Мдұ -дағы ерекше білімді қажет ететін тәрбиеленушіге психологиялық – педагогикалық қолдау қызметінің негізгі кезеңдері


Баланың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі мінез-құлық ерекшеліктері(сабақтарда)



бет9/9
Дата28.03.2023
өлшемі42,85 Kb.
#77062
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Баланың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі мінез-құлық ерекшеліктері(сабақтарда)







1

Психикалық күш-жігерден,ойланудан бас тартады,зейінін шоғырландыра алмайды, жан –жағына қарай береді.







2

Ақыл-ой белсенділігін қажет ететін тапсырмадан тез шаршайды(салыстыру,жалпылау,үлгі бойынша әрекет ету)







3

Оған айтылған сөзді тыңдамайды,тапсырманы бірнеше рет қайталауға тура келеді.







4

Сабаққа ынтасы төмен, қарындаштарды,кітаптарды,басқа заттарды жиі ұмытады немесе жоғалтады.







5

Өз кезегін күте алмайды, басқалар әрекетіне жиі араласады немесе тоқтайды.







6

Сабаққа қызығушылық танытпайды, тапсырманы қадағалаумен ғана орындайды.







7

Өте шашыраңқы , салақ, сабаққа қатысқысы келмейді.







8

Тым ұялшақ, бірдеңе сұрадан қорқады (мысалы көмек)







9

Ол сөйлеуінде тежелу байқалады, өте көп сөйлейді,ересек адамның ескертулеріне қарамастан сабақта көп сөйлейді.







10

Сабақта берілген тапсырманың жауабын білсе де,ауызша жауап беруден қашқақтайды.










Моторлы-қозғалтқыштық дамуы







1

Қозғалысы ебедейсіз, қимылы ыңғайсыз, қозғалыс үйлесімі нашар.







2

Шамадан тыс қозғалыс белсенділігін көрсетеді, сабақ кезінде немесе қозғалуға болмайтын басқа жағдайларда орнынан тұрып кетеді.







3

Мазасыз, шиеленісті қозғалыстар жиі байқалады.







4

Қолмен жұмыс жасаудың түрлеріне, соның ішінде суретке қызығушылық танытпайды,графикалық тапсырмаларды орындау кезінде қиындықтарға тап болады.







5

Сол қолмен жұмыс істегенді жөн көреді.










Әлеуметтік – тұрмыстық дағдылар







1

Дұрыс және дәйекті киіне алмайды; киімді өз бетімен түймелейді; бауын байлап шешеді.







2

Ұқыпсыз жейде, жеке гигиена ережелерін сақтамайды,сыртқы келбетін бақыламайды.







3

Шешілген киім мен аяқ киімді бүктеуге және іліп қоюға, ойын мен ойыншықтарды орнына қоюға үйретілмеген.










Ойын іс-әрекетінің ерекшеліктері







1

Ойыншықтармен ойнауда монотонды әрекеттерге бағытталған.







2

Бос уақытында тыныш отырып ойнауды немесе басқа әрекетпен айналысуды білмейді.







3

Ойындарды ойнауды жақсы көреді, бірақ оларға деген қызығушылықты тез жоғалтады, ойынды аяғына дейін ойнамайды.







4

Топтық ойындарға қызығушылық танытпайды, ойынға өздігінен қатысудан оңай бас тартады.







5

Ойын рөлін нақты көрсете алмайды, сөйлеу белсенділігі төмен.







6

Бірлесіп ойнайтын ойындарда өзара әрекеттесуді жалпы ойын жоспарымен үйлестіре алмайды.










Танымдық даму







1

Өзі және айналасындағылар туралы қарапайым сұрақтарға жуап беруге қиналады.







2

Негізгі ұғымдарды білмейді үлкен(кіші), оң (сол), онда(одан) және т.б.







3

Қарапайым жіктеу жағдайларын түсіне алмайды:пішіні,мөлшері,көлемі,түсі,туыстық қатынасы бойынша.







4

Суреттегі бейненің негізгісін таңдай алмайды,суретті әңгімелеп, себеп-салдарлық байланыстар орната алмайды.







5

Өз денесін бағдарлай алмайды,қағаз бетінде бағдарлануы да нашар.







6

Ол әртүрлі жағдайларда: сабақта, ойында байқампаздық танытпайды.







7

Ересек адамның артынан бірнеше сөз немесе сандарды қайталай алмайды.







8

Мәтінді әрекеттер тізбегін сақтап қайталап айтуға қиналады, жиі шатастырады.







9

Тақпақтарды есінде жақсы сақтай алмайды.










Қызмет қарқыны және жұмыс қабілеттілігі







1

Сабақ барысында басқа балаларға жүйелі түрде назар аударады(тұрып топта жүреді,сөйлеседі және басқа балалардың назарын аударады).







2

Бір іс-әрекет түріне назарын ұзақ аудара алмайды(мысалы, үстел үстінде ойнайтын ойынды алып,бір минуттан кейін қайта орнына қояды).







3

Әрекет қарқыны тез, әрекеттер саны шамадан тыс(көптеген қосымша қозғалыстар),сигналдан бұрын әрекет етеді.







4

Әрекет қарқыны баяу, сигнал бойынша әрекеттерді орындау кезінде кешігеді.







5

Бір іс-әрекет түрін екіншісіне ауысуы қиынға соғады.







6

Сабақ бойы жұмыстың ырғағы мен қарқынына еніп зейінін шоғырландыра алмайды.







7

Басталған жұмысты болжамды нәтижеге жеткізбейді, ересек адамнан үнемі қадағалауды қажет етеді.







8

Іс-әрекетінің біркелкі емес қарқыны мен өнімділігі байқалады, тапсырмаларды орындау кезінде ол әртүрлі нәтижелерді көрсетеді: кейбір сабақтарда сәтті, ал басқаларында жоқ.










Сөйлеуді дамыту







1

Тым қатты сөйлейді,әдеттегі дауыс күшімен сөйлей алмайды.







2

Сөйлеу қарқыны тез.







3

Сөйлеуі түсініксіз, дыбыстардың айтылуы мен сөйлеудің грамматикалық құрылымында бұзылулар байқалады.







4

Сөздік қоры нашар қалыптасқан, сұрақтарға бір жай,қарапайым жауаптар береді.







5

Біртұтас логикалық сөйлеуінде қиындықтар бар,суреттерде бейнеленген заттарды, құбылыстарды сипаттауы қиын.










Қарапайым математикалық түсініктерінің дамуы







1

Санауды (тура,кері) өз құрдастарынан әлдеқайда нашар меңгереді.







2

Автоматты түрде санайды,бірақ заттардың санын санай алмайды.







3

Тек тәрбиешінің көмегімен ғана өлшеулер жүргізе алады.







4

Цифрларды(сан таңбаларын) білмейді,оларды санмен сәйкестендіре алмайды.










Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасы







1

Шамадан тыс көпшіл,ашық,сабақтарда өзіне тым аса назар аударту арқылы сабақтың барысына кедергі жасайды.







2

Педагогтың ескертулерін, көтеріңкі дауыс тонын ауыр қабылдайды.







3

Ұжымдық ойынға қосылуы өте қиын, ол барлық нәрсені «керісінше» жасайды, құрдастарының тілектері мен мүдделерін ескермейді, ойыншықтардан басқаларға бермейді.







4

Өз әрекеттерін басқалардың әрекеттерімен үйлестірмейді.







5

Құрдастарымен араласпайды, жалғыздыққа ұмтылады, өзімен өзі жүргенді ұнатады.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет