«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ƏЛƏЙХИС-СƏЛƏМ, ҚҰДІРЕТТІ ПАЙҒАМБАР!



Pdf көрінісі
бет13/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

2. ƏЛƏЙХИС-СƏЛƏМ, ҚҰДІРЕТТІ ПАЙҒАМБАР!
Рахымды ием пайғамбарын жіберді, 
Кісі ізгісі, ел сарасы жігерлі.
35. Түнек түнде шамы болды халықтың,
Саған, жұртқа нұрын шашты ол жарықтың!
Ол Алланың жаршысы, ерім, білгейсің, 
Сен содан соң тура жолға кіргенсің!
Ата-анасын қиып мұнда келді ол, 
Үмбетіне тілек тілеп, берді жол!
Күндіз жемей, көр, түнімен жатпады, 
Сені қолдап, қолдамады басқаны.
(Қара, Алладан, күндіз демей, түн демей, 
Сені өтінді, өзге жайлы үндемей.)
Сені тілеп, бейнет шекті күні-түн, 
Риза болсын, мақта: ақта үмітін!
40. Үмбеті үшін — күллі қайғы-бейнеті,
Үзілмесін деп рахат, зейнеті.
Мейірбан боп атадан да анадан, 
Хақтан дəйім тілеп, сені қалаған,


 68
69
Елге деген рахымы ол құдайдың, 
Қылығы хош, құлқы түзу, шырайлы.
Жібек мінез, ақылды əппақ пейілді,
Жаны жомарт, қолы ашық, мейірлі.
Қара жерде, жасыл көкте əзіз-ді, 
Оған құрмет берді тəңір жаны ізгі.
45. Бастаулардың басы еді, оңдысы,
Болды кейін пайғамбардың соңғысы!*
Пейіл бұрдым енді оның жолына, 
Сүйдім сөзін, сендім ділі оңына.
Иллəхə! Менің көңілімді күзеткін, 
Қияметте пайғамбармен бір еткін!
Қияметте көрсет толық жүзіңді, 
Қолымды ұстап, раббым, өткіз өзімді!
3. ТӨРТ САХАБАНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ, ҚҰДІРЕТІ ТУРАЛЫ 
АЙТЫЛАДЫ
Төрт серігі бар еді оның сенетін, 
Бірге тұрып ақыл-кеңес беретін.
50. Қайын ата — екеу, екі күйеу баласы, 
Игісі елдің, кісілердің сарасы.
Бəрінен де Атық* ұлы, ірі де, 
Хаққа түзу көңілі де, ділі де!
Тəрік қылды, мал, жан-тəнін, жүдеді, 
Тек пайғамбар сүйінішін тіледі.
Сонсоң , Фаруқ* еді кісі сарасы,
Тіл-ділі сай, халықтың ең данасы.
Діннің көркі, жəрдемші еді асқан ол, 
Бет пердесін шариғаттың ашқан сол*.
55. 
Үшіншісі — Осман, жомарт, ақылды, 
Таңдаулы ер, сақи, кең-мол, асыл-ды.
Пида қылды: барша малын, қосты өзін, 
Пайғамбар да оған берді қос қызын.
Əли — сонсоң, жігерлі, мəрт, сері ер-ді, 
Жүректі, отты, ақыл-ойы кемел-ді.
Қолы ашық, сара-таза жүрегі, 
Білімді, есті, даңқты əрі ірі еді.
Бұлар діннің, шариғаттың тұғыры, 
Тартқызды азап кəпір, дінсіз қылығы.
60. Бұл төртеуі төрт тұғырдай* мен үшін, 
Түзілсе олар, болар тірлік келісім.
Мен оларға мың-мың сəлем жолдадым, 
Үзбей жеткіз, сүйеуші ием, қолдағын!
Сүйіндіріп сəлемімді жеткізгін, 
«Ұлығ» күні қолдан тартып, өткізгін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет