Мдұ -дағы ерекше білімді қажет ететін тәрбиеленушіге психологиялық – педагогикалық қолдау қызметінің негізгі кезеңдері


«Тәрбиеленуші мінездемесі» (3-нысан)



бет4/9
Дата28.03.2023
өлшемі42,85 Kb.
#77062
1   2   3   4   5   6   7   8   9
«Тәрбиеленуші мінездемесі» (3-нысан)

Мамандар өздерінің барлық зерттеулерінің нәтижелерін қорытындылап (бақылау, ата-аналармен әңгімелесу,әңгіме және сауалнама жүргізу, тереңдетілген тексеру), балаға мінездеме жазады:
«Тәрбиеленуші мінездемесі» (3-нысан)




Тәрбиеші тәрбиеленушілердің ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және психологиялық-педагогикалық қолдаудың бағыттары мен мазмұнын анықтауда бірлескен топтық талқылауға қатысады (мамандармен және ата-аналармен)

Тәрбиеленушілердің білім беру қажеттіліктерін анықтау және психологиялық-педагогикалық қодаудың бағыттары мен мазмұнын анықтау мақсатында мамандар бірлескен топтық талқылау ұйымдастырады, талқылайды. (мамандар,тәрбиеші,ата-аналар)




Бірлескен топтық талқылау нәтижесінде баланың оқытудағы қиындықтары және олардың пайда болу себептері анықталады. «Тәрбиеленушінің жиынтық (жалпыланған) сипаттамасы» нысаны толтырылады.
(4-нысан)
4-нысан тәрбиеленушіге психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асырудың тиімділігіне мониторинг жүргізу мақсатында қыркүйек,қаңтар және мамыр айларында толтырылады.




Психологиялық-педагогикалық қолау бойынша жеке бағдарламаны жасауға және толтыруға қатысады.
(5-нысан)




Тәрбиеші жеке бағдарламамен оқытылатын тәрбиеленушіні тәрбиелеу мен оқытуды, баланың жетістіктерін оқытудың вариативті және арнайы әдістері арқылы жүзеге асырады.

Мамандар әр маманның баламен жұмыс жасау бағдарламасына сәйкес тәрбиеленушімен жеке және шағын топтық түзете-дамыту жұмыстарын жүргізеді.




Тәрбиеші тәрбиеленушінің білім-білік, дағдыларының даму мониторингін жүргізеді, жетістіктер динамикасын бағалайды.

Мамандар тәрбиеленушінің дамуы мен жетістіктері, оның нәтижелерін қорытындылайды, мониторинг жасайды.




Тәрбиеші тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қол жеткізілген нәтижелерді қайта талқылауға қатысады.Келесі оқу кезеңіне бейімделген немесе жеке оқу бағдарламаларының мазмұнын талқылауға қатысады.

Мамандар тәрбиеленушілердің қол жеткізген нәтижелерін қорытындылау мақсатында қайта топтық талқылау өткізеді. Балаға психологиялық-педагогикалық қолдауды тоқтату немесе жалғастыру қажеттілігі туралы шешім қабылдайды. Келесі оқу кезеңіне жеке қолдау жұмысын бейімделген немесе жеке оқу бағдарламаларын жасауға қатысады, өзгерістер енгізеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет