Мазмұны Содержание Contents


Сыбайлас жемқорлықсыз білім жалпы білім беру құқығымен байланысты



бет11/224
Дата11.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#67099
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

Сыбайлас жемқорлықсыз білім жалпы білім беру құқығымен байланысты.
Білім беру құқығы – жаңадан құрылып жатқан ең жас құқық саласының бірі. Ол білім беру саласындағы қатынастарды реттейді. Заманауи деңгейдегі оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асады: мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
жағдайларда Қазақстанда білім беру жеті; бастауыш білім; негізгі орта білім; орта білім; орта білімнен кейінгі білім; жоғары білім; жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Білім берудің барлық деңгейлерінде үйренуші (тәрбиеленуші) мен үйретуші (тәрбие беруші) арасында қалыптасқан
қатынастардың өзіндік ерекшеліктері бар. Осыған
қатынастардың өзіндік ерекшеліктері бар. Осыған қарамастан білім беру қатынастарының субъектілері өз құқықтарының шегінде бірыңғай білім беру жүйесінің мақсаттарын орындауға міндетті. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»заңының (2007 жылғы 27 шілде, №319 ІІІ) 11- бабына сәйкес тұлғаны сыбайлас жемқорлық және қоғамға жат кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу білім беру жүйесінің мақсаты болып табылады.
Сонымен, «Сыбайлас жемқорлықсыз білім» пәні, білім үрдісінің ерекшеліктерін қамтитын, әртүрлі құқық салаларының элементінен тұратын білімдік-құқықтық пән ретіндегі орнымен анықталады.


Негізгі тұжырымдар:
1. Тәрбиелеу, оқыту және дайындық – білім берудің триедиялық үрдісі.
2. Тиімді білім беруді ұйымдастырмай, интеллектуалды ұлтты құру мүмкін емес.
3. Білімді адам – адам білімділіктің белгілі бір белгілеріне формальды ие болғандығында ғана емес (мысалы, белгілі бір нысандағы диплом алғандығын куәландыратын құжат), сонымен қатар бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құ-лықты қалыптастырған, нормативті ережелерді пір тұтатын, заңға бағынышты, заңды мойындайтын, тұрақты азаматтық көзқарасы бар, сондай пікірді болмысына сіңірген тұлға.
4. «Сыбайлас жемқорлықсыз білім» пәні әртүрлі құқық саласынан алынған мәліметтердің кешенінен құралған, синтетикалық сипаттағы ерекшеліктерімен айқындалатын білімдер жиынтығын құрайды.
5. «Сыбайлас жемқорлықсыз білім» пәнінің мақсаты мен міндеттері жалпы білім беру үрдісінің мақсаты мен міндеттеріне бағытталған.
6. Сыбайлас жемқорлықсыз білім беру мәселелерін зерттеудің әдісі әртүрлі құқық салаларының сабақтас пәндермен байланыстылығы негізінде құрастырылған және қолданылатын жалпы ғылыми және арнайы әдістер тобына бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет