Мазмұны Содержание Contents


-тақырып. Жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін заңды жауапкершіліктің конституциялық-құқықтық негіздері



бет28/224
Дата11.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#67099
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

5-тақырып. Жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін заңды жауапкершіліктің конституциялық-құқықтық негіздері


Жоспар
1.ҚР-дағы адам мен азаматтың консти-туциялық құқықтары мен бостандықтары
2. Жеке құқықтар мен еркіндіктерді жемқорлық құқық бұзушылықтарынан қорғау
3. Әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтарды жемқорлық құқық бұзушылықтарынан қорғау
4. Саяси құқықтар мен бостандықтарды жемқорлық құқық бұзушылықтарынан қорғау



  1. Қазақстан Республикасындағы адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары

ҚР-ның Конституциясы ең маңызды қарым-қатынасты – адам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Осы қарым-қатынастар жүйесінде «Адамның құқықтық мәртебесі» атты құқықтық институт жұмыс істейді.
Тұлғаның энциклопедиялық тұрғыдағы құқық-тық мәртебесі мемлекетпен заңнамалық тәртіпте танылған және кепілдендірілген құқықтар, еркіндіктер мен міндеттемелер, сондай-ақ адамның құқық субъектісі ретіндегі заңды қызығушылықтар жүйесі ретінде анықталады. Құқықтар мен еркіндіктер – азаматтың мемлекетпен танылған және қамтамасыз етілген әлеуметтік мүмкіндіктері, міндеттер – мемлекеттің азаматтың алдына, оның жүріс-тұрысына қоятын талаптары*.
____________________
*Қараңыз: Үлкен заң сөздігі. – М.: ИНФРА-М. – 2002. – 466 б.
Осылайша, тұлғаның құқықтық мәртебесі – бұл азамат құқықтарының еркіндіктері мен міндет-терінің, сондай-ақ олардың іске асырылуының заңды кепілдіктерінің жиынтығы.
Тұлғаның құқықтық мәртебесінің ажырамас құрамдаушы элементтері бола тұра, құқықтар мен еркіндіктер қоғамдық маңызға ие саяси-құқықтық құбылыс ретінде, жалпы адамның рухани-адамгершіліктік құндылықты болмысын анық-тайтын фактор ретінде танылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның аталған құқықтары мен бостандықтары конституциялық деп аталады. Бұл жайт мынаны білдіреді:
- ҚР Конституциясы, субъектіде азаматтық қарым-қатынастардың бар-жоқтығынан тәуелсіз, Қазақстан аумағында болатын барлық қарым-қатынастарға өз ықпалын тигізеді;
- ҚР-ның Конституциясы ең жоғары заңды күшке ие. Егер адам мен азаматтың құқықтары мен еркіндіктерінің заңды мазмұны мен мәнісі ҚР Конституциясында жазылса, басқа ешбір заң оларға ықпал ете алмайды;
- осы құқықтар мен еркішдіктердің іске асырылуына ҚР Конституциясының бұйрықтары, нормативтік құқықтық актілердің (заңдардың, жар-лықтардың, кодекстердің) ережелері кепіл.
Адамның конституциялық құқықтары мен еркіндіктері мынадай топтарға бөлінеді:
1)жеке құқықтар мен бостандықтар;
2)әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтар;
3) саяси құқықтар мен еркіндіктер.
Адам құқықтары мен еркіндіктерін топтарға бөлу – шартты. Түрлі негіздермен өзге класификациялар бар.
Тұлғаның барлық құқықтары мен бостандықтары өзара тығыз байланыста және өзара шарттасылған. Бұл жайт ешбір құқық және ешбір еркіндік басқа құқықтар мен еркіндіктерге қарсы қойылуы мүмкін емес деген пайымдауға негіз болады.
Кез келген конституциялық құқықтың немесе жалпы алғанда кез келген конституциялық еркіндіктің біртұтастығы мен сақталуына заңсыз қол сұғу тұлғаның құқықтық мәртебесіне қол сұғуды білдіреді. Заңсыз қол сұғушылыққа кінәлі тұлға заңмен белгіленген жауапкершілікті тартады. Заңсың қол сұғушылық жемқорлық сипатқа ие болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет