Мдұ -дағы ерекше білімді қажет ететін тәрбиеленушіге психологиялық – педагогикалық қолдау қызметінің негізгі кезеңдері



бет2/9
Дата28.03.2023
өлшемі42,85 Kb.
#77062
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3-кезең. Тәрбиеленушінің ерекше білім беру қажеттіліктері мен оқудағы қиындықтарын топтық талқылау (мамандар, тәрбиеші, ата-аналар) және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің бағыттарын анықтау.
ППҚҚ отырысында:
-баланы тексеру нәтижелерінің қорытындысы шығарылады, оның табысты болуына кедергі келтіретін ерекшелктеріне, Типтік оқу бағдарламасының мазмұнын игеру, дамыту және әлеуметтік бейімделу, сондай-ақ күшті жақтарын бірлесіп талқылау жүргізіледі.
- алынған диагностикалық деректер мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен дамытудағы қиындықтардың қолданыстағы типологияларымен салыстырылады
(Б қосымшасы);



  • тәрбиеленушіге жиынтық мінездеме (сипаттама) жасалады (А қосымша 4-нысан);

  • ерекше білім беру қажеттіліктері, оқытудың арнайы шарттары және психологиялық-педагогикалық қолдау бағыттары айқындалады.

4-кезең. Тәрбиеленушіге қажетті оқытудың барлық арнайы шарттары көрсетілген психологиялық-педагогикалық қолдауың жеке бағдарламасын жасау; бейімделген/ жеке оқу бағдарламасы, оқыту әдістері мен құралдары, психологиялық—педагогикалық сүйемелдеу мамандарының сабақ бағдарламалары, тәрбиешілер мен ата-аналарға ұсынымдар (А қосымшасы 5-нысан).

В қосымшасында ерекше білімді қажет ететін тәрбиеленушіге жасалынатын психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасының үлгісі ұсынылған. Бағдарламаны ЕБҚ бар баламен жұмыс істейтін барлық мамандар әзірлейді. Бағдарлама баланың ата-анасымен (заңды өкілдерімен) келісіледі, олармен тәрбие мен оқытудың мақсатына және күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуге қатысу дәрежесін талқылайды.Бағдарламаға тәрбиеленушіні психологиялық – педагогикалық қолдау қызметінің барлық мамандары, баланың ата-аналары (заңды өкілдері) қол қояды және оны мекеме басшысы бекітеді.


5-кезең. Мониторингпен қолдауды іске асыру. Бағдарламаны іске асыру үрдісінде міндетті түрде ППҚҚ мамандары арасында, сондай-ақ ППҚҚ мен отбасы арасында тұрақты бірлескен ақпарат алмасуды ұйымдастыру қамтамассыз етілуі қажет. Психологиялық – педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламасын іске асырғаннан кейін оқушының қажеттіліктері мен қол жеткізілген нәтижелерін қайта топтық талқылау жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет