Мазмұны Содержание Contents


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет12/224
Дата11.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#67099
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. «Сыбайлас жемқорлықсыз білім» оқу пәні нені түсіндіреді?
2. «Сыбайлас жемқорлықсыз білім» пәнін оқыту барысында, қандай мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді?
3. «Сыбайлас жемқорлықсыз білім» пәнін оқу ба-рысында, қандай міндеттерді шешу көзделеді?
4. «Сыбайлас жемқорлықсыз білім» пәніндегі мәселелерді оқу және зерттеу барысында, қандай әдістер қолданылады?
5. «Сыбайлас жемқорлықсыз білім» пәніне сабақтас қандай пәндер тән болып келеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ударцев С.Ф. Конституция и правовое регулирование образования // Роль Конституции Республики Казахстан в обеспечении законности, прав и свобод граждан: Материалы круглого стола, посвященного 7-летию принятия действующей Конституции Республики Казахстан, г.Алматы, 22 августа 2002 года. – Алматы, 2002. – С.113-116.
2. Ударцев С.Ф. О правовой политике в области образования // Правовая реформа в Казахстане. 2001, № 12. – С.59-64.
3. Кунхожаева Г.Н. Государственное управление в сфере образования РК: преспективы и развитие // Актуальные проблемы гражданского и трудового права: Материалы международной научно-теоретической конфренции, г.Алматы, 26 апреля 2006 года. – Алматы: Каз НПУ им.Абая, 2006, - С. 38-45.
4. Чашников В.А. Антикорруционное образование в органах внутренних дел Российской Федерации (на примере Уральского юридического института МВД РФ) // Право и образование, 2015 год, № 3. – С.76-80.
5. Стефан Р. Хайнеман. Образование и корруп-
ция // Народное образование. - №9. – 2004. – С. 26-29.


2-тақырып. Сыбайлас жемқорлық ұғымы
Жоспар
1. «Сыбайлас жемқорлық» терминінің пайда болуы
2. Сыбайлас жемқорлықтың тарихи тамырлары
3. Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары
1. «Сыбайлас жемқорлық» терминінің пайда болуы
«Коррупция» термині латын сөзі «сorruptio», өздерінің қызмет бабын тікелей теріс пайдалану арқылы жеке бастарының баюына мақсат қыла отырып, лауазымды тұлғалардың және саясаткер-лердің сатылуы және сатып алу.
Қылмыстылықты әлеуметтік маңызды құбы-лыстардың бірі ретінде арнайы зерттейтін және онымен күресудің әдістерін қарастыратын кри-минологтар, сыбайлас жемқорлықты экономика саласындағы мемлекеттік құрылымдардың қыл-мыстық құрылым болып тамырлануы деп анық-тайды, сондай-ақ қоғамдық және саяси қайрат-керлердің сатылуы және оларды сатып алу дейді.
Саясаткерлер сыбайлас жемқорлықты – саясат саласындағы және мемлекеттік басқарудағы лауа-зымды тұлғалардың, әскери шендегілердің өзде-рінің қызмет бабын тек қана баю мақсатында, жеке мүдделерінің бас пайдасы үшін теріс пайдалана-тын қылмыстық қызметі деп санайды.
Сыбайлас жемқорлықтың лексикалық (немесе грамматикалық) талқыламасына келетін болсақ, бұл анықтаманың мемлекеттік дамудың қандай қоғамдық нысанына қарай жоғарыдағы анықтама-лардан ажыратуға болады. Мысалы, С.И.Ожегов-тың тұжырымдауынша жемқорлық капиталистік нысандағы қоғамдық қатынастарда ғана болатын

құбылыспен байланыстырады. (1968 ж. жарық көрген) «Словарь русского языка» атты еңбегінде: «сыбайлас жемқорлықты – буржуазиялық мемлекеттердегі лауазымды тұлғалардың, саяси қызметкерлердің сатылуы», - делінген.


С.И.Ожеговтың сыбайлас жемқорлықтың ұғы-мы бойынша қателесуі, бұл құбылыстың буржуа-зиялық қоғам мен мемлекеттерде ғана болуымен шектелмейтіндігінде. Заманауилық жағдайда бұл дертке қоғамдық қатынастардың нысанына қара-мастан, әлемдегі мемлекеттердің басым көпшілігі шалдыққан. Жемқорлық кеңестік мемлекеттерде болмады деп айта алмаймыз: мысалы, КСРО-ның құрамын да болған, Қазақ кеңес республикасында да болды, яғни бүгінгі ҚР.
«Сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұ-зушылық» ұғымы қылмыстық-құқықтық ұғым ғана емес, бұл ұғым құралмалы, яғни тәртіптік шара-лардан бастап, қылмыстық-құқықтық шаралармен аяқталатын көптеген құқықбұзушылықтардың то-ғысқан ұғымынан туындап отыр.
Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты жасаған қатынастарды реттеумен байланысты нор-маларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресетін нормалар деп танимыз.
ҚР сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған арнайы заңдар қабылданған. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақ-тастықты, күресуді жүзеге асыратын және құқықтық көмек көрсететін бірқатар халықаралық актілердің қатысушы мүшесі болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы» термині алғашқы рет Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2014 жылдың 04 шілдесінде енгізілді. Қазіргі таңда 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енген Қазақстан Респуб-ликасының Қылмыстық кодексінде «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар» деп аталатын 15 тарау қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет