Мазмұнын жаңарту мәселелері Республикалық on-line конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата18.01.2017
өлшемі2,23 Mb.
#2143
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Назарбаев  Н.Ә.  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар  жол»  атты  Жолдауы. 
Астана, 2014 жыл 11 қараша. -14 б. 
2. Сатай Сыздықов, Күлтегін сыйлығының лауреаты, Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия  ұлттық  университетінің  профессоры.  «Мәңгілік  ел»  және  Елбасы. 
Егемен Қазақстан, 19 қаңтар, 2014  
3. Қабылдинов З. Астана ақшамы, Тегі асыл ел тарихын түгендейді. -Астана, 
2014 жыл, 10 ақпан.  
 
 
КӨПТІЛДІЛІК ҚАЖЕТ ЗАМАНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ 
 
ӘДІС
-
ТӘСІЛДЕРІ. 
 
 
Медеубаева Шынар Төлеқызы, 
Астана қаласы № 53 мектеп-лицейінің  
орыс сыныптарындағы қазақ тілі  
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
 
«Мәңгілік ел» құндылықтары – қазіргі қазақстандық білім берудің 
негізі» 
Бағыты: Гуманитарлық бағыт 
«Қазақстандық  жол-2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан 
халқына 
жолдауында, 
білім  берудің  барлық  буынының  сапасын  жақсарту  керектігі 
айтылған.  Соның  бірі  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  жүйелі  жетілдіру.  Сонымен 
қатар  жалпы  оқытудың  нәтижесі  оқушылардың  сындарлы  ойлауы,  өзіндік 
ізденіс  пен  ақпаратты  терең  талдау  машығын  игерту  керек  болып  табылады. 
Менің  мамандығым  орыс  сыныптарындағы  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні 
мұғалімі  болғандықтан,  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстанның  болашағы-  қазақ 
тілінде»  және  «Тіліміздің  мемлекеттік  қызметте  де  өндірісте  де,  білім  беруде 
орыс тіліндей болып қолдануы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу керек»-деген 
тұжырымдамасын  негіздей  отырып,  Мемлекеттік  тілдің  дамуы  мен  болашақта 
өсіп өркендеуі де ең бірінші тіл мамандарына байланысты екендігіне тоқталғым 
келеді.  Жалпы  алғанда  әр  пән  мұғалімі  алдындағы  отырған  балаға  сабақты  әр 
түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білімді жүйелі де терең беруге тырысып 
өз  іс-тәжірибесін  жетілдіруде.  Бірақ  мына  көптілділікке  басымдылық  заманда 

142 
 
қазақ  тіліне  деген  қызығушылық  құлдырамау  үшін  қолдан  келгеннің  бәрін 
жасау  керек  деп  ойлаймын.  Яғни,  әр  пән  мұғалімі  өз  іс-тәжірибесін  жетілдіру 
керек.  Өйткені  мектеп  оқушыларының  көп  жағдайларда  өз  ойларын  дұрыс 
мемлекеттік  тілде  жүйелі  жеткізе  алмауы,  қазіргі  таңдағы  сынып 
оқушыларының  негізгі  проблемaсы.  Қазіргі  күні  орыс  сыныптарында  өзге  ұлт 
өкілдерінен  басқа,  өзіміздің  қара  көздеріміз  көптеп  отыр.  Осындай  оқу  тілі 
орыс 
тілінде 
жүргізілетін 
сыныптардағы 
оқушылардың 
терең 
ойланбайтындығы,  үстірт  ойлaнатындығы,  өз  ойын,  көзқарасын  жетік  білдіре 
алмауы,  белгілі  бір  қалыпта  ғана  ойлануы  жанға  батады.  Сол  себепті, 
оқушылaрды  жаңа  заманауи  біліммен  дaйындап,  олaрдың  бойынан  сaбаққа 
деген  қызығушылықтарын  дамытып,  ой-өрісін,  танып-түсініктерін  кеңейтіп, 
сыни  тұрғыдан  ойлауға,  сөздік  қорын  молайтуға,  алған  білімдерін  жаттанды 
түрде  емес,  болашaқта  пайдaлануға  мүмкіндік  алатын  жұмыстар  жүргізуді 
басшылыққа алу керек. Өз басым қазақ тілі сабағында оқушыларды топқа бөліп 
оқытса, өз пікірлерін жеткізуге тырсады және пәнге деген қызығушылығы мен 
ынтасы  артатындығына  көзім  жетті.  Қарым-қатынас  әдістері  мен  әр  түрлі 
ойындарды  сабақта  қолдану  арқылы  сөйлеу  мәдениеті,  тілге  деген  құрмет 
қалыптасады.  Оқушылардың  білім  сапасы  артады.  Осындай  ғылыми  зерттеу 
нәтижелері  оқыту  тәсілдерінің  сабақта  қолдануы  маңызды  рөл  атқаратынын 
және  ересектермен  интерактивті  қарым-қатынас  және  достарымен  бірігіп 
жүргізген  жұмыстар  балалардың  оқуына  және  танымдық  дамуына  әсер 
ететіндігі айтылған. (Мұғалімдерге арналған Нұсқаулық 103бет.2012ж.)
Ақын-педагог  Мағжан  Жұмабаев  өзінің  педагогикалық  еңбегінде 
«Баланың қиялы, әсіресе, ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір 
жұмыс.  Айналасындағы  тұрмыстан  нені  көрсе,  соны  істейді.  Мысалы,  қазақ 
баласы  біреуі  ат  болып  қашса,  біреуі  құрық  салады;  шырпыларды  тізіп-тізіп 
көш  жасайды;  балшықтан  мал  жасайды;  қуыршақтан  қыз  жасап  таныстырады 
яғни  сөйлетіп,  диалог  құрады.  Жалғыз  ойнаса,  іші  пысады.  Жалпы  ойын 
баланың тілінің өркендеуіне көп пайда тигізіп, ойнағанда тоқтаусыз қозғалып, 
күліп,  былдырап,  сөйлей  береді.  Осы  екі  түрдің  қай  түрімен  болса  да  ойнап 
отырған баланың ойынын бақылауға тәрбиеші міндетті. Бірақ бақылаймын деп 
бүлдіріп  алма.  Бүлдіріп  алу  былай  болады:  «Былай  ойна!»  -деп  бұйырсаң, 
баланың  ойыннан  ынтасын  суытып  аласың.  Баланың  ойынына  үлкен  адам 
кіріссе,  балаға  ойынның  қызығы  бітеді.  Егер,  баланың  ойынына  қатысқың 
келсе, өзің бала болып қатыс. Яғни, ойындарына бөгет, оралғы болма. Балалар 
сенің  ересек  адам  екеніңді  сезбейтін  дәрежеде  болсын»  -  дейді  (Мағжан 
Жұмабаев. Педагогика 1922 жыл). Қазақтың біртуар ақыны М. Жұмабаев та 
өз  заманында  қазақтың  бала  тәрбиесі  мен  тілді  қалай  байытуға  болатындығы 
туралы  зерттеп  өзінің  педагогикалық  ойларын  қалдырған.  Яғни,  бұл  мысалды 
келтірген  себебім,  қазақтың  бала  тәрбиесінде  «Жақын  арадағы  даму 
аймағында»,  топтық,  ұжыммен  жұмыс,  бала-баламен  ойнау,  сөйлесу  арқылы 
тілі  дамуы  қалыптасқан.  1934  жылы  Выготский  өзінің  «Ой  мен  тіл»  атты 
еңбегінде  оқу  үшін  әңгімелесудің  маңызды  екендігін  баса  айтты.  Сонымен 
қатар  Выготский  танымдық  дамудың,  оқушылар  өздерінің  «Жақын  арадағы 

143 
 
даму  аймағында»  жұмс  істесе,  жақсаратындығын  атап  көрсеткен.  Жақын 
арада  даму  аймағында,  яғни  балалардың  бір-бірімен  қарым-қатынасында 
баланы  дамытатын  дағды  мен  қабілеттер,  өз  бетімен  жасай  алмайтын 
тапсырмаларды орындаған уақытта жанындағы адамдардың көмегіне сүйенеді. 
Демек, сабақ барысында мұғалім тек бақылаушы болып, түрткі сұрақтар 
қойып балаларды топпен жұмысын бақылап, қажетті жерде қатесін түзеп 
қана тұрса болғаны. Бірақ бұл әдіске де ұйымдастыру барысында, оқушыларға 
қызықты тапсырмаларды тиімді етіп ұйымдастыру керек деп есептеймін. 
Сабақ өткізу барысында ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана 
қоймай,  сонымен  қатар  оның  таным  түсінігі  артады  және  бір-бірімен  тіл 
табысып,  ұғынысады,  ептілікті,  тақырылыпты  үйренеді.  Ойын  түрлерін 
сабақтың  әр  кезеңдерінде,  тақырыбына  қарай  мұғалім  өзі  таңдап  алып, 
қолданып отырады. Ойынды әр сабақта пайдалану міндетті емес. Ойын түрлері 
сабақты  қызықты  өткізуге,  оқушылардың  сабаққа  ынтамен  қатысуына,  өз 
бетімен  жұмыс  істеуіне,  өздігінен  қорытынды  жасауына  жол  ашады-деген 
тұжырымдар  бар.  Осындай  ғылыми  педагогикалық  әдебиеттерге  сүйене  келе 
оқушыларды оқыту барысындағы практикада қолдандым. Жалпыдидактикалық 
және грамматикалық ойындардың бірқатар жіктеу түрлерін қарастыра отырып, 
олардың  оқытудағы,  тәрбиелеудегі,  дамытудағы  артықшылықтарын  көрдім 
және 
өзімнің 
тұжырымым 
бойынша 
оқушы 
тұлғасын 
барынша 
дамытатындығына көзім жетті.  
Енді  орыс  тілді  сыныптарда  оқушылардың  қазақ  тіліне  деген 
қызығушылығын  арттыратын,  сабақта  қолдануға  сабақта  тиімді  болып 
табылады деген ойын элементтеріне тоқтала кетелік . 
"Даналық  ағашы"  ойынын  өткізудегі  мақсат  –  оқушылардың  қазақ 
халқының ұлы адамдарының, ғұламаларының данышпандарынң нақыл сөздерін 
оқып  –үйреніп,  мазмұны  мен  мағына  бірлігін  таныта  білу,  даналық  сөздерден 
дән іздете білу. Сөз қадірін , тіл құдіретін ұғындыру. Ойынның шарты бойынша 
оқушылар  "Даналық  ағашы"  деп  аталатын  бәйтеректің  бұтақтарына 
жапсырылған  конверттегі  жазылған  нақыл  сөздердің  авторлары  кімдер  екенін 
тауып, алып бәйтеректің бұтағын жаю. 
Мысалы:  "Тәрбие  басы  -тіл",  (М.  Қашқари)  ,"Тіл  жүректің  айтқанына 
көнсе, жалған шықпайды" (Абай),"Тіл-өнердің тілмашы" (С. Дөнентаев) т.б. 
Бұл  ойын  оқушылардың  танымын  кеңітіп,  тілін  дамытады, 
жылдамдыққа баулыйды.  
«Шашылған әріптер» 
Мақсаты:Сөздегі дыбыс сәйкестігін таба білуге дағдыландыру. 
Ойын  барысы:Мұғалім  бетке  үлкен  әріптермен  жазу  жазып,  оны  іліп 
қояды.  «Менде  сөз  болған  еді,  енді  ол  әріп  болып  шашылып  қалды»  -  деп 
әріптерді көрсетіп тұрып, үстел үстіне шашып тастайды. Кім сөзді тез табады?. 
Сөзді бірінші жазған бала жеңіске жетеді деп түсінік беріледі. Жеңіске жеткен 
бала  өз  сөзін  мұғалімге  айтып,  жазады.  Сөздегі  әріптерді  кесіп,  басқа 
оқушыларға көрсетеді. Ойын осылай жалғасады. 
Ойынның  басты  мақсаты  оқушылардың  сөздік  қорын  байыту  және 

144 
 
жылдамдыққа, сауттылыққа баулыйтындығы байқалды. 
«Сиқырлы алма» 
Мақсаты: 1. Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру. 
2. Сөздік қорын молайту 
Ойын барысы: тақтаға алманың сүреті және әріптері түсіп қалған сөздер 
ілінеді. Сөздерге керекті әріпті кім тапса, сол алманы үзіп алып, көп нүктесі бар 
жерге(қалташаға) апарып салады. Мысалы; к...нделік, д..птер, кіт...п т.с.с. содан 
кейін осы сөздермен сөз тіркестерін және сөйлем құрастыру керек. 
«Заттың атын ата» ойыны  
Шарты:  Қоржынға  салынған  көкөністер  мен  жемістер  қолдарын  алып, 
қатты, дәмді, тәтті, ащы-қышқыл зат екенін ажыратып атау.Пішіндерін айту. 
Мысалы:  алма-  тәітті,  домалақ  ;  сәбіз  –  қатты,  сопақша;  бұршақ  – 
ащы, сопақша. 
Жемістер, Көкөністер сөзіне сөйлем құрастыру 
Бұл  ойын  оқушыларды  сын  тұрғысынан  ойлау  дағдыларын 
дамытып,  «Қандай?»  деген  сұраққа  жауап  айту,  заттың  сынын  білу, 
ажыратуға үйренеді. 
Мысалы:«ақын-жақын»,  «балдырған-қалдырған»,  «күн-үн»,  «ертегі-
ертеңі», « гүл-күл», 
«көрікті-өріпті»,  «еңбек-жеңбек»,  «үй-күй»,  «көктем-өпкен».Осындай 
ұйқастарды  беріп  ,оқушыларға  ұйқас  өлең  жолының  соңында  тұруын,  оған 
қосымша  жалғап  не  орнын  қозғап  өзгертуге  болмайтынын  ескерту  керек. 
Оқушылар төмендегідей ұйқастар құрады . 
Біздің Жұлдыз көрікті 
әдемі шашын өріпті . 
* * * * 
Ерте келген көктем 
Жер-ананы өпкен. 
Мысалы, «Жылдамдық» ойынын ойнайтын болсақ. Әр топтан шыққан  
Немесе  «Теңге  алу»  ойынын  алып  көрейікші.  Оқушылар  «теңге  алу» 
туралы түсініктері бар болғандықтан қызығады. Бұл ойында қызықты сұрақтар, 
тапсырмалар беруге болады. 
Оқушыларды 3 топқа бөлеміз. Әр топқа 3 сұрақтан береміз. 
Мысалы, «Құлагер» тобына: екінші сыңары «жыра» сөзімен аяқталатын 
қандай  жер-су  аттарын  білесіңдер?  Соған  байланысты  сөйлем  құраңдар. 
Сөйлемдегі зат есімнің астын сызып көрсетіңдер.  
"Айтыс" ойыны 
«Айтыс ойыны» (сөз таптарын табу) 
Ұлдар: Домбырам басы ырғайды,  
Қыздар қолын бұлғайды, 
Бұлғаса да бармайды, 
Әлдене деп қарғайды. 
Қыз: Домбырам басы ырғайды 
Қыздар қолын бұлғайды  

145 
 
Шақырғанда бармасаң « көк шешек» деп қарғайды. 
Өз  ойымды  қорытындылау  үшін  Мағжан  Жұмабаевтың  ''Педагогика'' 
еңбегіне  (Оқулығы  -  әрі  оқулық,  әрі  әдістемелік  тұрғыдағы,  автордың  көзінің 
тірісінде  екі  мәрте  жарық  көрген.  Бірі  1922  жылы  Орынборда,  екіншісі  1923 
жылы Ташкент қаласында басылған.) тоқталғым келеді.  
Мағжанның пайымдауынша баланың бесікке салған күнінен бастап, тәй-
тәй  басқан  әр  қадамына,  елжірей  көз  салуы,  қайтсе  ол  нағыз  жігіт,  азамат 
болады,  осы  заманғы  өркениет  өресіне  қол  артады-деп  толғанады.  Демек, 
«Мәңгілік  ел»  құндылықтар»  Мағжан  пікіріне  сүйеніп,  өзіміздің  ұлттық 
ойындар  мен  қарым-қатынаста  орындалатын  әдістерді  тіл  меңгертуде 
пайдалану  тиімді  деп  есептеймін.  Өйткені  қазақ  даласында  өскен  әрбір  қазақ 
баласын  ата-бабларымыз  тілінің  дамуына  басты  назар  аударған.  Қазіргі 
қазақстандық  білім  берудің  негізін  осындай  өзіміздің  құндылықтардан  алып 
қолдана білсек, қазақ қашанда «Мәңгілік ел болмақ!» 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
 
Ә. Ишмұхамедов. Қызықты грамматика. Алматы-1972 ж. 
2.
 
Мағжан Жұмабаевтың ''Педагогика''1923 ж 
 
 
МӘҢГІЛІК ЕЛ 

МӘҢГІЛІК МҰРАТ
 
 
Мырзашева Нұрсұлу Сағынқызы, 
І санатты бастауыш сынып мұғалімі 
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,  
№ 43 ОЖББМ n.m.s80@mail.ru 
 
Мен – қазақпын, мың өліп мың тірілген, 
Жөргегімде таныстым мұң тілімен. 
Жылағанда жүрегім күн тұтылып, 
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген, 
Деп ақын ағамыз жырлағандай қазақ халқы мың өліп , мың тіріле отырып 
қол  жеткізген  тәуелсіздігіміз  мәңгілік  жасамақ...  Қазақ  елі  –  Мәңгілік  ел 
болмақ. Мәңгілік ел болмақтың бастапқы қадамы мәңгілік ұлт болмақ. Мәңгілік 
ұлт  болу  әр  ұлыстың  арманы  болған  тарихта.  Бүгінгі  күнде  сол  жалғасты.Иә, 
мәңгілік  ел  болмақтың  өлшемі  мәңгілік  тұғыр  болмақ  дедік.  Ол  тұғыр  –  ұлт. 
Мәңгілік  ұлт  арманмен,  мұратпен  ғана  мәңгілік.  Тек,  сылдыр  сөзбен  мәңгілік 
емес.  Ұлттық  сипатпен  мәңгілік.  Мәңгілік  сипат  –  ол  тіл,  сана  және  рух.  Ұлт 
мәңгілік  болу  үшін  мәңгілік  санасының  жемісін  беретін,  рухының  үнін 
естіртетін мәңгілік тілі болмақ керек. Әйтпесе, тілсіз ұлт болмақ емес. Егер ұлт 
мәңгілік  болмаса  мәңгілік  ел  дегенің  әдірем  қалмақ  «Тәуелсіздікке  қол 
жеткізгеннен  гөрі,  оны  ұстап  тұру  әлдеқайда  қиын.  Бұл  -  әлем  кеңістігіндегі 
ғұмыр  кешкен  талай  халықтың  басынан  өткен  тарихи  шындық.  Өзара 
алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға 
жіберген.  Тіршілік  тезіне  төтеп  бере  алмай  жер  бетінен  ұлт  ретінде  жойылып 

146 
 
кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала 
білуге  тиіспіз.  Ол  сабақтың  түйіні  біреу  ғана  –  Мәңгілік  Ел  біздің  өз 
қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. 
Байлығымыз  да,  бақытымыз  да  болған  Мәңгілік  Тәуелсіздігімізді  көздің 
қарашығындай  сақтай  білуіміз  керек».  Елбасы  Жолдауында  айтылған  осы  бір 
сөздер  әрбір  саналы  азаматтың  жанын  тербері  сөзсіз.  Ел  мен  тіл  егіз  ұғым. 
Мәңгілік  сөзі  бабалардан  мирас  болып  кел  жатқан  мәңгі  өлмейтін  асыл 
қазынамыздың  бірі  -  ана  тілімен  де  тығыз  байланысты.  Олай  болса,  мәңгілік 
елдің  онымен  қатар  жасап,  бірге  дамитын  мәңгілік  тілі  болуы  да  шарт.  Ол- 
мемлекеттік  тілі  –  қазақ  тілі.  Мемлекеттік  тілді  дамыту  жөніндегі  кешенді 
шараларды  жүзеге  асыру  елімізде  табандылықпен  жалғасып  келеді. 
Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Елбасы 
өз  Жолдауында  мемлекеттік  тіл  саласында  жеткен  жетістіктерімізге  тоқтала 
келіп,  енді  ешкім  өзгерте  алмайтын  бір  ақиқат  бар!  Ана  тіліміз  Мәңгілік 
Елімізбен  бірге  Мәңгілік  тіл  болды.  Оны  даудың  тақырыбы  емес,  ұлттың 
ұйытқысы ете білгеніміз жөн  деп ой түйді. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік 
тіл ету өз қолымызда. 
«Қазақстан-2030» 
жолдауында: 
«…Оқушыларды 
қазақстандық 
патриотизм  мен  шығармашылық  жағынан  дамыған  жеке  тұлға  ретінде 
тәрбиелеу  аса  қажет,  …бүгіннен  бастап  ұлттық  мінез-құлық,  биік 
талғампаздық,  тәкәппарлық,  тектілік,  білімділік,  ұлттық  намыс  қасиеттерін 
сіңіріп қалыптастыру керек»  – деген болатын. Елбасымыздың алға қойған зор 
міндеттерін  іске  асырушылар  –  жастар.  Олай  болса,  сол  жастарға  сапалы 
біліммен  қатар,  салауатты  тәрбие  беру  әрине,  Мағжан  Жұмабаев  айтқандай 
мектебіміз  бен  ұстаздарға  байланысты.  Тәрбиенің  екінші  сыңары  –  білім.  М. 
Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім» – деп атап 
көрсеткеніндей, еліміздің болашақта ілгері басуы үшін ең алдымен білім қажет. 
Рухани  ұлттық  қажеттілікке  жараған  білім  –  ең  мықты  білім,  рухани  ұлттық 
тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана  – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді 
нығайтатын болады. Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы 
тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету 
екендігін бәріміз білеміз. Сол мақсатқа жету үшін бүгінгі оқушы, болашақтағы 
мемлекет азаматы болып саналатын оқушыларға саналы білім мен тәрбие беру. 
Білімді мен тілден бастағым келеді. 
Ал  ана  тілін  тілі  былдырлай  шыға  бастаған  кішкене  сәбиден  бастап, 
еңкейген  кәріге  дейін  құрметтеп,  дәріптеу  қажет.  Осы  орайда  мен  бастауыш 
сынып мұғалімі ретінде , бірінші сыныпқа келген оқушының санасына ұлттық 
мүддемізді  сіңіре  отырып,  ана  тілін,  туған  тілін  құрметтеуге  тәрбиелеймін. 
Өзімнің тәжірибемнен мысал келтіре отырып, сауат ашу, қазақ тілі, әдебиеттік 
оқу пәндерімен қатар, сынып сағаттары, сыныптан тыс шараларда тілді дамыту 
мен  құрметтеуге  арналған  жұмыс  түрлерінің  кеңінен  жүргізілетінін  баса 
айтқым  келеді.  Қыркүйек  айы  –тіл  айлығы.  Ай  бойына  ана  тілді  дамытуға 
арналған  шаралар  мен  сайыстар,  танымдық  тәрбие  сағаттары  өткізіледі.Оған 
дәлел ретінде оқушылардың төмендегі мақтау қағаздарын ұсына аламын  

147 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оқушыныңның мәнерлеп оқу, танымдық сайыстарға қатысу арқылы тілге 
деген  құрметі  ,  махаббаты,  асқақ  сезімі  оянды  деп  ойлаймын.  Қала  көлемінде 
Тәуелсіздік  мерекесіне  орай  өздырылған  ертегі  құрастыру  сайысында  да 
оқушылар  жетістіктерге  жете  білді.  Оған  дәлел  Тулеугалиев  Орынбасар 
иемденген мадақтама қағазы 
  
 
 
 
 
 
 
 
Тәуелсіздік және Елбасы. 
Тәуелсіздік  дегеніміз  туып-өскен  жеріңде,  бейбітшілікте  өмір  сүру  деп 
ойлаймын.  Ерте  заманнан  бері  Тәуелсіздік  үшін  аталарымыз  қан  кешіп,  жан 
берісіп шайқасқан. Қай заманда болмасын жер үшін, тәуелсіздік үшін соғысып, 
батырларымыз  ерлік  көрсетті.  Ал  соғыс  зардабын  көптеген  отбасылар  тартып 
жатты.  Ал  бүгін  талай  жыл  ата-  бабамыз  аңсаған  тәуелсіз  мемлекетте  біздер 
өмір  сүріп  жатырмыз.  Тәуелсіздік  тұрақтылығын  сақтап  отырған  –  Нұрсұлтан 
Назарбаевқа  алғысым  шексіз.  Басқа  көрші  мемлекеттер  теңдік,  бірлік  болмай 
әлі де соғысып жатыр. Ол елбасыларының саясатына да байланысты. Бірнеше 
мыңдаған  адамның  тағдыры  бір  ғана  адамның,  президенттің  шығарған 
шешіміне  байланысты.  Бұл  орайда  президент  өзін  ұмытып  тек  қана  халық 
қамын  ойлап,  халық  үшін  оң  шешім  қабылдау  қажет.  Бұл  өте  қиын  деп 
ойлаймын.  Біздер-елбасымыздың  бастамасын  жүзеге  асырушы  тұлғамыз. 
Тәуелсіздікті  сақтай  отырып,  жоғалуға  аз  қалған  салт-дәстүрімізді 
жаңғыртуымыз қажет. Өзге елдің жақсы қасиеттері мен озық тәжірибелерін ала 
отырып  пайдаланамыз.  Бірақ,  өзіміздің  негізгі  қазығымызды  құлатпауымыз 
қажает.  Атап  айтсам,  дін.  Басқа  ағымдармен,  бағыттардан  аулақ  болу  керек. 
«Өзге  тілдің  бәрін  біл,  өз  тіліңді  құрметте»  деп  ақын  атамыз  жырлағандай, 
ағылшын,орыс тілін біліп, қазақ тілін асқақтатуымыз шарт. Әрбір қазақ азаматы 
қазақтың  бостандығы  мен  тәуелсіздігін  бағалап,  тілі  мен  дініне  құрметпен 
қараса , Қазақ елі «Мәңгі» жасайды деп ойлаймын. Қазақ елінің мәңгі жасауы 
елбасымыздың басты арманы. 
Тәуелсіздіктің тамаша табыстары. 
Нұрсұлан  Назарбаев  сынды  Ұлы  көшбасшысы  бар  Қазақ  елі  –  аз  уақыт 

148 
 
ішінде  тарихта  бұрын-соңды  болмаған  табыстарға  қол  жеткізді.  Тәуелсіздік 
алғаннан бері жиырма бес жыл толғалы отыр. Осы жылдар аралығында еліміз 
көптеген табыстар мен жетістіктерге жете білді. Мен білетін ең басты жетістік 
бұл  - Астана. Астанаға әлем қаласы атағы беріліп, оған бүкіл әлем көз тігуде. 
Қазақстанның  дәл  ортасынан  бой  көтерген  қаланың  дамуы,  қарыштауы  бар 
қазаққа шабыт береді. Бәйтерек-өмір ағашы болса, Ақ Орда- мемлекеттің ақыл 
ордасы.  Әзірет  Сұлтан  мешіті,  Хан  шатыры,  Тәуелсіздік  монументі, 
Бейбітшілік және келісім сарайы сияқты сәнін арттырып тұрған ғимараттардың 
көркіне  қарасаң  көз  тоймайды.  Бірнеше  жыл  бұрын  қамыс  пен  қоға  жайлаған 
жерде  дәл  бүгінгідей  сұлу  қала  бой  көтереді  дегенге  ешкім  сенбесе  керекті. 
Қалаға  келген  меймандар  таңдана  да,  тамсана  қарайды.  Астана-  болашақтың 
қаласы.  Әрбір  болашағы  бар  бала  Астана  тұрғыны  болуды  армандайды. 
Оқушылардың бұр арман-мақсаттарын «Астанаға ақ бата» атты әдебиеттік оқу 
пәнінен  өткізілген  сабақта  байқаған  болатынмын.  Құсан  Жібек  атты  оқушым 
Астанаға өлең тарту еткен болатын 
Тәуелсіздік, Астана, Қазақстан 
Көрікті, таңғажайып ғажапстан 
Даласы, тауы,көлі, өзені де 
Үлгі алған самғап ұшқан қыран құстан 
  
 
  
 
 
 
 
Біздер,  ұстаздар  бүгінгі  ұрпақты  тәрбиелей  отырып,  болашаққа  бағдар 
жасай  аламыз.  Бүгінгі  ұрпақ  қандай  тәлім  алса,  ертеңімізден  алатын  жеміс, 
нәтиже  дәл  сондай  болмақ.  Сол  себепті  мектеп  табалдырығын  аттаған 
кішкентай  бүлдіршін  кезеңнен  ұлтына,  еліне  деген  сүйіспеншілігін  арттырып, 
«Мәңгілік  елдің»  іргетасын  мықты  етіп  қалауымыз  қажет.  Бүгінгі  ұрпақ 
ертеңіне сеніммен қарай алу керек. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні 
-  мәңгілік  мақсат-мұраттарымыз  бен  мәдени-рухани  құндылықтарымызға 
негізделген,  мемлекет  құрушы  қазақ  халқы  мен  өзге  де  ұлттардың  ұлттық 
идеяларын  бір  арнаға  тоғыстыратын  идеология  арқылы  қалыптастырылатын 
қазақтың  ұлттық  мемлекеті.  Сондықтан,  ғылыми  білім  беруде,  «мәңгілік  ел» 
ұлттық идеясы негізінде ойға ой қосу арқылы өткенімізден сабақ ала отырып, 
болашағымызды баянды ету жолындағы мұраттарымызға жетеміз.
 
Қорытындылай  келе,  жас  ұрпақты  бәсекеге  қабілетті  етіп,  саналы  да, 
сапалы білім нәрімен сусындату өте маңызды дегім келеді. Себебі, бастауышта 
білімнің  негізгі  кірпіші  қаланады.  Ал,  ол  үшін  мұғалім  жаңашыл,  мотиватор, 
басты  қозғаушы  күш  болуы  шарт.  Әрбір  мұғалім  балаға  жүрек  жылуымен 
қатар,  ізгілендірген  білім  беруі  тиіс. Елбасы  өз  жолдауында  айтқандай 
«Мәңгілік  ел»  идеясының  астары  осында  жатыр.  Сондықтан  да,  өз 

149 
 
әріптестерімді ел болашағын сапалы оқытып, озық идеялы азамат тәрбиелеуге 
шақырамын. Өзімнің осы жолда екендігімді мақтан тұтамын! 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет