Мдұ -дағы ерекше білімді қажет ететін тәрбиеленушіге психологиялық – педагогикалық қолдау қызметінің негізгі кезеңдері


нысан. Баланы ұйымдастырылған оқу және еркін іс-әрекетінде бақылау



бет8/9
Дата28.03.2023
өлшемі42,85 Kb.
#77062
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2 нысан. Баланы ұйымдастырылған оқу және еркін іс-әрекетінде бақылау
ХАТТАМАСЫ
Тәрбиеші және балабақшаның басқа мамандары ұйымдастырылған оқу және еркін қызмет түрлерінде баланы бақылайды:сабақтарда, ойында, өнімді қызмет түрлерінде, режимдік сәттерді орындау кезінде және т.б.
Төмендегі сызба бойынша баланы бақылау кезінде хаттамада оның мінез-құлқындағы айтарлықтай ерекшеліктерді, олардың ауырлық дәрежесін көрсетілген. Егер көрсетілген көрсеткіш әлсіз болса, онда тиісті бағанға «1» қойылады, егер белгі айтарлықтай (орташа) дәрежеде көрсетілсе, онда «2»қойылады. Егер көрсетілген белгі байқалмаса, онда баған бос қалады.
Бақылау нәтижелері бірнеше күн ішінде жазылады, содан кейін жүйеленеді және жинақталады. «Пікірлер» бағанына бағалауды нақтылау және оны толықтыру жазылады.Алынған мәліметтер баланы тереңірек психологиялық-педагогикалық тексеру үшін бастапқы нүкте бола алады. Баланың мінез-құлқының барлық тіркелген сипаттамалары құпия болып табылады және оларды педагогтар ата-аналарының назарына жеке-жеке қол қойғызу арқылы жеткізеді.



Р/с

Бақылау саласы/мінез-құлық көрсеткіштері

Бақылау нәтижелері

Пікірлер орны

Ұпаймен бағалау




Баланың жалпы эмоционалды жағдайы







1

Бала барлық нәрсеге немқұрайлы, ештеңеге қызығушылық танытпайды, тіпті қызықты әрекеттерден бас тартады.







2

Айналасындағылардан өзін алыс ұстайды, қорқақ,мазасыз,жылаңқы,өз-өзіне деген сенімсіз сезімі бар.







3

Ашуланшақ,дөрекі,балалар мен ересектерге деген агрессиясы бар(ойыншықтарды сындырады, кітаптарды жыртады,құрдастарын итереді, өтіп бара жатып, ересектерді ұрады)







4

Жағымсыз мінез көрсетеді, «мен қаламаймын» немесе «мен істемеймін» деген сөздерді жиі айтады.







5

Ол эмоцияларды жеткіліксіз жағдайларда көрсетеді(қайғылы оқиғаны айтқан кезде күледі және т.б)







6

Көңіл-күйі өзгермелі: кейде мейірімді,кейде көңіл-күйі нашар.







7

Оған сұрақ қойған кезде, ол ашуланады,қызарып, жылайды.












Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет