Мазмұнын жаңарту мәселелері Республикалық on-line конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет2/23
Дата18.01.2017
өлшемі2,23 Mb.
#2143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

 
 
 
ОРТА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ
 
ЖАҒДАЙЫНДА
 
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ
 
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. 
 
 
Арзиева А. Т.,  
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы  
қаласы бойынша ПҚ БАИ ИТжҒЖ(Г)ПОӘ  
кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент 
 
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың 
тағдыры ұстаздардың қолында» 
Н. Ә. Назарбаев 
 
Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы»  Заңының  8-бабында  «Білім 
беру  жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа  технологияларын 
енгізу, 
білім 
беруді 
ақпараттандыру, 
халықаралық 
ғаламдық 
коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп  атап  көрсеткен
  [1]. 
Сонымен  қатар, 

10 
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған  Мемлекеттік  бағдарламасында  «Қазақстанда  оқитындарды  сапалы 
біліммен  қамтамасыз  етіп, халықаралық  рейтингілердегі білім  көрсеткішінің 
жақсаруы  мен  Қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  тартымдылығын  арттыру 
үшін,  ең  алдымен,  педагог  кадрлардың  мәртебесін  арттыру,  олардың  бүкіл 
қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды 
қамтамасыз  ету,  сондай-ақ  педагогтердің  еңбегін  мемлекеттік  қолдау  мен 
ынталандыруды  арттыру»  мәселелеріне  үлкен  мән  берілген 
[2]
.  Осы  және 
басқа  да  факторларға  байланысты,  бүгінкі  күнде,  біліктілікті  арттыру 
жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі - 
Қазақстан Республикасында орта білім 
мазмұнын  жаңарту  шеңберінде  (әр  пән  бойынша) 
жаңартылған  білім  беру 
бағдарламалары негізінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары болып 
саналады. Бұл курстардың мақсаты: 
пән бойынша білім беру бағдарламасын 
жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің 
педагогикалық  шеберлігін  жетілдіру.  Бағдарламада  білім  беру  саласындағы 
өзгерістердің  шарттары  мен  алғышарттары  қарастырылады  және  төменде 
келтірілген мәселелер туралы сөз қозғалады:
 

 
білім беру саласындағы халықаралық үрдістер;
 

 
білім беру бағдарламасын құру теориясы;
 

 
оқыту тәсілдерін енгізуге негіз болатын теориялық алғышарттар.
 [
3, 
Бағдарлама, 5б.

З
амануи 
тұжырымдар  Қазақстандағы  оқу  бағдарламаларын  өзгертудің 
қажеттілігін  нақтылай  түседі.  Технологиялар,  коммуникациялар  мен  ғылым 
салалардағы елеулі өзгерістер әлемдік экономикаға және ХХІ ғасырда табысты 
болу  үшін  әрбір  азаматқа  қажетті  білім  мен  дағдыға  терең  әсерін  тигізуде. 
Бүкіл  әлемде  білім  беру  жүйелерінің  келешек  ұрпаққа  қандай  білім  беретіні 
туралы  мәселе  қайта  қаралуда.  Осы  мәселе  аясында  «Балалар  ХХІ  ғасырда 
табысты  болу  үшін  нені  оқыту  керек?»  және  «Оқытудың  тиімді  әдістері 
қандай?»  деген  сияқты  негізгі  сауалдар  туындайды.  Бұл  сауалдар  білім  беру 
бағдарламасымен  және  білім  беру  бағдарламасын  жүзеге  асыруда 
п айдаланылатын  педагогикалық  әдістемелермен  тығыз  байланысты  [4, 
Бағдарлама,  12б.].  Сондықтан,  жа
ңартылған  білім  беру  бағдарламалары 
бойынша  педагог  кадрлардың  біліктіліктілігін  арттыру  курстарында  - 
мұғалімдердің  педагогикалық  шеберлігін  дамыту,  о
қытудың  интербелсенді 
әдістері мен инновациялық технологияларды қолдану, критериалды бағалауды 
пайдалану  және  жаңаша  жоспарлауға  бағыт-бағдар  беру  мәселелері 
қарастырылады.  Демек,  жаңаша  білім  беру  –  жаңа  білім  мен  дағдыны 
меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары,
сын тұрғысынан ойлауы дамыған, 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  меңгерген,  алған  білімін 
өмірде  қолдана  алатын  т
ұлғаны  қалыптастыруды  көздейді.  Осы  нәтижелерге 
жету  үшін  мұғалімдер  өздерінің  іс-тәжірибесіне  өзгеріс  енгізу  керек.  Пәндік 
білімі  мен  педагогикалық  білімі  терең,  оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдері  мен 
тиімді  стратегияларды  қолдана  алатын,  критериалды  бағалаудың  қыр-
сырларын  меңгерген  ұстаз  болу  –  заман  талабы.  Әсіресе,  оқушылардың 

11 
 
ынтасын  қөтеру,  олардың  сабаққа  деген  қызығушылығын  арттыру,  бағалау 
әділ,  шынайы  болу  үшін  критериалды  бағалауды  қолдану  маңызды 
мәселелердің  бірі  болып  саналады.  Бүгінкі  күнде  Қазақстандағы  ең  алдынғы 
қатарлы  мектептердің  бірі  -  Назарбаев  Зияткерлік  мектептері.  Критериалды 
бағалау  жүйесін 
Назарбаев  Зияткерлік  мектептері  өздерінің  іс-тәжірибесінде 
қолданып  үлкен  жетістіктерге  жетуде. 
О
рта  білім  беру  жүйесіндегі  басты 
мақсат  -  Назарбаев  зияткерлік  мектебінің  тәжірибесін  тарату.  Себебі, 
Назарбаев  зияткерлік  мектебі  отандық  және  әлемдік  озық  тәжірибелерді 
зерттеп,  инновациялық  технологияларды  білім  мазмұнына  енгізуді  жүзеге 
асыруда.  
Заманауи  зерттеулерде  бағалаудың  ерекшеліктері,  оның  түрлері  мен 
мүмкіндіктері,  маңыздылығы  зерделеніп,  талдау  жасалынған.  Мысалы, 
Александер  бағалауға  байланысты  өзінің  төмендегі  тұжырымдарын  айтады: 
«Сыныптағы  бағалау  тек  қана  техникалық  тәсіл  емес.  Мұғалімдер  жазбаша 
немесе  ауызша  түрде  баға  қою  жолымен  бағалайды.  Олар  қолданатын  кез 
келген нысанның артында баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, 
сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға 
қатысты  құндылықтар  жатады»  [5,  Нұсқаулық].  Қазақстан  Республикасы 
педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасында 
«Өздерінің  бұрынғы  тәжірибесі  бойынша  көптеген  мұғалімдер,  оқушылар 
және олардың ата-аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе 
ретінде  қарастырады.  Бағалау  оқыту  мен  оқудың  ажырамас  бөлігі  болуы 
мүмкін  деген  ой  біздің  түсінігіміздегі  едәуір  өзгерісті  талап  етеді»  -  деп 
айтылған.  [6,Нұсқаулық].  Сондықтан,  мұғалімдердің  «бағалау»,  әсіресе, 
«критериалды  бағалау»  туралы  көзқарастарын  өзгерту,  олардың  бағалау 
туралы  білімдеріне  жаңа  білім  қосу,  болашақ  тәжірибесінде  оны  тиімді 
қолдану  –  жаңартылған  білім  берудің  негізгі  мәселелерінің  бірі  болып 
саналады. 
Оқыту  мен  оқудың  келесі  қадамдарын  анықтау  үшін  үнемі  бақылап, 
бақылаудан  алынған  ақпаратты  пайдалану  соңғы  20  жыл  ішінде  халықаралық 
деңгейде кеңінен танылды және метаталдаудың көмегімен білім беруге өзгеріс 
енгізудің  табысты  түрлерінің  бірі  ретінде  атап  көрсетілді  (Black  and  William, 
1998).
 
Дәстүрлі  білім  беру  үрдісінде  академиялық  білім  беруге  назар 
аударылған  болса,  бүгінкі  күнде  -  оқушылардың  тілдік  дағдыларын 
қалыптастыру,  өздігінен  білім  алуға  бағыттау,  өзін-өзі  бағалау  және 
сыныптасын  бағалауға  үйрету  және  т.б.  мәселелер  –  білім  мазмұнын 
жаңартудың  негізін  қалайды. 
Жалпы  алғанда,  білім  мазмұнын  жаңарту 
жағдайында  ұстаздар  өздерінің  атқаратын  рөлін  түсініп,  кәсіби  құзыреттілігін 
қалыптастыру туралы ойланатын уақыт келді. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2011ж. 
2.
 
Қазақстан  Республикасында білім беруді дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған Мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010ж. 
3.
 
Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

12 
 
Педагогикалық шеберлік орталығы. Астана, 2015ж.
 
4.
 
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, (үшінші деңгей) 2014 ж. 
5.
 
Глоссарий (оқу-әдістемелік құрал), Қазақстан-Астана, 2014 ж. 
6.
 
НЗМ ДББҰ Тұжырымдамасы, Астана, 2013ж. 
 
 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ МҰҒАЛІМ 

МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ 
БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДАҒЫ БАСТЫ ТҰЛҒА
 
 
Абжалелова Айгүл Аманкелдіқызы, 
Ақтөбе қаласы Новый орта мектебі  
директордың оқу тәрбие ісі бойынша орынбасары 
Ахметова Алтынай Тажибековна, 
Қызылорда облысы Қазалы ауданы №216 мектеп мұғалімі
  
 
«Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады.» 
Ахмет Байтұрсынов 
 
Елбасының  100  нақты  қадамының  76-қадамында  12  жылдық  білім 
беруді  кезең  -  кезеңімен  енгізу,  функционалдық  сауаттылықты  дамыту 
үшін  мектептегі  оқыту  стандарттарын  жаңарту  керектігін  айқын  көрсетті. 
Еліміздің  болашағы  мектепте  болса,  ал  мектепті  өзгертіп,  жаңартатын  басты 
тұлға  әрине  -  мұғалім.  Олай  болса  апробацияға  ұсынылып  отырған  жаңа 
стандарт,  жаңа  мазмұнды  білім  беру  бағдарламаларын  тәжірибеден  өткізіп 
нәтижелілігіне  көз  жеткізу  мұғалімнің  ғана  кәсіби  шеберлігіне,  дамуына, 
инновациялық мәдениеттілігіне тікелей байланысты. Осыдан келіп инновация, 
инновациялық мәдениет дегенді қалай түсінеміз? деген сұрақ туындайды. 
Инновация  (жаңалық  жарату)  -  қазіргі  ойлау  үлгісі  мен  дәстүрлі  таным 
ерекшелігінен заманауилығымен ерекшеленетін, кезекті білім мен материалдық 
мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, 
кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, 
жаңа  әдіс,  жаңа  жол,  жаңа  орта  жаңалығымен  өмірді  жаңарту,  сөйтіп  адамға 
және  адамзатқа  бақыт  жарату  болса,  инновациялық  мәдениет  -  педагогика 
кеңістігінде  жеке  тұлғаны  қоғам  талабына  сай  дамытуға,  оны  әлеуметтік 
тұрғыдан  қабілетін  арттыруға  тәрбиелеу,  үйрету,  бағыттау,  білім  мазмұнын 
заман  талабына  сай  жаңартуға  бағытталған  мұғалім  мен  оқушының  үйлесімді 
бірлескен қызмет процесі болып табылады. 

 
Мұғалімнің  инновациялық  мәдениеттілігінің  бірінші  шарты  ең  әуелі 
мұғалімнің  оқушымен  қарым  қатынасынан  байқалады.  Оқушының  жасы  кіші 
болғанымен ой білігі қатарлас әріптес ретінде қарауынан мұғалімнің мәдениеті, 
адамгершілігі, ішкі жан дүниесінің байлығы, болмысы байқалып тұрады.  
Осы  тұста  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің 
8.01.2016 ж. № 9 бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдеп қағидаларының» 
бекітілуі де бұл мәселенің өзектілігін көрсетеді. 

13 
 

 
Екіншіден  ол  өз  пәнін  жетік  білумен  қатар  білім  беру  ісіндегі  жаңа  озық 
тәжірибеден  өз  қажетін  тауып  керегіне  жарата  білетін,  үйренушілерінің 
мүдделері  мен  мұқтаждықтарын  қанағаттандыруда  кәсіби  деңгейін  дамыта 
алатын жан; 

 
Мұғалім  мәдениеттілігінің  үшінші  шарты  өз  талабын  орындата  алуы. 
Мұғалімнің өз шәкіртінің жай күйін түсініп, оған дем беруге, көмек көрсетуге 
дайын тұруы, бәрінен бұрын шәкірт еңбегінің әділ бағалануы да мәдениеттілік 
белгісі. 

 
Инновациялық  мәдениеттіліктің  басты  көрінісі  өз  сабағында  жаңа 
технологияны  қолданатын,  оқытудың  интербелсенді  әдіс-тәсілдерін  ұтымды 
пайдаланып,  шәкірттерімен  бірлесіп,  ынтымақтасқан  әрекетте  сабақ  өткізу 
болып табылады.  
Елбасы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында ««Өмір бойы 
білім  алу»  әрбір  қазақстандықтың  жеке  кредосына  айналуы  тиіс»  деп  айқын 
көрсетті. 
«Өмір  бойы  үйрену»  тұжырымдамасының  негізгі  қағидалары  нәтижеге 
және оқушыға бағытталады.  
Ұсынылып  отырған  жаңа  мазмұнды  бағдарламаның  қолжетімділігі  мен 
өміршеңдігі  оқу  -тәрбие  процесінде  мұғалімнің  қолданатын  интербелсенді 
әдістердің  тиімділігімен  нәтиже  береді.  Ұлтымыздың  біртуар  перзенті 
Жүсіпбек  Аймауытов  айтқандай  «Сабақ  беру  жай  ғана  шеберлік  емес,  ол 
жаңадан  жаңаны  табатын  өнер»  деген  болатын.  «Қарапайымнан 
күрделіге»,  «Тәжірибеден  теорияға»  яғни  оқушының  функционалдық 
сауаттылығын  дамытуға  қарай  негізделген  спиральды  құрылымда  білімнің 
біртіндеп  артуы  мен  тереңдеуін  және  білім  алудың  бір  сатыдан  екінші 
сатыға  көшуін  көрсетеді.  Берілген  жаңа  бағдарлама  оқушының  бірнеше 
пәндер  бойынша  бір  тақырып  төңірегінде  бірізді  кең  көлемде  ой  өрісін 
кеңейтуге,  алған  білімін  нақтылауға  көп  мүмкіндік  береді.  Мектептегі  оқу  -
тәрбие  процесіндегі  оқушы  мен  мұғалім  әрекеті  оқушылардың  дамуы  мен 
функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруға  негізделген,  оқудың  нақты 
нәтижелерін оқушылардың әрекеттері тұрғысынан көрсетуге бағытталған Блум 
таксономиясы  арқылы  жүзеге  асады.  Дидактикалық  мақсаттар  біздің  оқытуда 
қандай  нәтижелерді  күтетіндігімізді  түсіндіреді.  Мәселен,  «сабақ  нәтижесі 
бойынша  оқушылар:  нені,  қалай...  ажыратады,  ...салыстырады,  ...негіздейді, 
...талдайды, ...құрастырады, ...бағалайды, ...қолданады».  
Блум таксономиясының әр деңгейіне тоқталып сипаттама берсек, 
Білім деңгейі таным мен ойлаудың басқа деңгейлерінің негізін құрайды, 
өйткені онсыз қалғандарының болуы, жүзеге асырылуы екіталай. 
Түсіну дегеніміз- мәліметті таныс, анық күйге ауыстыру арқылы өзіндік 
түсінік қалыптастыру. 
Қолдану  қандай  да  бір  проблеманы  шешу  үшін  мәліметті  іс  жүзінде 
қолдану, жүзеге асыру. 
Талдау  деңгейі  бүтін,  тұтас  нәрсені  оның  қалайша  құрылғандығын 
түсіндіру мақсатында құрамдас бөліктерге бөлуді нұсқайды. 

14 
 
Синтез жаңа мазмұн мен бүтін ұғым тудыру мақсатында жеке бөліктерді 
шығармашылықпен біріктіру. 
Бағалау  күмәнді,  даулы  және  пікірталас  туғызатын  мәселелер  бойынша 
шешім қабылдап, оны нанымды дәлелдер арқылы айғақтау. 
Тиімді жоспарлау ғана нәтижелі сабақ берері анық. Әрбір 2700 секундтық 
немесе  45  минуттық  сабақ  баланың  болашақ  өміріне  баспалдағының 
басқыштары. Міне осы сабақтан соң мұғалімнің сабақтағы кемшіліктерін тере 
отырып талдау жасағаннан гөрі оның өз сабағына талдау жасауы, өз ісіне сыни 
тұрғыда  қарауы,  сабақтың  сәтті,  сәтсіз  өткен  тұстарын,  келесі  сабақта 
өзгертетін 
кезеңдерін 
айқындауының  өзі 
мұғалімнің 
инновациялық 
мәдениеттілігінің, кәсіби дамуының көрінісі. Сабақты түрлі формалармен және 
әдістермен тым толтырып жіберу оқыту мақсатына жеткізуге әкеле бермейтінін 
ескеруіміз  керек.  Сабақта  қолданылатын  барлық  тәсілдердің  өзіндік 
мақсаттылығы,  сабақтың  әрбір  кезеңінде  өзінің  нақты  мақсаты  болады. 
Мақсатты  қоя  білу-сәтті  сабақтың  кепілі.  «Мақсат  -  іс  жүзінде  оны  орындау 
қолдан келгенде ғана жақсы болады» 
Анықтамасына  тоқталатын  болсақ,  мақсат  -бұл  кез  келген  бір  объектіні 
түрлендіру бойынша болжанатын, алдын ала жоспарланатын іс әрекет нәтижесі 
болып табылады. 
Мақсат түрлері 
Оладың ерекшелігі 
Жедел мақсаттар 
Әр сабақта іске асырылады 
Тактикалық 
мақсаттар 
Әр тақырыпты игерген кездеіске асырылады. 
Аралық мақсаттар 
Оқу материалының тұтас игерілуін қамтамасыз етеді. 
Стратегиялық 
мақсаттар 
Барлық оқу жылы бойында педагогикалық іс әрекетті 
бағыттайды.  
Іргелі мақсаттар 
Барлық  оқыту  жылдарында  оқу  тәрбиелеу  үдерісінің 
тиімділігін анықтайды. 
Алдағы  45  минуттық  сабақты  ойлаушы,  шыншыл  өз  өзіне  адал  дос 
мұғалім  өзіне  сабағы  нәтижелі  боларлықтай  сұрақтарды  қойып  жауап 
іздегені абзал. 
Сабақты өткізгеннен кейін терең рефлексия жүргізуі әрбір мұғалімнің 
кәсіби дамуына ықпал жасап, дем береді. Рефлексия латын сөзінен аударғанда 
«артқа қарау» деген ұғымнан туындайды және де рефлексияда адам өзімен 
ылғи диалогте болады. Ал басқа адамдардың өзі туралы пікірлері арқасында 
рефлексиясын тереңдетеді.Осындай қарым қатынаста өзі туралы пікірді есту 
мен білуді кері байланыс деп атайды. Кері байланысты ұсынғанда мынандай 
ережелерді ұстанған дұрыс: 

 
Позитивті болу 

 
Бағалаушы болмау  

 
Кеңес бермеу, үйретпеу, тек ұсыныс жасау 

 
Ынталандыруға ұмтылу 

 
Сыпайы болу 

 
Көмектесу ,жәрдем беру 

15 
 

 
Тең ұстау 

 
Сәттілікке бағыттау 
Жасыратыны  жоқ  көп  ұстаздар  «Мен  айтып  берсем-оқушы  түсінеді» 
деген  қарапайым  дидактикалық  қағиданы  ұстанады.  Пән  бойынша  мағлұмат 
тұрғысынан  алатын  болсақ  мұғалім  көп  нәрсеге  қанық,  өйткені  ол  жылда 
шәкірттеріне үйретеді. Алайда оның білмейтіні де болуы мүмкін. 
Ұстаз  нені  білмеуі  мүмкін?  деген  сұрақ  мазалайды.Ол  шәкірттің  ішкі 
жан дүниесінің болмысы мен ахуалын, оқушының қандай ойы, пікірі, идеялары, 
дүниетанымы, көзқарасы, ұстанымы, түсінігі, пайымдауы, уәждері, дәлелдері, 
ұсыныстары  бар  екендігін  білмеуі  мүмкін.  Осы  мәселелерді  білуге  жағдай 
жасау  мәселен  екі  жердегі  екі  қанша  болады?  деген  сұрақтан  гөрі  Неліктен 
2х2=4 болады? деп сұрақ қойған дұрыс болар еді және де біз жауаптың бірнеше 
нұсқаларын алған болар едік. 
Шәкірт мектеп қабырғасынан қандай да бір ғылым иемденіп қана емес, өз 
жүрегі  мен  жанын  өмірге  және  басқа  адамдарға  айқара  ашқан,  жалған 
қағидаларды  ұстанбайтын,  дүниеге  өзіндік  көзқарасы  бар  тұлға  болып  шығуы 
керек.  
Мектептегі  мұғалімдердің  инновациялық  мәндениетін  дамытуға 
бағытталған  жұмыс  интербелсенді  әдістер  арқылы  жүзеге  асуда.  Педагог 
қызметкерлердің  шығармашылық  шеберліктерін  шыңдау,  кәсіби  деңгейін 
дамытудың  бірден  бір  жолы  мониторинг  жүйесі  болып  табылады.  Әрбір  оқу 
жылы қорытындысымен «Жылдың үздік мұғалімі», «Жылдың үздік әдістемелік 
бірлестік жетекшісі», «Жылдың үздік оқушысын» анықтау жұмысы мектептегі 
оқу тәрбие жұмысының сапасын арттыруға зор ықпалын тигізеді. 
Сонымен қатар жаңа стандарт мемлекеттік, орыс, ағылшын тілінде білім 
беру  процесін  ұйымдастыру  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау  арқылы  үштілді 
білім  беру  саясатын  іске  асыруға  бағытталған.  Міне  осы  тұста  да 
мұғалімдеріміздің оқыту тілімен шектелмей оқушылармен қатар басқа тілдерді 
меңгеруге  деген  қызығушылықтарын  арттыруға  мүмкіндік  береді  және  де 
ғаламтор желісінің тілі ағылшын тілін жетік меңгергені шетелдік әріптестермен 
тәжірибе  алмасу,  озық  үлгілерді  кедергісіз  оқып  түсініп  қолдануына  зор 
мүмкіндік береді. Үштілді білім беру - бұл жай ғана үш тілді үйрету ғана емес, 
бұл  пәндерді  үш  тілде  жүргізіп  білім  беру.  Міне  осы  бағытта  ерікті  ағылшын 
тілі мұғалімдерінің «Тіл үйрену курстары» және Назарбаев Зияткерлік мектебі 
мұғалімдерімен  өткізілген  кіріктірілген  командалық  сабақтар  мұғалімдердің 
инновациялық мәдениеттілігінің өсуіне оң ықпалын тигізуде. 
Пилоттық  мектеп  ретінде  апробациядан  өтудегі  бірінші  сыныптардағы 
Жаратылыстану  және  дүниетану  пәнінен  бастауыш  класс  мұғалімдері  үшін 
ұйымдастырылып  жатқан  оқыту  семинарлары  физика,  биология,  география, 
тарих  ғылым  негіздерін  үйретудегі  сабақтастықты  жүзеге  асыру  мақсатында 
пән мұғалімі тарапынан интербелсенді әдістерді пайдаланып тәжірибе жүзінде 
ұйымдастырылуда  және ол  пән  мұғалімінің  шеберлігін  шыңдауға  оң  ықпалын 
тигізуде. 
Осы  бағытта  мектептегі  «Жас  қанат»  жас  ұстаздар  мектебінің  жұмыс 

16 
 
бағдарламасын  ұсынамын.  Мұнда  оқу  жылы  бойына  үйрену  семинарлары 
жоспарланған  және  ол  семинарларды  сол  жас  мамандардың  тәлімгерлерімен 
бірге өздері ұйымдастырып береді. Жұмыс жоспары еңбек өтіліне байланысты 
үш бағанда жасалады яғни бірінші жылға, екінші жылға және де үшінші жылға 
бөлек бөлек жасалады. 
Мұндағы  біздің  ұстанымыз:  «Үйрену  мен  есте  сақтаудың  ең  тиімді 
әрекеті-басқаларды үйрету!» болып табылады. Американдық психолог Уилльям 
Глассердің  зерттеуінше  біз  білімнің  10%  оқығанда,  20%  тыңдағанда,  30% 
көзбен  көргенде,  50%  көзімізбен  көріп  тыңдағанда,  70%  пікір  таластырғанда, 
80% тәжірибе жасағанда, 95% басқаларды үйреткенде алатындығымыз ғылыми 
дәлелденген.  
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Әлімов А.Қ. «Оқытудағы интербелсенді әдіс тәсілдер» ПШО Астана 2014  
ж. 
2.
 
 Республикалық ғылыми әдістемелік «Педагогикалық кеңес» журналы /2-
2009 ж/ 
3.
 
Тиімді жоспарлау Астана 2015 ж. 
4.
 
Оразбекова. К. «Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың 
бастауы хақында» - Алматы.2000. 543 /б.Б.31-38,58-70,90-94,218-220;С. 
5.
 
 С.Ғаббасов. «Халық педагогикасының, негіздері» - Алматы.1995 ж. 
/1.3.7.бет, 26бет/. 
6.
 
Педгогикалық диалог ақпараттық әдістемелік журналы 2015 ж №1 (11), 
3(13) номерлері. 
 
 
АЛАШ ЖӘНЕ АЛАШОРДА ТАРИХНАМАСЫ
 
 
Аділғазықызы Жұлдыз, 
Астана қаласы Гуманитарлық колледжі 
Қоғамдық пәндер оқытушысы 
 
Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  тарих  ғылымына  деген  қоғамда 
жаңа  көзқарастың  қалыптасуы  өткен  мен  қазіргі  кезеңді  жаңа  тарихи  сын 
тұрғысынан  талдауды  талап  етеді.  Бұл  ХХ  ғасырдың  алғашқы  ширегінде 
Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде елеулі 
рөл  атқарған  Алаш  қозғалысы,  “Алаш”  партиясы  және  Алашорда  үкіметі 
тарихын  зерттеуді  жан-жақты,  әрі  терең  ғылыми  тұрғыда  жалғастыру  міндеті 
тәуелсіз  Қазақстан  тарихшыларының  еншісіне  тиді.  Соңғы  жылдарда  осы 
тақырыптағы  жарияланған  ғылыми  зерттеулердің  нәтижесінде  нақты 
көзқарастар  қалыптасты.  Бұның  бәрі  қазақ  халқының  ұлт-азаттық  күрес 
тарихындағы Алаш қозғалысының орны мен рөлін анықтауды және 1917-1920 
жылдардағы  қазақ  автономиясы  өкілдерінің  қызметіне  тарихи  әділдікті 
қалыптастыруға көмектеседі. 
ХХ  ғасырдағы  қазақ  халқының  ұлт-азаттық  көтерілісі  тарихы  туралы 

17 
 
көптеген  деректерге  негізделген,  қазіргі  еңбектердің  тарихи  маңыздылығы 
жоғары.  Сондықтан  бұл  мәселенің  тарихнамасы  оның  негізгі  кезеңдерін 
көрсетумен  шектеледі,  ал  Алаш  қозғалысының  тарихнамасы  жеке  зерттеу 
объектісі  болып  қалыптасады.  Алаш  қозғалысының  тамыры  қазақ  халқының 
ұлт-азаттық  көтерілісі  мен  тәуелсіздік  үшін  соғыстарда  жатыр.  Сырым  Датов, 
Жанқожа Нұрмұхамедов, Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов, Кенесары 
Қасымұлы  бастаған  ұлт-азаттық  көтерілістер  және  басқа  да  тарихи  оқиғалар 
қазақ  халқының  санасында  өшірілмес  із  қалдырып  отырды.  Бірақ,  бұл 
көтерілістердің  жеңілуі  отарлық  үстемдіктің  одан  сайын  күшеюіне  әкеліп 
отырды.  Отарлық  режимнің  күшеюі  ұлт  тәуелсіздігі  үшін  күрестің  әдістеріне 
өзгерістер  енгізді.  Бұл  Еуропаның  демократиялық  идеяларымен  тәрбиеленген 
интеллигенциядан 
тәжірибе 
жинаған 
интеллектуальды 
элитаны 
қалыптастырды.  Сонымен  қатар,  ХІХ-ғасырдың  соңы  мен  ХХ-ғасырдың  басы 
бір  жағынан,  әлеуметтік-экономикалық  жағынан  дағдарысқа  сай  келді.  Ресей 
империясындағы 
революциялық 
қозғалысының 
күшеюі 
жас 
қазақ 
интеллигенциясының  империялық  режиммен  саяси  күресті  бастауымен  қатар 
келді.  Сондықтан  Алаш  қозғалысы  тарихын  кешенді  түрде  қарастыру  керек. 
Саны аз қазақ интеллигенциясы күреске өркениетті жолмен жетуді ойлап, 1917 
жылы  Ресей  Федерациясының  құрамында  қазақ  автономиясын  құру  туралы 
айтты. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә. Назарбаев  “Тарих 
толқынында”  деген  кітабында  "…  деятельность  казахских  интеллигентов 
первой  половины  столетия,  сопряженная  со  страшными  личными  трагедиями, 
современна  не  только  по  своему  концептуальному  уровню,  что  само  по  себе 
уникальное  явление,  но  и  по  своему  гражданскому  и  нравственному  уровню” 
деп  көрсетті  /1/.  Бірақ  революция  мен  азамат  соғысында  Алаштықтардың 
жеңілуі  жағдайды  өзгертті.  Дегенмен,  қазақ  автономиясын  құру  жолындағы 
күрес  Алаш  қозғалысының  нәтижесі  ретінде  және  Алаш  Орда  үкіметінің 
құрылуы қазақ мемлекетінің қалыптасуы жолындағы күрес негізгі кезеңдерінің 
бірі ретінде қарастырылуы тиіс. 
Алаш  қозғалысы  туралы  тарихшы  К. Нұрпейісов  өз  пікірін  былай 
көрсетеді: “Алаш немесе Алашорда қозғалысы - бірнеше құрамдас бөлімдерден 
тұратын  күрделі  ұғым.  Сондықтан  да  әуел  бастан  Алаш  (Алашорда) 
қозғалысына  жататын  жекеленген  мәселелердің  басын  ашып,  оларды  нақты 
түрде қарастырған жөн сияқты. Олар, біріншіден, саяси партия ретіндегі Алаш, 
екіншіден, мемлекеттік құрылым түріндегі Алаш автономиясы, үшіншіден, осы 
автономияны  (Алаш  атты  қазақтың  мемлекеттігін)  басқаруға  тиісті  болған 
Алаштың ордасы (Алашорда үкіметі) туралы мәселелер” /2/.  
Тақырыбымызға  байланысты  зерттеушілердің  ішінде  ХХ  ғасырдың  бас 
кезінде  жарық  көрген  еңбектердің  ерекшелігі,  ол  мәселенің  негізгі  мән-
мағынасын  ашып  көрсетуде  жан-жақтылық  пен  деректілік  сипат  танытуында 
деп  білеміз.  Алашордаға  қатысты  тарихи  шындық  тұрғысындағы  тұжырымды 
ойлар  А. Байтұрсыновтың  атақты  “Революция  және  қазақтар”  деген 
мақаласында айтылды. А. Байтұрсынов аталған еңбегінде Алашорданың нағыз 

18 
 
халықтық  сипатын  көрсете  отырып,  болашақ  құрылар  Кеңестік  Қазақ 
мемлекетінде  де  ұлттың  өзін-өзі  басқаруы  мәселесін  және  Орталықтағы 
биліктің өз кезегінде аймақтағы билікпен санасуы қажеттілігін көрсеткен.  
Кеңес  тарихнамасында  Алаш  және  Алаш  Орда  тарихы  1920  жылдың 
соңынан ХХ ғасырдағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы тарихын айтқан 
кезде  мүлдем  айтылмайды.  Большевизм  идеологиясына  сай  келмейтін  Алаш 
қозғалысы  және  Алаш  Орда  үкіметі  кеңес  мемлекетінің  саясатына  қарсы  деп 
қабылданды.  Ізінше,  қозғалыстың  мүшелері  буржуазиялық  ұлтшылдар  деп 
аталды.  Сондықтан  Алаш  тарихнамасын  зерттеу  бүгінгі  күн  тұрғысынан 
көкейкесті болып табылады. Еңбектерді жан-жақты талдау, кешенді қарастыру 
мәселенің  ашылуы  үлкен  рөл  атқарады.  Қозғалыс  өкілдері  өмір  көрсеткендей, 
“буржуазиялық ұлтшылдар” қатарында емес. Өнер және әдебиет өкілдері “қазақ 
буржуазиялық ұлтшылдары және контрреволюциялық Алаш Орда” жақтастары 
қатарына  жатқызылып  жаппай  саяси  репрессияға  ұшырады.  Осыған 
байланысты кеңестік тарихнамада Ұлы Қазан революциясы және азамат соғысы 
тарихы  жайындағы  еңбектерде  Алаш  Орда  қызметін  бір  жақты  қарастырады. 
Бірақ,  бұл  еңбектерде  фактылық  материалдар  көп  кездеседі,  соған  қарағанда 
авторлар қалыптасқан идеологиялық шеңберінен шыға алмаған. 
Кеңес  кезеңінде  Алаш  қозғалысы  қатысушыларының,  ең  алдымен 
лидерлерінің  еңбектері  қарастырылмады.  Шын  мәнінде,  Қазақстандағы  ғасыр 
басындағы қоғамдық-саяси өмір және ұлттық мұсылмандық қозғалыс талдаулар 
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай 
және  басқалардың  еңбектерінде  жазылған  болатын.  1920  жылдың  басында 
басылымдарда  ХХ  ғасырдың  басындағы  Қазақстан  тарихының  зерттелуіндегі 
объективті  тұжырымдар  көрініс  берді.  Мәселен,  А.  Байтұрсынов,  А.  Кенжин, 
Г. Сафаров,  Т.  Рысқұлов  және  басқа  да  авторлар  еңбектерінде  1917  жылға 
дейінгі қазақ интеллигенциясының қызметі туралы сөз болады. 
Алаш  Орданың  мақсаты  мен  бағдарының  РКП  (б)  мен  большевиктік 
жүйеге сәйкес келмеуі кеңес мемлекетіне қарсы шешімдерді туғызды. Бұрынғы 
Ресей  империясының  аумағындағы  ұлттық  қозғалыстарға  байланысты  партия 
органдары  күштеуді  пайдаланды.  Алаш  Орда  және  Алаш  қозғалысының 
өкілдеріне жарияланған амнистияға қарамастан аз уақыт ішінде олар қудалауға 
ұшырады.  Мерзімдік  басылымдар  бетінде  Алаш  қозғалысы  туралы  айтыс-
тартыстар  жарияланып,  Алаш  өкілдерін  ашық  түрде  бірте-бірте  қудалана 
бастады.  Атап  өтуіміз  керек,  мұндай  идеологиялық  тазалау  1920-1930 
жылдарда  болды.  Бұл,  адамдар  сана-сезіміндегі  ұлт-азаттық  идеяны  құртып, 
бұрынғы  империяны  сақтап  қалу  мақсатында  бағытталып  істелді.  Алашорда 
қозғалысы тарихы ресми тұрғыдан, таптық және партиялық тұрғыдан “зерттеу” 
науқаны Ф. Голощекиннің Қазақстанның партия ұйымын басқаруға келген 1925 
жылдан кейін үдей түсті. Осы кезден бастап Алашорданы қаралайтын еңбектер 
пайда бола бастады. Бұл істің басы-қасында Өлкелік партия комитеті болғанын 
архив құжаттары растайды. 
Осыған  байланысты,  1920  жылдың  екінші  жартысы  мен  1930  жылдарда 
басқару  ісіндегі  саяси  диктатураның  күшеюі  тарихи  зерттеулердің  ақсауына 

19 
 
әкелді.  “Алаш  Орданың  ұлттық-буржуазиялық  идеологиясымен  соғыс”  Алаш 
тарихын  зерттеудегі  негізгі  тақырып  болып  қалды.  Сол  кезде  Алаш 
қозғалысының 
“объективті-революциялық 
рөлі” 
жайында 
Ақпан 
революциясына  дейін  оның  “контрреволюциялық  қайта  тууы”  деген  тезис 
қалыптасты. А.К. Бочаговтың, Е. Федровтың, П. Галузо және тағы басқалардың 
еңбектерінде,  “Алаш  Орда”  құжаттар  жинағында  Алаш  және  Алаш  Орда 
тарихы  осы  бағытта  көрсетілген.  30-жылдары  Қазақстанда  үстемдік  алған 
жаппай  қуғын-сүргін  саясатының  шеңгеліне  Алаш  қозғалысы  қайраткерлері 
алдымен  ілінді.  Ал  ресми  өкімет  органдарының  Алаш  мәселесін  жабық  деп 
табуы,  тікелей  Алаш  немесе  Алашорда  қозғалысына  арналған  зерттеулер 
жүргізуге  80-жылдардың  сонына  дейін  мүмкіндік  берілмеді.  1933  жылы 
марксизм  және  ленинизм  ҚазҒЗИ-де  қазақ  халқының  тарихындағы  Алаш 
Орданың контрреволюциялық қызметінің жағымсыз ролі туралы айтыс-тартыс 
басылып шықты /3/.  
1935  жылы  С. Брайнин  мен  Ш. Шафироның  “Очерки  по  истории  Алаш-
Орды” деген еңбегінде аймақтағы ұлт-азаттық қозғалыс тарихында таптық әдісі 
көрінетінін  баяндайды.  1940  жылдары  және  1980  жылдың  екінші 
жартысындағы  бұл  мәселе  жайындағы  көзқарас,  дерек  базасының  кеңеюіне 
қарамастан,  бұрынғы  берілген  баға  мен  шешімдерге  сүйенеді.  Ал,  1970-1980 
жылдардағы зерттеушілердің бұл кезеңдегі “социалистік реализм” тұрғысынан 
маркстік-лениндік әдістемесімен жазылған монографияларында негізінен Қазан 
төкерісін  дәріптеу,  Қазақстандағы  Кеңестік  өкімет  құрылысының  жүргізілуі, 
азамат  соғысы  кезіндегі  большевиктер  партиясының  ұлттық  аймақтардағы 
жетекшілік рөлі және т.б. ерекше сипатталды. 
Алаш тарихын зерттеу түбірімен тек 1980 жылдардың аяғы 1990 жылдың 
басында ғана өзгерді. Бұл кезеңде екі хронологиялық уақытты атап өту керек. 
Біріншісі  (1991  жылға  дейін)  әлі  дәстүрлі  маркстік-лениндік  методология 
маңызын  жоймаған  кез.  1991  жылдан  бастап  Алаш  Орда  мен  Алаш  тарихын 
зерттеудегі  жаңа  кезең  басталды.  Осыған  дейінгі  методологияның  ғылыми 
еместігі  баян  болды,  сонымен  қатар,  жаңа  теориялық  аппараттың  қажеттілігі 
туындады. 
М.Қ. Қозыбаевтың, 
К. Нұрпейісовтың, 
Д. Аманжолованың, 
М. Қойгелдиевтің,  Т. Омарбековтың,  М. Құл-Мұхаммедтің,  С. Өзбекұлының 
және басқалардың еңбектері осы тұжырымдаманы дамытты. Кеңес Одағындағы 
демократия  мен  жариялылықтың  кеңінен  өрістеген  тұсында,  Қазақстан 
Компартиясы  Орталық  Комитеті  жанындағы  Партия  тарихы  институтының 
ұйымдастыруымен “Алашорда: пайда болуы, қызметі және күйреуінің тарихы” 
атты тақырыпта пікір алысу болып өтті. Оның ықшамдалған түрі “Социалистік 
Қазақстан”  және  “Қазақстан  правда”  газеттерінің  1989  жылғы  19  шілдедегі 
санында жариялануы республика зерттеушілеріне тың серпіліс әкелгені даусыз 
еді. Жоғарыда көрсетілген пікір алысуға қатысқан зерттеушілердің пікірі Алаш 
және Алашорда тарихын жан-жақты, әрі толыққанды түрде зерттеу керектігіне 
және  бұрын бұрмаланып келген  шындықты  ашу  қажеттігіне  қарай ойысқанын 
байқаймыз.  Осы  кездері  А. Сармурзиннің,  М. Қозыбаевтың  зерттеу  еңбектері 
жарық  көрді  /12,  231/.  Қазақстанда  алаштану  мәселесін  алғашқылар  болып 

20 
 
зерттеуді К. Нұрпейісов, М. Қойгелдиев, Д. Аманжолова және Т. Омарбековтер 
бастады. 
“Қазақстан  Коммунисі”  журналының  1990  жылғы  5-санында  редакция 
алқасының  ұйымдастыруымен  “Алаштың  ақиқатын  кім  айтады?”  деген 
тақырыпта  топтама  берілді.  Осы  тақырып  бойынша  зерттеушілер 
В.К. Григорьевтың,  К. Нұрпейісовтың  және  Т. Кәкішевтің  мақалалары  жарық 
көрді.  Зерттеушілер  К. Нұрпейісов  пен  Т. Кәкішев  Алаштың  саяси  ұйымы 
ретіндегі  қызметіне  алғаш  рет  оң  баға  берді.  Сол  жылы  зерттеуші 
М. Қойгелдиевтың “Арай” журналының 1990 жылғы 8-9 сандарында “Алашты 
бұғаудан  қашан  босатамыз?”  деген  объективті  мақаласы  жарияланды.  Ғалым 
К. Нұрпейісов  Алаш  қозғалысы,  Алаш  партиясы  және  Алашорда  үкіметі 
тарихына арналған қомақты еңбегін 1995 жылы жариялады /2, 256 б./. Дәл осы 
жылы  зерттеуші  М. Қойгелдиевтің  Алаш  қозғалысы  мен  қазақ  зиялыларының 
қоғамдық-саяси өміріндегі қызметтері жөніндегі еңбегі жарық көрді /18, 368/. 
Зерттеуші  К. Нұрпейісовтың  еңбегі  30  жылдан  астам  уақыт  бойғы 
ғылыми  ізденістері  барысында  дүниеге  келді.  Зерттеудің  маңыздылығы,  оның 
Ресей  кеңістігінде  қазақ  халқы  мен  оның  саяси  ұйымы  тарихының  сол 
кезеңдерде  туындалған  қоғамдық-саяси,  экономикалық  және  әлеуметтік 
қатынастар  астарымен  тереңнен  сипатталуы  болды.  Зерттеуші  М.  Қойгелдиев 
еңбегінің  маңыздылығы,  оның  зерттеу  арнасында  қазақ  зиялыларының 
қоғамдық-саяси  өмірінің  жарқын  беттерін  нақты  ғылыми  дәлелдермен 
көрсетілуі  болды.  Алаштану  мәселесін  зерттеуге  тарихшы  Д.  Аманжолованың 
қосқан үлесі зор болды. Д. Аманжолова еңбектерінің құндылығы деректерінің 
молдығында.  Ғалымның  ғылыми  айналымға  Ресей  архивтеріндегі  Алаш 
қозғалысына қатысты құжаттарды қосуын атаймыз /110, 137/. 
Алаш мәселесі тарихнамасының белгілі ғылыми тәжірибелері бар. Бірақ, 
соған  қарамастан  бұл  мәселе  пән  болып  қалыптасқан  жоқ.  Жарық  көрген 
еңбектерде Алаш тарихнамасы толық қарастырылмаған. Ал соңғы жылдардағы 
авторлардың  монографиялық  зерттеулерінде  тек  бұрынғы  еңбектерді  жалпы 
атап өтумен шектелді. Өйткені олардың негізгі мақсаты - Алаш қозғалысы мен 
Алаш Орданың өз тарихын қалыптастыру болатын. 
Бұл  зерттеудің  деректік  базасы  Қазақстан  тарихшыларының  және 
қоғамдық-саяси  интеллигенциясының  еңбектері  болып  табылады.  Олар 
А. Байтұрсынов,  Ә. Бөкейханов,  М. Дулатов,  М. Шоқай,  Ж. Аймауытов, 
М. Жұмабаев,  К. Кемеңгерұлы,  Х. Досмұхамедов,  А. Кенжин  және  басқалар. 
Интеллигенция өкілдерінің еңбектерінің құндылығы, олар қозғалыстың тікелей 
лидерлері мен қатысушылары. Аталған еңбектерде Алаш Орданың идеологтары 
мен қайраткерлерінің көзқарастарының эволюциясы көрсетіліп отырды. 
Сонымен  қатар,  Алаш  қозғалысының  лидерлері  мен  өкілдерінің  1920 
жылдары  басылған  еңбектерінің  ерекшелігін  атап  өту  керек.  Олар  режим 
үстемдігі  нәтижесінде  авторлар  өз  еңбектерінде  қозғалыс  туралы  бар 
шындықты көрсете алмады. Өйткені билеуші өкіметке қарсы тұру керек еді. 
Жұмыста, 
сонымен 
қатар, 
отандық 
гуманитарлық 
ғылымның 
жетістіктерін  көрсетуші  қазіргі  тарихи,  қоғамдық  әдебиет  қолданылған. 

21 
 
Қозғалыс тарихының көрсетілуіне негіз болған Алаш Орданың құжаттары мен 
материалдары,  Кеңес  өкіметі  органдарының  және  БКП  (б)  және  СОКП 
құжаттары  болып  табылады.  Онда  1907  жылы  маусым  және  желтоқсан 
айларында  шақырылған  жалпы  қазақтық  съездердің  шақырылуы,  Алаш 
қозғалысы  лидерлерінің,  қазақ  халқының  ұлт-азаттық  қозғалысы,  революция 
мен азамат соғысы кезеңінің материалдары кездеседі.  
Соңғы  кезеңдегі  Алаш  мәселесі  туралы  ғылыми  әдебиеттердің  көптеп 
басылуы,  тарихи  ойдың,  зерттеудің  одан  әрі  дамуына  жағдай  жасады.  Алаш 
және  Алаш  Орда  мәселесін  зерттеудің  мақсаты  -  алаштықтардың  қоғамдық-
саяси  қызметі,  қос  төңкеріс  пен  азаматтық  қарсыласу  жылдарындағы  саяси 
күштердің тоғысуы т.б. сұрақтарға 1917-1999 жылдар арасындағы тарихшылар 
еңбектері  арқылы  жауап  іздеу.  Аталған  жылдардағы  алаш  туралы  пікірлердің 
әртүрлілігі  және  қайшылығы  қызығушылық  тудырады.  Тақырыпта  зерттеу 
міндеттері  тарихнамалық  талдауы  жүзеге  асыру  болып  табылады.  Алаш 
мәселесін кең көлемде зерттеу міндеттері төмендегідей: 
-
 
ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының қызметін ашу; 
-
 
қос  төңкеріс  пен  азаматтық  қарсы  тұру  жылдарындағы  алаш  мәселесінің 
көтерілуін айқындау; 
-
 
1920-1930  жылдардағы  алаш  мәселесінің  зерттелуіндегі  көзқарастарды 
ашу; 
-
 
кеңестік тарихнамаға толық талдау жасау; 
-
 
тәуелсіздік  жылдарындағы  алаш  тарихының  зерттелуіндегі  пікірлерді 
анықтау.  
Бұл тарихнамалық жұмыста 1917 жылдан бастап, 1999 жылдарға дейінгі 
аралығы  қамтылған.  Аталған  уақыт  алаш  тарихнамасы  үшін  өте  маңызды 
болып табылады. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет