3- тақырып.
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты
Жоспары
1. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жалпы ұғымы
2. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықпен күрес жалпы мемлекеттік саясат элементі ретінде
3.Сыбайлас жемқорлықпен күресу саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық қызметі
1. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жалпы ұғымы
Экономикалық мүдделері сыбайлас жемқор-лықтың қирату әсеріне душар болған мемлекеттер онымен үнемі күрес жүргізген. Бұл күрес еш аяқталмаған соң, мемлекет басшылары жүйелі сипатта ұзақ нәтиже беруге бағытталған әдістер мен тәсілдерді дайындап, іске асыруға тырысты. Осылайша, жемқорлықпен күрес жалпы мемле-кеттік саясаттың міндетті элемент сипатына ие болды. Өйткені, оның салдарынан экономикалық мүддесіне соққы тиген мемлекеттер бұл құбылыс-қа қарсы күресті тоқтатқан емес, тоқтатпайды да.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, жемқорлық тәрізді жинақты ұғым. Бұл саясат мемлекеттің өмірі мен қызметінің, халқының ауқымды бағытын қамтиды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат экономика және қаржы салаларында, әлеуметтік пайдалы қызметте, халықаралық қатынаста, мәдениет және спортта, денсаулық сақтау, ғылым және білім беру және
т.б. салаларында негізгі функцияларды орындау үшін тиісті жағдай жасауға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат нәтижелі болмайды, егер оны тек құқықтық әдістермен, тәсілдермен және амалдармен орындайтын болса. Жемқорлыққа қарсы саясатты тиімді құру үшін жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға себеп болатын жағдайлар неден тұрады, жемқорлық бұзушылыққа апаратын объективтік шарттар қандай, мемлекеттің жеке алған әрбір жеке өмір мен қызметтегі жемқорлықтың теріс әсері неде, еліміздің нақты алғандағы экономикалық маңызды бағыттарының жемқорлық жұққан деңгейін және т.б. білу керек. Жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне қол жеткізу үшін, сол теріс құбылысқа итермелейтін нақты себептер мен салдарлардың дәрежесі мен объективті себептерін анықтау керек.
Жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін шет елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін зерттеу керек. Салыстырмалы талдау негізінде жемқорлықпен күресу бойынша шетелдік оңтайлы тәжірибе алуға болады. Дегенмен, шетел үлгілеріне көзді жұмып еріп кетуге болмайды. Бір елде жоғары нәтиже берген әдіс, екінші елде пайдасыз болуы мүмкін.
Осындай қалыптың себептері:
- әр елдің экономикалық және қаржылық салаларында өзіне тән ерекшеліктері бар (мысалы, бір елдер өзінің экономикасын аграрлық секторға бағыттайды, екіншілер- өндіру өнеркәсібіне, үшіншілер- машинажасауға, төртіншілер-туризмге және т.б.);
- әр елді мекендеген халықтың замануаи
жемқорлық ұғымына қатысы бар кейбір құбылыстардың шыққан тегін түсіндіретін өзінің мәдениеті, тарихы, ұлттық құндылықтары мен дәстүрлері бар;
- сыбайлас жемқорлық мимикрия қасиетіне ие, яғни кез-келген саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдениеттік жағдайлар мен олардың өзгеруіне бейімделу деңгейіне ие. Қазіргі сәтте жемқорлыққа қарсы әрекеттің тиімді фор-масы уақыт өте келе өзінің өзектілігін жоғалтады, өйткені сыбайластар жаңа жасырын әрекеттің, құпиялылықтың, құқыққа қарсы әрекетін бүркеу тәсілдерін ойлап табады. Белгілі бір тұлғалардың ыңғайлы әлеуметтік-эконмикалық факторларға бейімделу ортасын анықтау артық болмайды;
- сыбайлас жемқорлық ұлттық сипатта болып, әртүрлі мемлекеттердің экономикалық және қар-жылық мүдделеріне де нұқсан келтірмей қой-майды. Бір мемлекеттегі сыбайлас жемқорлық құ-қықбұзушылыққа тосқауыл қою, басқа мемле-кетте сондай тосқауылдың тиімділігінің қажет-тілігін түсіндірмейді, өйткені оған қарсы күресу жүйесі мүлдем басқа болуы әбден мүмкін..
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шартты түрде мынадай деңгейлерге бөлінеді:
1) аймақтық;
2) жалпы мемлекеттік;
3) халықаралық.
Бірінші деңгей – аймақтық (латын тілінен region - аймақ) – қандай да бір шектелген облысты қамтиды, жергілікті сипатқа ие. Жергілікті деңгейге облыстар (мысалы, Қазақстан Республикасында), сондай-ақ берілген мемлекетте қабылданған өзге де әкімшілік-аумақтық бөлініс түрлері (мысалы, АҚШ-та жеке дара штат, Қытайда жеке дара провинция және т.с.с.)
жатқызылады.
Екінші деңгей – жалпы мемлекеттік – сы-байлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық-тарының кері әсері барлық облыс-тардағы (штаттардағы, провин-циялардағы және т.с.с.) өмір мен қызметтің барлық салаларын қамтиды.
Үшінші деңгей – халықаралық – іргелес елдердің, сондай-ақ ортақ шекаралары жоқ, бірақ сыбайлас-жемқорлыққа қарсы әрекет етудің ортақ принциптерін ұстанатын елдердің өмірі мен қызметінің барлық салаларын қамтиды.
Осы деңгей шеңберінде аймақтық деп аталатын (латын тілінен reginalis – белгілі бір аумаққа, елдер тобына жататын) саясат ескеріледі, мысалға бұл саясат Еуропа, Азия, Еуразия және т.с.с. елдердің сыбайлас-жемқорлыққа қарсы шараларын қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |