келтіретіндей (үстінен түсу қауіпсіздігі) Ресей сияқты державада ерекше сатқындықпен болып жатқан жоқ»**.
Ресей империясының құрамына кірген, 1917 жылдың Қазан төңкерісіне дейін де зардап шеккен
___________________________
*Гессен И.В. Судебная реформа. – М., 1905. – б.15-16.
*Ленин В.И. Толық.шығарм. жинағы., т.10. – б.33.
Қазақстан, Ресейдің шет аймақтарындағы халық-пен бірге, осы державаның парақорлық, параны қорқытып алу, қазынаны ұрлау, қол сұғу сияқты қулық, сұмдық, қорлықтың бәрін бірге көрді.
Одақтас республика ретінде КСРО-ның құрамына кірген кеңес одағы кезеңіндегі Қазақстанның дамуында, әрине сыбайлас жемқорлық көрінісі таңқаларлық құбылыс болған жоқ. Ол туралы ҚазССР-дың 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің 13 Тарауында орналасқан «Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар» тарауы куә.
Осы тараудың шеңберінде сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстар үшін жауаптылық көделген нормалар орналасқан.
КСРО құлағаннан кейін егеменді қазақстан жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сақталды және жаңа белсенділікпен бетбұрыс жасады.
1997 ж. 16 шілдеде қабылданған ҚК 1998 ж. 1 қаңтарда заңды күшіне еніп, 13 Тараудың мазмұны кеңейтілді. ҚК-те алғашқы рет «кәсіпкерлік қыз-метке заңсыз қатысу» деген 310 бап енгізілді. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңе-сінің төрағасы И.И.Роговтың бұл норманың сыбай-лас жемқорлыққа қарсы бағытталғаны айдан анық және күресіп отырған саясатымыздың мақсатымен көрініп тұр және осы норма енгізілгенде ешкімнің күмәнін тудырған жоқ, - деді*.
Бүгінгі жаңа Қылмыстық кодекс 2014 жылдың 03 шілдесінде қабылданып, 2015 жылдың
01 қаңтарында заңды күшіне енді. Бұл кодексте «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару
______________________
*Қараңыз.: Уголовный кодекс Республики Казахстан – общая характеристика (в сравнении с УК Казахской ССР). Практическое пособие. – Алматы: Баспа, 1997. – б.29.
мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар» деп аталатын 15 Тарау енгізілді.
Қазақстан тарихында алғашқы рет қылмыстық құқық саласының айналымында «сыбайлас жемқорлық» термині және одан туындайтын ұғымдар пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |