Мазмұнын жаңарту мәселелері Республикалық on-line конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет15/23
Дата18.01.2017
өлшемі2,23 Mb.
#2143
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫН ҚОҒАМДЫҚ
-
ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕРДЕ 
ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫМЕН САБАҚТАСТЫРА ОҚЫТУ
 
 
Матекова Бақтыгул Темірханқызы, 
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ  
аға оқытушысы Оңтүстік Қазақстан облысы,  
Шымкент қаласы 
 
Жер  бетінде  елінің  тәуелсіздігін  баянды  болғанын  қаламайтын  ел  жоқ 
шығар. Тәуелсіздің жолында халқымыз талай тар жол, тайғақ кешулерді бастан 
өткізе отырып, бүгінді егемен ел болды. 

131 
 
Басынан  кешкен  қасірет  қатпары  қалың  елімізді  егемендік  алған 
жылдардан бергі біткен істермен бағамдар болсақ, мақтан тұтар мәдениеті мен 
салт-дәстүрлері сақталған, әлемдік өркениет көшінде өзіндік бет-бейнесі бар ел 
болып  қалыптасты.  Қазіргі  таңда  қазақ  елі  БҰҰ–на  мүше  мемлекеттердің 
ортасынан  ойып  орын  иеленіп,  өзге  елдермен  заман  талабына  сай  қарым-
қатынасқа көшкен.  
ХV ғасырда өмір сүрген Қазтуған жырау:  
«Салуалы менің ордам қонған жер, 
Жабағылы жас тайлақ, 
Жардай атан болған жер. 
Жатып қалған бір тоқты, 
Жайылып  –  мың  қой  болған  жер»,  -  деп  жырлаған  туған  жерді,  атамекенді 
қорғау,  оны ұрпаққа  аманат  етіп  қалдыру  мәселесі  қазақ халқы  үшін жауапты 
міндеттердің бірі болып саналса, бұл бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті үшін 
де маңызды [1,121]. 
Елбасы  Н. Назарбаев  Қазақстан  халқына  арнаған  «Қазақстан-2050» 
стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Жолдауында: 
«Біз бәріміз бір атаның – Қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз 
біреу – қасиетті Қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – 
тәуелсіз  Қазақстан.  Біз  болашаққа  көз  тігіп,  тәуелсіз  елімізді  «Мәңгілік  Ел» 
етуді  мұрат  қылдық.  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы  осынау  мәңгілік  жолдағы 
буындар  бірлігінің,  ұрпақтар  сабақтастығының  көрінісі.  Бабалардың  ерлігі, 
бүгінгі  буынның  ерен  істері  және  жас  ұрпақтың  жасампаздығы  арасында 
сабақтастық  болса  ғана,  біз  «Мәңгілік  Ел»  боламыз»-деп  «Мәңгілік  Ел» 
жолындағы басты ұстанымды атап өтеді [2]. 
Мұратсыз ұлт ұлт болып қалыптасуы да, сақталып қалуы да мүмкiн емес. 
Қазақ  Хандығы  тұсында  ұлттық  идеяның  негізі  -  мемлекеттiктi  нығайту, 
этникалық территорияны қалыптастыру, Ресей, Қытай, Жоңғар, Орта Азиялық 
мемлекеттермен  оңтайлы  қарым-қатынас  орнатып,  елдігімізді  сақтап  қалу 
болды.  Қазіргі  жаһандану  дәуірінде  тәуелсіз  мемлекетіміздің  де  Мәңгілік  Ел 
мұраты - елдігімізді сақтау.  
Әлемнің  жаңа  бет  бейнесі  жаһандану  дәуірімен  бірге  қалыптасып  келе 
жатқанда  елдігімізді  сақтауда  Елбасымыз:  «Мәңгілік  ел  -  ата-бабамыздың  сан 
мың  жылдан  бергі  асыл  арманы  екенін  барлығымыз  білеміз.  Ол  арман  әлем 
елдерімен  терезесі  тең  қатынас  құратын,  әлем  картасынан  ойып  тұрып  орын 
алатын  тәуелсіз  мемлекет  атану  еді.  Ол  арман  тұрмысы  бақуатты,  түтіні  түзу 
шыққан,  ұрпағы  ертеңіне  сеніммен  қарайтын  бақытты  ел  болу  еді.  Біз  бұл 
армандарды  ақиқатқа  айналдырдық.  Мәңгілік  елдің  іргесін  қаладық.  Мен 
қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі 
талқыға  түсіп  жүргенін  естіп  жүрмін,  біліп  жүрмін.  Біз  үшін  болашағымызға 
бағдар  етіп  ұлтты  ұйыстыра  ұлы  мақсаттарға  жетелейтін  идея  бар.  Ол  - 
Мәңгілік  ел  идеясы.  Тәуелсіздігімізбен  бірге  халқымыз  мәңгілік  мұраттарына 
қол  жеткізді.  Біз  еліміздің  жүрегі,  тәуелсіздігіміздің  тірегі  мәңгілік 
елордамызды  тұрғыздық.  Қазақтың  мәңгілік  ғұмыры  ұрпақтың  мәңгілік 

132 
 
болашағын баянды етуге  арналады.  Ендігі ұрпақ  -  мәңгілік  қазақтың перзенті. 
Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы-Мәңгілік ел», - дей отырып, халқымыздың 
ежелден тәуелсіздікті мақсат-мұрат еткенін ерекше атап өтеді.  
Тәуелсіздік  -  қасиетті  сөз,  қастерлі  де  киелі  ұғым.  Тәуелсіздіктің  туын 
желбіретіп,  жықпай  ұстау,  біздің  қолымызда.  Тәуелсіздігімізді  көзіміздің 
қарашығындай  қорғау  баршамыздың  борышымыз.  Дамушы  мемлекеттер 
қатарында  дами  отырып  біздің  кім  екенімізді,  ата-бабамыздың  қандай 
болғандығын, ұлан байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап, 
қалай  қастерлегенін,  кешегі  тектілердің  ұрпағы  екендігімізді  ұғынып, 
келешекке жеткізу қазіргі ұрпақ - біздің парызымыз. 
ХХІ ғасырда Қазақстанды Мәңгілік Ел мұратына бастар  - ертеңгі нұрлы 
болашаққа,  кемел  келешекке  апаратын  жастарды  тәрбиелеу,  дайындау  білім 
саласы қызметкерлерінің міндеті.  
Еліміз  білім  беру  ісін  дамытуда  120  елдің  арасында  көш  бастаушылар 
қатарына  енді.  Білім  саласына  бөлінетін  қаражат  тәуелсіздік  жариялағаннан 
бастап қазірге дейін 10 есеге көбейді. Осы жылдары мыңдаған жаңа мектептер 
салынды.  Сонымен  қатар  мектепке  дейінгі  мекемелер,  балабақша  мен 
орталықтар ашылды. 
Білім  -  қай  қоғамда  болмасын  жоғары  құндылықтардың  бірі  болып 
саналған.  Сондықтан  да  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  жүзеге  асыруда  білім  беру 
жүйесін  әрі  қарай  дамыту,  жетілдіру  жоспарлары  құрылып,  заманауи 
техникалық  мамандықтаржүйесін  дамыту,  оқыту  әдістемелерін  жаңғырту, 
елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандар 
дайындалуда.  Мемлекет  өз  тарапынан  жастардың  сапалы  білім  мен  саналы 
тәрбие  алуына,  қажетті  мамандықты  игеруіне,  өз  арман-мақсаттарын  жүзеге 
асырулары  үшін  бар  мүмкіндіктерді  жасауда.  Атап  айтар  болсақ,  әлемдік 
деңгейдегі  Назарбаев  Университеті,  Назарбаев  Зияткерлік  мектептері, 
«Болашақ»  бағдарламалары  Мәңгілік  Ел  мұратына  бастар  жоғары  білімді  ұлт 
қалыптастыруда.  
Жоғары білімді ұлт қалыптастыруда орта білім жүйесіндегі жалпы білім 
беретін  мектептерді  Назарбаев  зияткерлік  мектептерінің  оқыту  деңгейіне 
жеткізу,  мектеп  түлектерін  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерін  меңгертуге 
арналған «Үштұғырлы тіл» саясаты жүзеге асуда.  
Елбасымыз  Н.Ә. Назарбаев  тілдердің  үштұғырлылығын  міндеттей 
отырып: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді білетін мәдениетті ел ретінде 
танылуы тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас 
тілі  және  ағылшын  тілі  –  жаһандық  экономикаға  ойдағыдай  кірігу  тілі»  деген 
болатын[3]. 
Орта  білім  беретін  мектептерді  білім  сапасы  жағынан  Назарбаев 
зияткерлік  мектептері,  дарынды  балаларға  арналған  арнайы  мектептер 
деңгейіне  жеткізу  бұл  қатардағы  мектеп  мұғалімдеріне  үлкен  үміт  артуда. 
Мұғалімнің  атқаратын  қызметтер  ауқымы  кең.  Сондықтан  да  пән  мұғалімдері 
заманауи  технологияларды  меңгере  отырып,  білім  сапасын  жақсартуға 
жауапкершілікпен  қарауы  тиіс.  Әрбір  пән  мұғалімі  сонымен  қатар,  үнемі  алға 

133 
 
қарай бағыт ұстайтын тұлға ретінде көріне білуі қажет. Орта ғасырларда Білге 
қаған:  «Түркі  жұртының  тоқмейілсуден  асқан  дұшпаны  жоқ»  -  деп  атап 
өткеніндей,  қол  жеткенге  мойынсыну,  тоқмейілсіну  –  білім  беру  саласын 
тоқырауға әкелуі мүмкін.  
Жаһандану  үрдісінде  еліміздің  жарқын  болашағы  жас  ұрпаққа  сапалы 
білім мен саналы тәрбие беруде пән мұғалімі: 

 
Өз білімін үнемі жетілдіру жолында жұмыс жүргізуі; 

 
Шығармашылықпен айналысуы; 

 
Бір ғана өз пәнінің шеңберінде шектеліп қалмай, ізденісте болуы; 

 
Инновациялық технологияларды меңгеруі; 

 
АКТ-ды қолдануы; 

 
Біліктілікті көтеру курстарынан өтуі; 

 
Шәкіртінің жүрегіне жол таба білуі шарт.  
Білім  саласы  арқылы  жастардың  бойында  әрқашан  елін,  жерін  қорғауға 
дайын болу, Отанын мақтаныш тұту, жетістіктерімен сүйсіну, ар-ұждан, намыс, 
қайырым, мейірім сезімдері қалыптасады десек, «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясын 
жүзеге асырудың мақсаты: 

 
Білім мекемелері оқу-тәрбие жұмысының нәтижелілігін арттырады; 

 
Білім беру ұйымдарында білім сапасын жоғарылату; 

 
Мұғалімнің  кәсіптік  деңгейін  шыңдау  мен  педагогтық  жауапкершілігін 
көтеру; 

 
Әдістемелік қызметтің ықпалы мен әсерін нығайту; 

 
Инновациялық  әдіснамаларды  оқып-үйренуді  жетілдіру,  деңгейлік  оқыту 
қағмдаларын ұтымды қолдану; 

 
Ата-аналар  мен  мектептің  ынтымақтастығын  дамыту,  тәрбиенің 
тағылымдарын таныту;  

 
Еліміздің зиялыларын таныту және оларды үлі ету. 
Жер жүзінде екі мыңнан астам ұлт пен ұлыс мекендейді десек, солардың 
әрқайсысының  өзіне  ғана  тән  әдет-ғұрыптары  мен  салт-дәстүрлері  бар. 
Дәстүрсіз  халық  жоқ.  Ол  тарихи  негізде  қалыптасып,  ұрпақтан  ұрпаққа 
берілетін  әдет-ғұрып,  жалпыға  бірдей  тәртіп,  әдеп-инабат  нормасы  болып 
табылады  [4,  19].  Жасөспірімдердің  бойында  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлерді 
сақтай  отырып,  адамгершілік  қасиеттерді  қалыптастыруда  тарих  сабақтары 
үлкен роль атқарады.  
Тарихқа көз жүгіртсек, мынадай терең тағылымды аңызбен танысамыз: 
«Баяғыда  бір  хан  жанына  нөкерлерін  ертіп  аңға  шығады.  Орман  кезіп, 
қыр  асып  келе  жатса,  алдынан  екі  көзі  ботадай  мөлдіреген  сұлу  киік  шыға 
келеді. Хан садақтан оқ атып, киіктің аяғын жаралайды. Ханның нөкерлерінің 
қиқу  салып  қуғанынан  қашқан  киік  сонадайдан  көз  тартқан  ақбоз  үйге  қарай 
қашып,  ашық  тұрған  есіктен  ішке  қойып  кетеді.  Үй  иелері  жайылған 
дастарханнан  түскі  тамақ  ішіп  отыр  екен.  Есіктен  ентіге  кірген  киік  жаюлы 
дастарханнан  бір-ақ  ырғып,  төрдегі  керегеге  тұмсығын  тіреп,  солығын  баса 
алмай тұрып қалыпты.  

134 
 
- «Шығар киікті!»  – деп дауыстаған Ханға төрде отырған қария:«Бұл тау 
тағысы  сенің  олжаң  екені  рас.  Бұл  сорлы  жаны  қысылған  сәтте  менің  төріме 
шығып  кетті.  Ортада  көріп  тұрғаныңдай  дастархан  жаюлы.  Ата  салтымыз 
бойынша, дастарханды аттап өте алмайсың. Халқымыз бір-біріне жауыққан екі 
адамды  татуластырарда  дастархан  басына  алып  келмеуші  ме  еді.  Тіпті  хан 
болсаңда, дәстүрден үлкен емессің. Ал, дәстүрді, қалыптасқан ата-салтымызды 
бұзсаң, халықтың табасына қаласың, жолың болмайды, - деп жауап береді. Хан 
аталы сөзден жеңіліп, ат басын кері бұрыпты». 
Бұл аңыздан халқымыздың ата-салттан, дәстүрден аттамай, адамгершілік, 
қайырымдылық, мейірім қасиеттерінін бойында сақтағанын көреміз.  
Қорыта  келгенде,  егемен  еліміздің  игілігі  үшін  қызмет  етуге  қолайлы 
жағдай  жасау  мен  әлемнің  дамыған  мемлекеттерінің  қатарына  қосылуда 
Мәңгілік Ел мұраттарына бастайтын білім көшінде үлгі-өнеге көрсете білейік.  
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Екі-мыңжылдық дала жыры. /Бас редактор Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ 
энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2000 
2.
 
Назарбаев  Н.  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің 
жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы. 2012. 
3.
 
Қазақстан  Респуликасының  Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына  Жолдауы  «Қазақстан  дамуының  жаңа  кезеңі.  Ішкі  және  сыртқы 
саясатымыздағы аса маңызды 30 серпінді бағыт». Астана, 2007 жыл. 
4.
 
Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж. Әдеп: инабаттылық дәрістері. Оқу құүралы. – 
Алматы: Рауан, 1998. 
 
 
МӘЛІК ҒАБДУЛЛИННІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ 
ӨСКЕЛЕҢ
 
ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ
 
 
Матенова Жадыра Галиқызы, 
№54 м/л тарих пәні мұғалімі 
 
Мәлік  Ғабдуллин  1915  жылы  2  (15)  қарашада  Ақмола  облысы  Зеренді 
ауданына  қарасты  Қойсалған  ауылында  дүниеге  келді.  1924-1931  жылдарда 
М. Ғабдуллин  Көкшетау  қаласындағы  жетіжылдық  қазақ  мектебінде  оқиды. 
1931  жылдың  қыркүйегінен  1935  жылдың  шілдесіне  дейін  Алматы 
қаласындағы  Абай  атындағы  Педагогикалық  институттың  «Қазақ  тілі  мен 
әдебиеті” бөлімінің студенті болды.  
Жоғарғы  оқу  орнын  ойдағыдай  аяқтаған  Мәлік  1935-1937  жылдары  дей 
Өзбекстанның Ферғана қаласында Отан алдындағы борышын өтеді.  
Әскерден  келген  соң,  1937  жылы  «Социалистік  Қазақстан»  газетінде 
әдеби  қызметкер,  1938  жылы  «Қазақстан  пионері»  газеті  редакторының 
орынбасары  қызметінде,  кейін  КСРО  Ғылым  Академиясының  қазақстандық 
филиалында Тіл және Әдебиет Институтының ғылыми қызметкері болады. 

135 
 
1938–1941  жж.  Қазақ  педагогикалық  институтының  аспирантурасында 
оқыды. Осы жылдары Мәлік Ғабдуллин қазақ фольклорының мәселелерін терең 
зерттеумен айналысты. Қазақ халқының лироэпосы, батырлық жырлары, ертегі-
аңыздары,  тұрмыс  салт  өлеңдері,  жұмбақтар,  мақал-мәтелдер,  жаңылтпаштар, 
суырыпсалма өнері туралы көптеген деректер жинақтады. 
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда, алғашқылардың бірі болып өз 
еркімен  майданға  аттанады.  1941-1946  жылдары  Кеңес  әскерінің  генерал 
И.Панфилов  бастаған  даңқты  8-гвардия  дивизиясы  сапында  1-автоматшылар 
ротасының  саяси  жетекшісі,  2-атқыштар  батальонының  комиссары,  полк 
үгітшісі  болып,  Ұлы  Отан  соғысына  қатысты.  Мәскеу  іргесіндегі  қанды 
шайқаста  қаһармандықтың  асқан  үлгісін  көрсеткен  Мәлік  Ғабдуллиннің  Ұлы 
Отан  соғысындағы  ерлік  даңқы  бүкіл  одаққа  әйгілі.  Көптеген  қазақ  ақындары 
оған арнап, өлең-жырлар шығарды. 
1942  жылы  Новгород  облысына  қарасты  Холм  қаласының  маңында 
болған  ұрыста  Мәлік  солдаттардың  біразына  басшылық  етеді.  Ол  басқарған 
сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. 
Кескілескен  ұрыстың  нәтижесінде  жаудың  екі  танкісін  гранатамен  жарып, 
жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат 
алады. Алған жарақатына қарамастан, жауға қарсы оқ боратады.  
Осы  ерлігі  үшін  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумының  Жарлығымен 
1943 жылы 30 қаңтарда Мәлікке "Кеңес Одағының Батыры" атағы берілді. Бұл 
атақпен қоса, Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де берілді. 
Мәліктің  жаужүрек  батырлығы  жөнінде  очерк  жазған  Борис  Полевой 
"Правдада"  жарияланған  "Эпостың  тууы"  атты  очеркінде  И.В.Панфиловтың 
толғанысын  былайша  суреттейді.  “…Өзінің  көргісі  келді.  Сұңғақ  бойлы, 
талдырмаш  жасты  Панфилов  ұзақ  айналдырып  қарады.  Шынын  айтқанда, 
Мәліктің денесіне соғыстың әскери киімі әлі қона да қоймаған кезі еді. “– Мә, 
саған ғылым адамы! Жарайсың! Жаман солдат болмассың”,  – деді ол Мәлікке 
жарықшақты дауысымен. Сөйтті де, Мәлікті өзіне қарай тартып алып, кәдуілгі 
орыс  халқының  әдетінше,  бетінен  үш  рет  сүйді.  Бұлардың  қасында  жақын 
тұрған  адамдар,  көп  езу  тартпайтын,  салқын  жүзді  атақты  генералдың  сыр 
бермейтін  жүзінде  әкелік  қуаныштың  лап  бергенін  байқасып  қалысты”. 
Етігімен су кештіріп, қанды көбік жалатқан қатыгез күндер өз батырын осылай 
тудырды”. 
М.  Ғабдуллин  қолынан  келгенінше  адамдардан  жақсылығын  аямайтын 
қамқорлық пен жанашырлықтың үлгісі болған. Ол 1943 жылы елге демалысқа 
келгенде Бауыржан Момышұлының зайыбы Жамал көп адамды қосып, қонаққа 
шақырады.  Сонда  Мәлік  Баукеңнің  баласы  Бақытжанның  жақсы  болып  өсіп 
келе  жатқанына,  қазақша  сөйлеуіне  және  де  олардың  жайсыз  үйде  тұрып 
жатқандарына  ерекше  назар  аударады.  Бұл  туралы  Мәлік  Баукеңе  жазған 
хатында:  «…Жамал  Бақытты  қазақша  сөйлеуге  үйретеді,  онысы  орынды  және 
дұрыс. Жас бала орысшаны қашан да болса тез үйренеді, ана тілін білмесе ол 
ұят  болады  ғой.  Сіздің  үйге  квартира  бермегеніне  наразылық  білдіріп, 
горкомға,  Оңдасынов  пен  Шаяхметовке  айтып:  «Қазақ  халқынан  шыққан  бір 

136 
 
батыр  командирдің  семьясына  квартира  тауып  бере  алмағандарың  ұят  емес 
пе?» дедім. Олар: «Қайтсе де жақын арада квартира берелік», десіп қалған»,  – 
дейді. 
Өзі  де  оқ  пен  оттың  өтінде  –  қан  майданда  тар,  сыз  окопта  соғысып 
жүрген  Мәлік  Баукеңнің  отбасына  осылайша  қамқорлық,  жанашырлық 
білдіріпті. 
М. Ғабдуллин  1944–1946  жылдары  Кеңес  Социалистік  Республикалар 
Одағының Қорғаныс Министрлігінде Жоғарғы Саяси Басқармасы үгіт-насихат 
бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған.  
1946–1951 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет 
институтында  директордың  орынбасары,  директоры,  1951–1963  жылдары  өзі 
оқыған  ҚазПИдің  ректоры  болып  басшылық  қызметтер  атқарған.  1947  жылы 
«Қобыланды  батыр»  жырын  ғылыми  зерттеудің  проблемалары»  деген 
тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 
М.  Ғабдуллин  ғылыми-зерттеу  саласында  көп  еңбек  етті.  "Қазақ 
халқының ауыз әдебиеті" (1958, 1964ж.) атты күрделі монографиялық еңбегінде 
ауыз әдебиетін зерттеудің ғылыми-методологиялық негіздерін айқындап, қазақ 
ауыз  әдебиетіндегі  батырлар  жыры,  лиро-эпостық  дастандар,  айтыс  өлеңдері, 
мақал-мәтелдер,  жұмбақтар,  ертегілер  туралы  жан-жақты  терең  ғылыми 
талдаулар  жасады,  олардың  ғылымдық,  тәлім-тәрбиелік  мәнін  ашып  көрсетті. 
Бұл еңбек жоғары оқу орындарына арналған оқулық ретінде бірнеше рет қайта 
басылып  шықты.  Ол  8-сыныпқа  арналған  "Қазақ  әдебиеті"  оқулығын  (1952-
1957ж.) жазды.  
М.  Ғабдуллиннің  көркем  шығармадағы  тырнақ  алды  туындылары 
дивизиялық,  майдандық  газеттерде  жарық  көрді.  Шығармалары  жеке  жинақ 
болып,  соғыстан  кейін  жарияланды.  "Менің  майдандас  достарым"  (1947ж.), 
"Алтын  жұлдыз"  (1948ж.),  "Майдан  очерктері"  (1949ж.),  "Сұрапыл  жылдар" 
(1971ж.)  атты  кітаптарына  енген  әңгіме,  очерктерінде  М. Ғабдуллин  майдан 
өмірін  суреттеп,  жауынгер  тұлғасын,  кеңес  өкіметі  адамдарының  Ұлы  Отан 
соғысы кезіндегі қаһармандық бейнесін суреттеді. Педагог-жазушы ретінде ол 
жас  ұрпақтың  тәрбиесіне  де  ерекше  көңіл  бөлді. "Ата-аналарға  тәрбие  туралы 
кеңес" (1966ж.) деген кітабында М. Ғабдуллин бесік жырынан бастап, батырлар 
жырына  дейінгі  халық  поэзиясының  тәрбиелік  мәнін  ашып,  оны  іс  жүзінде 
пайдаланудың  тәсілдерін  көрсетеді.  Сонымен  бірге,  балаларды  патриотизмге, 
шыншылдыққа  тәрбиелеу,  олардың  болашаққа  сенімін  арттыру,  жас  баланы 
дұрыс сөйлеуге үйрету жөнінде ата-аналарға педагогтық кеңес береді. 
1963  жылдан  өмірінің  соңғы  күніне  дейін  Қазақ  КСР  ҒА  М.О.  Әуезов 
атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтында  фольклор  бөлімінің  меңгерушісі 
міндеттерін  атқарды.  Екі  рет  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  депутаты  болып 
сайланған.  
М. Ғабдуллин ӀӀ-ӀV сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. КСРО 
Жоғарғы  Кеңесінің  парламенттік  тобының  құрамында  Финляндияда  (1953ж.), 
Бельгияда  (1957ж.),  Югославияда  (1957ж.)  болды.  Сонымен  бірге,  еңбекшілер 
депутаттарының  Алматы  облыстық,  қалалық  Кеңестерінің  депутаттығына, 

137 
 
Қазақстан  Коммунистік  партиясының  Алматы  облыстық,  қалалық,  Фрунзе 
аудандық  комитеттерінің  мүшелігіне  бірнеше  рет  сайланды.  Ленин  ордені, 
Қызыл  Ту,  Еңбек  Қызыл  Ту,  Қызыл  Жүлдыз,  Ұлы  Отан  соғысы ордендерімен 
марапатталған. "Қазақ халқының батырлар жыры" кітабы авторларының бірі. 
Соғыста  ерліктің  эталоны  болған,  соғыстан  кейінгі  кезеңде  елі  үшін 
аянбай  қызмет  етіп,  ғылым  мен  білімнен  мол  мұра,  өнегелі  өсиеттер  қалдыра 
білген батыр атамыз 1973 жылы 2 қаңтарда Алматыда көз жұмды. 
...1975  жылы  қараша  айында  Абай  атындағы  Қазақ  педагогикалық 
институты  Мәлік  Ғабдуллиннің  60  жылдық  мерейтойын  атап  өтеді.  Оған  бір 
топ  ғалым,  көркемөнер,  әдебиет  қайраткерлері  қатысады.  Сонда  Баукең  өзі 
отырған орынға шақыру билетін әдейі қалдырып қойып кеткен көрінеді. Онда 
қаһарман Мәлік туралы: «Ол – сегіз қырлы, бір сырлы қаламгер еді… 1. Азамат, 
2.  Батыр,  3.  Білімпаз,  4.  Ұстаз,  5.  Жазушы,  6.  Ақын,  7.  Аудармашы,  8.  Қоғам 
қайраткері», – деп жазып кетіпті.  
Бауыржан  Момышұлының  Мәлік  Ғабдуллиннің  бойындағы  игі 
қасиеттерге,  ерекшеліктерге  берген  жоғары  бағасы  –  бүгінгі  жас  ұрпаққа  өте 
қажет қасиеттердің жиынтығы екендігімен маңызды.  
 
 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДІ ГУМАНИТАРЛЫҚ 
 
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
 
«ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ 
 
ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
 
 
Махан Базарбек, 
Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, 
Астана қаласы әкімдігінің 
«Көпбейінді колледж» МКҚК 
e-mail: bazarbek_makhan@mail.ru 
 
«Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз»  
С. Торайғыров 
Президент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Қазақстан-2030  стратегиясы  Елім  -
жерім  дейтін,  елінің,  жерінің  қамын  жейтін  әрбір  қазақ  үшін,  бүгіні  мен 
болашағын осы мемлекетпен жақындастырып, ой-арманын сабақтастыра білген 
әрбір қазақстандық үшін алдымен ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі 
асыл арманын – әлем елдерімен терезесі тең  қатынас құрып, әлем картасынан 
ойып  тұрып  орын  алатын  Тәуелсіз  Мемлекет  атану  арманын,  тұрмысы 
бақуатты,  түтіні  түзу  ұшқан,  ұрпағы  ертеңіне  сеніммен  қарайтын  бақытты  ел 
болу  арманын  ақиқатқа  айналдырға  бастағанымызды  мақтан  ете  отырып, 
болашағымызға  бағдар  болатын,  ұлтты  ұйыстырып,  ұлы  мақсатқа  жетелейтін 
идея  –  Мәңгілік  Ел  идеясын  Қазақ  Елінің  Ұлттық  Идеясы  деп  жариялауымен 
айрықша бағалы. 

138 
 
Ел  –  мемлекет,  ұлыс,  ұлт,  халық  тіптен  қазақ  сөзінің  де  сөзінің  де 
синонимі  деуге  болады.  «Адамзат  тарихында  өшпес  із  қалдырып  кеткен, 
Еуразия  құрлығындағы  халықтардың  тағдырына  орасан  әсер  еткен» 
(Н.Назарбаев),  заманында  көктің  жүзін  тітіреткен  көк  түріктер  ел  болуды  - 
халық  ретінде  қалыптасудың,  мемлекет  ретінде  мығымданудың,  ұлт  күйінде 
ұйысудың  биік  белесі  деп  білген.  Осының  бәрін  біржолата  бекіту  үшін  сол 
заманның  өзінде  басқа  қонған  бақыттың  баяндылығын  білдіретін 
философиялық  категория  –  Мәңгілік  Ел  ұғымын  ойлап  тапқан.  Соны  тасқа 
қашап  тұрып,  «МИНГУ  ЕЛ»  деп  жазып  кеткен.  Ежелгі  түркілерден  тараған 
барша халыққа бірдей түсінікті сөздер. Мұсылмандыққа бет бұрған ағайындар 
тұрмақ,  тарихтың  талайымен  басқа  діндерді  ұстанатын  сахалар,  тувалар, 
марийлер  де  ет  жүректі  елжірететін  Ел  сөзінен  екі  елі  ажырамай,  өз  елдерін 
Саха Эл, Эл Тыва, Марий Эл атаумен келеді. Солардың ішінде марийлер Марий 
Эл атауын ресми алып та үлгерді. Демек, Ел – ұлы ұғым. Халық болып құралу, 
мемлекет құра алу, дербес тұра алу, ұлт болуға бет бұра алу – осының бәрі Ел 
болудың  белестері.  Тәубе,  сол  белестердің  бірінен  біріне  абыроймен  асып 
келеміз.  «Мәңгілік  Елдің  іргетасын  қаладық»  –  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
Жолдаудағы  осы  сөзі  бұл  сапардың  ұзаққа  созылатынын,  бұл  жолдың  алысқа 
баратынын  білдіреді.  «Тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен  гөрі  оны  ұстап  тұру 
әлдеқайда қиын. Бұл-әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан 
өткен  тарихи  шындық.  Өзара  алауыздық  пен  жан-жаққа  тартқан  берекесіздік 
талай  елдің  тағдырын  құрдымға  жіберген.  Тіршілік  тезіне  төтеп  бере  алмай, 
жер  бетінен  ұлт  ретінде  жойылып  кеткен  елдер  қаншама»  –  Нұрсұлтан 
Назарбаев  бұл  сөздерді  де  Жолдауда  айтты.  «Мәңгілік  Ел  болу  біздің  өз 
қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек» 
дегенді де айтты біздің Елбасымыз. Қайрады бәрімізді. 
Ұлттық идея – туған жер, өскен орта әсерлерімен қалыптасып, халықтың 
тілі,  ауыз  әдебиеті,  салт-санасы,  әдет-ғұрпы,  ырымдары  мен  тыйымдары 
арқылы  жүйеленген  этностық  сезім.  Ол  –  ұлттың  болмысы,  психологиялық 
өзіндік  ерекшелігі.  Ұлт  бар  жерде  ол  да  бар.  Ұлтпен  бірге  өмір  сүреді, 
жойылмайды,  құбылып  өзгермейді.  Сондықтан,  «Мәңгілік  ел»  ұлттық 
идеясының мақсаты – ұлттың ұлттық болмысын сақтап қалу болып табылады. 
Бүгінгі  жаһандану  дәуірінде  ұлттық  идеяның  өзекті  болуы  да  осыдан.  Ал, 
идеология болса, ол – рухани дүниенің ең жоғары сатыға көтерілген түрі. Бұл – 
қоғамның  саяси-экономикалық,  әлеуметтік-мәдени  сұраныстарынан  туындап, 
оның  заңдылықтарын қоғамдық пәндерде  ескере отырып жүргізілетін  ғылыми 
теориялық  ауқымды  тұжырым,  даму  жолын  белгілейтін  ұғым.  Сол  себепті, 
«Мәңгілік  ел»  идеясын,  ел  тарихындағы  біз  аяқ  басатын  жаңа  дәуірдің  кемел 
келбеті деп тануымыз керек. 
Ел  мен  тіл  егіз  ұғым.  «Мәңгілік»  сөзі  бабалардан  мирас  болып  келе 
жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі–ана тілімен тығыз байланысты. 
Олай  болса,  мәңгілік  елдің  онымен  қатар  жасап,  бірге  дамитын  мәңгілік  тілі 
болуы  шарт.  Ол  –  мемлекеттік  тіл  –  қазақ  тілі.  Мемлекеттік  тілді  дамыту 
жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасын 

139 
 
тауып  келеді.  Елбасы  өз  Жолдауында  мемлекеттік  тіл  саласында  жеткен 
жетістіктерімізге тоқтала келіп, «...бабалардың ерлігі, буындар бірлігі және жас 
ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана мәңгілік ел боламыз. 
...енді, ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен 
бірге  Мәңгілік  тіл  болды.  Оны  даудың  тақырыбы  емес,  ұлттың  ұйытқысы  ете 
білгеніміз жөн» деп тамаша айтты.  
«Мәңгілік  ел»  идеясы  негізінде  қоғамдық  гуманитарлық  білім  берудің 
мазмұнын  жаңарта  түсу  үшін  осы  ұлы  ұғымның  мәні  мен  мағынасын  жан-
жақты ашып, білім алушыларға толық тіүсіндіре білу керек деп ойлаймын. 
Шет  тілі  пәні  оқытушысы  ретінде  «Мәңгілік  ел»  идеясын  аясында  «Үш 
тұғырлы  тіл»  бағдарламасын жүзеге  асырудың  маңыздылығы  зор  деп  білемін. 
Осы  бір  биік  мақсаттарға  жету  үшін  нақты  межені  айқындап  соған  қол 
жеткізудің тиімді жолдарын қарастыру әрбір мұғалімнің міндеті болу керек.  
«Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы бүгінгі таңдағы мәселе болғанымен, егер 
біз  болашақта  отанымызды  әлемдегі  ең  жоғары  дамыған  елдер  қатарынан 
көргіміз  келсе,  осы  бағдарламаны  әске  асыруымыз  бұлтармас  міндет  екенін 
терең  түсінуіміз  керек.  Ендеше,  оны  жүзеге  асыру  жолында  ең  басты  қадам 
барлық  оқушылардың  ұлтына,  жастарына,  білім  деңгейі,  тіршілік  ету  ортасы 
мен аймағына қарай барлық ерекшеліктерін ескере отырып оқу бағдарламасын 
жасау  қажет.  Бұл  мақсатта  басты  ортақ  бағдарламаны  негізге  ала  отырып,  әр 
деңгейдегі,  сатыдағы  ұстаздарды,  тіл  мамандарын,  педагог  ғалымдарды 
қатыстыра отырып ерекше бағдарламалар, жоспарлар даярлануы маңызды.  
Менің  ойымша  басты  назар  аударатын  мәселе  алғаш  мектеп 
табалдырығын  аттаған,  әлі  де  өз  анатілдерінде  оқып  немесе  жазып  үйрене 
бастаған  бүлдіршіндерге  үш  тілді  қатар  үйретудің  жауапкершілігі.  Бұл  аса 
сақтық пен жоғары кәсібилікті талап ететін іс. Тәуелсіздігімізді алғаннан бергі 
25  жыл  ішінде  мемлекеттік  тіліміз,  ана  тіліміз-қазақ  тілінің  өзінің  лайықты 
орнына  көтеріле  алмай,  әлі  де  болса  қолданылу  аясының  аса  тар  екендігін, 
сонымен  қатар  үлкен  қалалар  мен  солтүстіктегі  кейбір  аймақтардағы  қазақ 
ұлтының  өкілдерінің  әлі  де  болса  ана  тілін  білмеуі  есімізден  шықпауы  керек. 
Ана тілінің уызына тоймаған бала, басқа тілді де толық алып кете алатыны өте 
күмәнді.  Қазақстан  деп  аталатын  мемлекет  болғандықтан  қазақ  тілін  оқыту 
басты орында болуы шарт.  
Екінші тіл немесе орыс тілін үйретуде аса көп қиындықтар бола қоймас. 
Себебі,  елімізде  орыс  тілді  диаспора  өкілдері  мен  орыстілді  қазақ 
бауырларымыздың  саны  көп.  Осыған  орай  тілдік  орта  да  бар  деп  есептеуге 
болады. Сонымен қатар орыс тілдегі ақпараттар, оқу және қатынас құралдары 
жеткілікті. Тек қана оңтүстіктегі, шығыстағы кейбір өлкелер немесе орыс тілді 
тұрғындар аз  шоғырланған аймақтарда  орыс  тілін үйреуге  ерекше  мән берілуі 
және арнайы сәйкестірілген жобалар мен бағдарламалар қарастырылуы қажет.  
Ал,  «Үш  тұғырлы  тіл»  бағдарламасын  жүзеге  асыруда  басты  назар 
ағылшын  тіліне  бөлінуі  шарт.  Біздің  болашақта  әлемнің  озық  өркениеті  мен 
дамысынан  қалмай,  заманауи  технологиялар  мен  демократияның,  білім  мен 

140 
 
ғылымның,  өнер  мен  бизнестің  халықаралық  жоғары  деңгейіне  жетуіміздің 
басты кепілдерінің бірі ағылшын тілін еркін меңгерген ұлт болуымызда.  
Қазіргі  таңда  шет  тілін  үйреудің,  оқытудың  сан  алуан  тәсілдері  мен 
жолдары бар. Бірақ біз солардың арасынан өз еліміздің ерекшеліктеріне, тілдік 
ортамызға,  қажеттілігімізге  сай  келетін  әдістемелерді  саралап,  таңдау  жасауға 
басты назар аударылу керек. 
Ағылшын  тілін  үйретуді  бағдарлау  кезінде  негізге  алатын  басты 
мәселелер: 
-
 
 Тілді қандай мақсатта үйрететінімізді айқындау; 
-
 
 Қай деңгейден бастап, қандай деңгейге дейін оқытатынымызды межелеу; 
-
 
 Тіл үйреуншілердің жас ерекшеліктері есепке алу; 
-
 
 Үйренушілердің аймақтық ерекшеліктерін ескеру; 
-
 
 Тіл  үйренушілердің  физиологиялық  және  психологиялық  ерекшеліктерін 
ескере отырып бағдарламалар жасау керек. 
Сонымен  қатар  ағылшын  тілін  оқытуды  ұйымдастыру  және  оқыту 
процесін жүргізу барысында төмендегідей шараларды жүзеге асыру оқытудың 
нәтижелі болуына кепіл бола алады:  
-  Оқушылардың  білім  деңгейіне,  қызығушылығына  қарай  шағын  топтарға 
бөлу; 
-  Мүмкіндігінше  шағын  тілдік  орталар  қалыптастырып,  олардың  кеңейіп 
дами  түсуіне  ықпал  жасау  және  оқытылатын  тілдік  ортаға  сай  атмосфера 
қалыптастыру; 
- Оқытушы сыныптан тыс уақытта да оқушылармен өзінің оқытатын тілінде 
қатынасуға тырысу; 
-  Оқытылатын  материал  оқушылардың  барлық  ерекшеліктерін  ескере 
отырып сұрыпталуы қажет; 
-  Мейілінше  ең  заманауи  құралдар  мен  технологияны  қолданудың  маңызы 
аса зор. 
Менің ойым және аздаған тәжірибеме сүйене отырып айтарым жоғарыда 
айтылған  мәселелер  мен  шараларды  естен  шығармай,  осыларды  негізге  ала 
отырып жүргізілген оқытудың нәтижелі болатынына сенімім зор.  
Сонымен  қатар  шет  тілін  оқытуда  сол  тілді  аса  жоғары  деңгейде 
меңгерген,  сол  тілді  білу  арқылы  өмірінде  және  қызметінде  үлкен  табыстарға 
жеткен  тұлғалармен,  сол  тілдің  иесі  шет  елдіктермен  кездесулер  өткізу 
оқушылардың мотивациясын арттыруңа зор ықпал етеді. 
Алға  қойылған  қаситетті  мақсаттарға  әр  мұғалім,  оқытушы  талмас 
талпыныс,  қажымас  ізденіс  арқылы  ғана  жететінімізді  естен  шығармайық. 
Меніңше бүгінгі таңда белгіленген міндеттерді орындап, межеленген мақсатқа 
жету толығымен мүмкін әрі осы үшін барлық алғышарттар жасалған.  
Мәңгілік  Ел  болу  бабаларыңның  армандаған,  аңсаған  асыл  мұратты 
балаларыңның  ардақ  тұтатындай  мемлекет  орнату  дегенді,  енді  ешқашан, 
ешқашан  бөгденің  бодандығына  түспейтін,  халықтығын,  ұлттығын,  елдігін, 
мемлекеттілігін әрқашан, әрқашан әспеттейтін, үлгілі үрдістерін үстеген үстіне 
үстейтін,  бар  заманда  да  ұлы  мен  қызының  бағы  басында  тұратын,  барша 

141 
 
халқының  бақыты  баянды  болатын  ел  құру  дегенді  білдіреді.  Алаш  гимніне: 
«Енді  Алашты  ешкімнің  Қорлығына  бермейміз,  Алаш  туы  астында  Күн 
сөнгенше  сөнбейміз!»  деп  жазғанда  қайран  Сұлтанмахмұт  осыны  ойлаған. 
«Қазақстан-2050»  –  Мәңгілік  Елге  бастайтын  ең  абыройлы,  ең  мәртебелі  жол. 
Осы  жолдан  айнымайық,  қадірлі  халқым!»  дегенде  Елбасымыз  да  осыған 
шақырған. 
Барлық ұстаздар мен білім алушыларға сәттілік тілеймін! 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет