482
483
Ойшыл хакім айтқан екен, ұқ, нені,
Хакім сөзі сөз біткеннің түп-тегі:
«Түсімде ішсем, ыдыстан су жарымын,
Бар болғаны — əлі көрер жарығым.
Əгəр ішсем, суды түгел тауысып,
Тірлік бітіп, қазылғаны қабырым!»
Жоғары ұшып, ғайып болып жүргенім,
Жасыл көкке еніп, будай сіңгенім.
6065
Шыбын жаным көкіректен тысқары,
Жерге қайтып келместей боп ұшқаны!
Хақ түсімде аян берді, батырым,
Өлімге енді дайындалған жөн, ақырын.
Бұл түсімнің жоруы осы, қатесіз,
Ал басқаша жорып, оны нетесіз!?
Жадыратып, көңілімді аулайсың,
Өлім келді, оны алдай алмайсың.
Ей, тірі жан, оң-солыңды байқа, көр,
Қара жерде қазды ажал, қанша көр!
6070
Қаншама орда, сұлу сарай, қаланы,
Өлім бұзып, ойран қылып талады!
Қаншама ұлы, паң бектерді ірі, дөй,
Өлім буып, жерге тықты тірідей!
Қанша күшті, білектінің жинаған,
Өлім шашты қазынасын қимаған.
Таң қалдырмас, тірі адамның өлері,
Тірі пенде ажалға, ақыр, көнеді.
(Туғанда адам, ажал тұрар алдынан,
Тірі жанға бір өлім бар аңдыған!)
Таң қалдырар, ажалдының өлімді,
Мүлде ұмытып, сайрайтыны көңілді.
6075 Сезеді адам — табады ажал жаңылмас,
Ғафылдықпен ұйқысынан арылмас.
Аман қалар амалым жоқ өлім хақ,
Өлгеннен соң не хал кешем, бір жұмбақ.
Достым, бір ой алған менің есімді,
Өлгеннен соң оңдаса хақ ісімді!
Қанағат деп барға, өзімше күн кештім,
Бейнетпен де, зейнетпен де бірге өстім.
Қолды қысқа ұстап, тауар термедім,
Нəпсі — тілек біріне діл бермедім.
6080 Барша күнə-жазығымды білемін,
Жазығымды жеңілдетсем деп едім.
Білім берген хакім сөзін аңдағын,
Мейіріммен жұртқа кезек арнаған:
«Қапы қалма, тарт жүгіңді, қажыма,
Қылдан нəзік жолың, сақ бол сағыңа...
Бітер істі бүгін бітір, аянбай,
Өтер-өшер қапаны ұмыт, налыма!»
Жəне де айтты: — Ей, бауырым, жанашыр,
Мен кетемін, сен соңымнан барасың!
6085 Саған талай сөзімді айттым — жаттарсың,
Мен кеткен соң, есіңде ұзақ сақтарсың.
Өле-өлгенше жанашырың өзіммін,
Өлгеннен соң мəнін тергей сөзімнің!
Достарыңызбен бөлісу: