2. Ұрлаушы тұлғасы
(қылмыс субъектісі)
Ұрлаушы тұлғасын қарастыруды екі аспектіде жүзеге асыруға болады: 1) криминалистикалық сипаттама; 2) қылмыстық-құқықтық сипаттама.
Ұрлаушы тұлғасының криминалистикалық сипаттамасы ұрлаушы:
- пайдакүнем типіндегі тұрақты мақсатқа ие екенін білдіреді. Бұл мұндай тұлға үшін бастысы
бөтен мүлік есебінен олжа табу екенін білдіреді;
- бұл, әдетте, екпінді адам екенін білдіреді, ол көп жағдайда – жоғары, сирек жағдайда – орта арнайы білімге, сирек емес жағдайда – ғылыми дәрежеге, ғылыми немесе құрметті атаққа ие адам;
- басшылықтың, құқық қорғау органдарындағы, жергілікті әкімшіліктегі керек адамдардың көңілінен шыға алатынын білдіреді;
- керек адамдармен көп таныстықтарға ие адам екенін білдіреді;
- сыпайы, жанжалға араласпайтын адам;
- өзіне қатысты қайтара көмек аламын деген есеппен өз серіктестеріне көмек көрсететін адам;
- көп жағдайда жоғары лауазымды тұлғалармен арадағы шынайы байланысы туралы қасындағыларын әдейі хабардар етеді. Мұндай әрекеттің мақсаты – өзіне қатысты әріптестер, сондай-ақ тікелей басшылық тарапынан жұмыстағы қателіктері мен кемшіліктері «кешірілетіндей» қарым-қатынасқа қол жеткізу;
- мансап бойынша қарқынды өсім, бірақ өсу белгілі бір деңгейге дейін ғана жалғасады, бұл деңгейде ұрлаушы өзін қауіпсіз сезінеді, иемденіп алу мен талан-таражға салуды жайлылықта және «жазасыз» іске асыра алады.
Қылмыстық-құқықтық сипаттамада ұрлау-шы тұлғасы басқаша сыбайлас жемқорлық қылмысының субъектісі деп аталады.
ҚР ҚК 189 б. 3 бөлімінің 2 тармағымен қарас-тырылған қылмыстық құқық бұзушылық субъекті-леріне тұлға ретінде мыналар танылады:
1) есі дұрыс жеке тұлға;
2) 16 жасқа толған адам;
3) мүлік заңды иелік етуге сеніп тапсырылған тұлға;
4) Осы мүлікке қатысты тұлға белгілі бір
өкілеттіктерге ие.
Меншікке қарсы жемқорлық құқық бұзушылығына қатысты субъект ретінде бұл субъектіні міндеттілерімен қатар қосымша белгілердің болуымен ерекшелейтін белгілі бір қасиеттерге ие тұлға танылады. Мұндай субъект арнайы деп аталады. Аранйы субъекттің белгілері Қазақстан Республикасының Қылмыстық ко-дексінің 189 б. 3 б. 2 т. мәтінінде қамтып көрсетілген. Бұл белгілер: мемлекеттік функ-цияларды орындауға өкілетті тұлға; немесе осындай тұлғаға теңдестірілген тұлға; не болмаса лауазымды тұлға; не болмаса жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлға.
И.Ш. Борчашвилидің пікірінше, өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алуды немесе талан-таражға салуды лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланудан ажырата білген жөн.
Бұл ретте негізгі ажыратушы критерий ретінде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу құрамында өзінің қызметтік жағдайын пайдалану қылмысты жасаудың тәсілі ретінде ұғынылатынын, ал лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану құрамында әрекеттің өзін сипаттайтынын таныған жөн. Мысалы, тұлғаның өзінің қызметтік жағ-дайын пайдаланып иемденіп алу ретінде осындай тұлғаның шикізатты шығындау нормаларын бұзу, өндіріс технологиясын бұзу, табиғи шығын нормаларын асыра көрсету және т.с.с. арқылы жинақталған мүлікті өз пайдасына айналдыруды қарастырған жөн. Лауазымды тұлғаның жұмыс-шылардан олардың артық тапқан ақшалай қаражаттарының бір бөлігін алу мақсатымен орын-далған жұмыстар көлемін асырып көрсету секілді әрекеттерді өзінің қызметтік жағдайын пайда-ланып, сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу ретінде таныған жөн. Мемлекет немесе қоғам ақшасын комиссияларды, «қонақтарды» және т.с.с. қабылдауға қатысты түрлі іс-шараларды ұйым-дастыруға заңсыз жұмсайтын лауазымды тұлғаның әрекеттерінде иемденіп алу құрамы жоқ*.
Достарыңызбен бөлісу: |