«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 АДАМ БАЛАСЫНЫҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІ БІЛІММЕН



Pdf көрінісі
бет16/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   161
6. АДАМ БАЛАСЫНЫҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІ БІЛІММЕН, 
АҚЫЛМЕН ЕКЕНДІГІ АЙТЫЛАДЫ
Адамды хақ жаратты да ескерді: 
Оған ақыл, білім, өнер, ес берді.
Көңіл берді əрі тілін тербетті, 
Ұят берді, берді құлық, келбетті.
(Ділін оңдап, ерік берді тіліне,
Ұят берді қылық-құлық, тініне!)
150 Білік берді — адам бүгін жетілді, 
Ақыл берді — талай түйін шешілді.
Кімге хұда берсе білім, ақылды, 
Қолы жетіп, алар ол мол асылды!
Ақылды — ұлы, біл, білімді — білікті, 
Қонса екеуі, ұлы етер жігітті.
(Ақылды — ұлық, білікті — ұлы, қарасаң, 
Екеуі ұлы етер құлдың сарасын.)
Бұл сөзіме куə мұндай сөз де бар, 
Сөзді естіп, аларыңды көздеп ал:


 76
77
«Ақыл қайда болса, ұлылық толады, 
Білім кімде, сол білікті болады.
155 Ақылды ұғар, білімділер біледі, 
Түгел болар білімді, есті тілегі!»
Білік мəнін біл, не дейді білген ер: 
Білім білсең, бəле жүрмес іргеден.
Білімсіздер бар кеселді көреді, 
Емдемесе, тектен-текке өледі.
(Надандарды дерт пен бəле үйірер, 
Емдемесе, ерте сөніп, күйінер...)
Кел, ай, надан! Дертке дауа жасағын: 
Надан білім алса, құты тасады.
Ақыл — бұйда, ере түссең — жетелер,
Сансыз арыз-тілегіне жетер ер!
160 Ақыл болса, пайдасын ер көп көрер, 
Білім білсе, əзіз тірлік өткерер!
Ақыл күллі ісіңді алып шығатын, 
Бұл біліммен көрер бектер мұратын!
(Күллі ісіңді ақылыңмен баптағын, 
Уақытыңды біліміңмен сақтағын.)
7. ТІЛ ӨНЕРІНІҢ ҚАСИЕТ-СИПАТЫ МЕН ПАЙДА-ЗИЯНЫ 
АЙТЫЛАДЫ
Ақыл, білім тілмəші — тіл, тіл — кепіл, 
Жадыратар ерді шырын тілді біл!
Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,
Қор қылар тіл, кететұғын бас болар.
Тіл — арыстан, есік баққан ашулы, 
Үй иесі, сақтан, жұтар басыңды!
165. Не дейді, ұққын, тілден жафа шеккен ер, 
Сөз бұл есте тұтып, істе ескерер:
«Тілімнен көп жафа шектім, есебім: 
Бас кесілмес үшін тілді кесемін!
Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын
Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын!»
(Жұрттың тілі удай, сөйлеп шет қылар
Кісі құлқы сұм, етіңді жеп тынар.)
Білім берді, білікті өткір тіл берді, 
Тіл иесі, басыңды бақ, біл де енді!
Тілесең сен есендікте жүруді, 
Жаман сөзге қимылдатпа тіліңді.
170. Біліп айтқан сөз — білікті саналар, 
Біліксіз сөз басыңды жеп, табалар.
(Біліп айтқан сөз — даналық деседі, 
Біліксіз сөз қайран басты кеседі!)
Көп сөйлеуден артық пайда көрмедім, 
Жəне сөйлеп жəне ештеңе өнбеді!
Көп сөйлеме, аз айт бірер түйірін, 
Бір сөзбен шеш түмен сөздің түйінін.
(Көрген емен көбік сөзбен оңғанды, 
Тобықтай түй тоқсан ауыз толғамды!)
Сөз кісіні ұлы қылар, бек қылар, 
Көп сөз басты иіп жерге, жеп тынар.
Көп сөйлесең, «Езбесің» деп, жек көрер, 
Сөйлемесең, «Мылқау екен», деп сөгер!
175 Бұлай болса, тек шеберлік — керегің, 
Тілді, ширақ болсаң, өсер беделің!
Тіліңді бақ, басың аман болады,
Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады.
(Тілді күтіп, бақсаң — аман басың да, 
Сөзді қысқа қылсаң — ұзын жасың да!)
Зияны көп, пайдасы мол — ақталар, 
Сондықтан тіл мақталар да датталар!
Біліп сөйле, сөзіңде сөл, өң болсын, 
Сөзің түпсіз қараңғыға көз болсын!


 78
79
(Тауып сөйле, сөзің оңды, жөн болсын, 
Сөзің басыр адамдарға көз болсын!)
Біліксіздер өзі нағыз басырдың, 
Білім үйрен, надан, көзің ашылсын!
(Біліксіздер — надан, көзін байлаған, 
Білімдіден өнеге ал, ей, надан!)
180 Туған өлер, көрсең қалар белгісіз, 
Сөзіңді ізгі сөйле, өлсең де өлгісіз!
Қос нəрсені шалмас қарттық құрығы: 
Бірі — ізгі сөз, бірі — ізгі құлығы!
Туған адам өліп, сөзі қалды, көр, 
Өзі кетіп, ізгі аты қалды, көр!
Тіршілікте келсе өзіңнің өлмегің —
Сөз, құлқыңды оңда, жақсарт, ей, бегім!?
Тілді сөктім һəм мадақтап демедім, 
Мұным — сөздің сырын ұқсын дегенім.
185 Күллі сөзді жисаң да, ақылды асырмас, 
Керек сөзді сөйлер кісі, жасырмас!
Сөзді ұлыма арнадым мен, ер-батыр, 
Ұлым, тыңда, менде алтын — кен жатыр.
Саған арнап сөз сөйледім, ей, ұлым, 
Өсиетімді қабыл алғын, құлыным!
Күміс, алтын қалса менен сендерге, 
Оларды сен бұл сөзіме теңгерме!
Күмісті іске тұтсаң — бітіп қалады, 
Сөзімді іске тұтсаң — күміс табады.
(Күмісті іске тұтсаң — құрып, азады, 
Сөзімді алсаң, саған күміс қазады!)
190 Қалар мұра — сөз, кісіден кісіге, 
Сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіңе,
(Кісілерге мирас ата сөзі ғой, 
Ата сөзі, ұқсаң — құттың көзі ғой!)
* * *
Білікті бек түйме бүгін қасыңды, 
Именіп кеп айтсам құзыр, расымды!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет