«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 КІТАП ИЕСІ ӨЗ ҚҰЗЫРЫН АЙТАДЫ



Pdf көрінісі
бет17/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   161
8. КІТАП ИЕСІ ӨЗ ҚҰЗЫРЫН АЙТАДЫ
Тілек еді — білікті бек сөз қымбат
Кейінгіге бір жəдігер қалдырмақ!
Əуелі — ес, сөз туды, көр, сонан соң, 
Сөзің жаңсақ шықса, өзің қор боларсың!
Халық тілі жаман, «жаман» деуге əзір, 
Кісі құлқы тар, етіңді жеуге əзір.
195 Байқап көрсем, жеңілдеді жүгім де, 
Төксем дедім бар сөзімді тілімде.
Қандай десең, саған айтып көрейін, 
Тыңда, мəрт ер, тілге кезек берейін:
«Иалңұқ* десті жаңылғаны үшін де, 
Иаңлұқ* десті адам болғаны үшін де!»
Сен айт маған: жаңылмайтын кісі кім?! 
Мен айтайын: жаңылғандар түмен, мың!
Білімді — аз, білімсіздер қаптаған, 
Ақылсыз — көп ақылдыны таптаған.
(Білікті аз, білектілер толып жүр, 
Ақылды жоқ, ақымақтар оңып жүр.)
200 Білімсіздер білімдіге жау болды:
Надандардың аңсағаны дау болды.
(Жау болды да біліктіге білімсіз, 
Қастық қылды білімдіге білімсіз!)
Кісіден кісі айырмасы — парқы көп, 
Айтсам, білім — бұл парықтың нарқы дөп.
Бұл сөзімді білімдіге арнадым, 
Білімсіздің тілін ұға алмадым.
Білімсізбен ешбір сөзім жоқ менің, 
Ай, білікті, қызметшіңмін мен сенің.


 80
81
Сөйлегенім үшін саған, имендім, 
Кешірім сұрап, жөн көрдім бас игенді.
205 Сөз сөйлеген жаңылар һəм адасар, 
Есті естісе, түзеп-оңдап жарасар.
Сөз бұрындық* дерлік таққан түйеге,
Түйе ере берер бұйда, иеге.
Біліп сөйлер кісілер көп өмірде, 
Оны білген ерлер жақын көңілге.
Бар жақсылық, пайда келген білімнен, 
Болды көкке жол, мысалы, біліммен.
Білікпенен сөйле күллі сөзді сен, 
Ұлы деп біл күллі білікті ерді сен.
210 Қара жерге жасыл көктен келді сөз, 
Сөзбен адам қадір тапты, енді сез!
Кісі көңілі түпсіз теңіз дегендей, 
Інжу сынды білім жатқан тереңде.
Кісі інжуді шығармаса теңізден, 
Тас не, інжу не, пайдасы не, тегінде?!
Қара жердің қатында алтын тас болар, 
Егер, шықса, бек басында тəж болар.
Білімді ілім шығармаса тілімен, 
Жылдап жатсын, жарық шықпас білімнен.
215 Ақыл, білім ең аз нəрсе, күшті, нық, 
Егер болса, істет, ұшып көкке шық!
Не дер екен елдің бегі аңдағын, 
Көріп білген ақыл, білім салмағын:
«Ақыл керек ерге жаһан бастауға, 
Ақыл, жүрек керек елді ұстауға.
Ақылымен тұтты, əлемді ұстаған, 
Білімімен биледі, елге нұсқаған!»
Дүниеде жаралғалы бар адам, 
Ақылымен келді үйретіп заң адал.
220 Қай кез болсын, бұл күнде де, бұрын да, 
Білімдіге тиді билік орын да.
Ер кемісі ақылменен жоғалар, 
Ел бұлғаңы білімменен оңалар.
(Кісі міні ақылменен күзелер, 
Халық міні білімменен түзелер.)
Бұл екеумен тындырмасаң жұмысты, 
Білімді қой, ал қолыңа қылышты!
Ақылды бек — басшысы елдің, шырығы, 
Қылыш жұмсау — білімсіздің қылығы. 
Ақыл болса, жаһан тұтпақ ерде ерек, 
Білім болса, ел билемек ерде ерек,
225 Қос қасиет қосылғанда ер кемел,
Кемел ерге — бүтін жаһан, жер келер.
(Бұл екеуі біріксе — асыл, ер бүтін, 
Бүтін ерге — тиер əлем, жер бүтін!)
Ізгілік пен жақсы қылық — амалы, 
Мұнымен ер екі дүниені алады.
Сен ізгілік тілер болсаң, одан да, 
Кел, ізгілік жаса, сөзді доғар да.
(Қайырым күтсең ақылыңмен аңғар да, 
Қайырым жаса қайырымды жандарға!)
Кісі мəңгі болмас, мəңгі — ат, ары, 
Мəңгі қалар оның жақсы атағы!
Өзің мəңгі емес, атың мəңгілік, 
Атың мəңгі болса, затың — мəңгілік!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет