«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 АЙТОЛДЫ ЕЛІККЕ ДƏУЛЕТ СИПАТЫН ƏҢГІМЕЛЕЙДІ



Pdf көрінісі
бет29/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

16. АЙТОЛДЫ ЕЛІККЕ ДƏУЛЕТ СИПАТЫН ƏҢГІМЕЛЕЙДІ
Күлді Айтолды: — Ұқтым, — деді, — өзіңді,
Сұрап қалдың, енді естігін сөзімді.
Істің мəнін ұғып қойдым талдадым,
Қажет енді сенің ұғып алғаның.
Міне, алдыңа жеттім, келдім тосылмай,
Көрдің өзің: мінез-құлқым осындай.
660 Орын бердің, отырмадым оныңа —
Ұқсын деп ем: «Орным жоғын сорыма».
Сөзді растап: тобығымды төседім —
Ұсқынымды көрсін деген есебім.
Орның жоқта, тобыққа — сор, сезгемін,
Мен, Құт-Дəулет, сол тобықтай кезбемін!
Көзім жұмдым, мейіріммен қарап ең,
Түр, пейілімді танысын деп санап ем!
Мен Дəулетпін, көзім соқыр, — дегенім, 
Кім жұғысса, соны ұстап ап, еремін...
665 Сен сұрадың — жауабымды асырдым,
Қарап едің — мен жүзімді жасырдым.
Бұл қылығым: Айнып кете беремін,
Тұрақсызбын, маған сенбе! — дегенім.
Енді тыңда түрік мақал-нақылын,
Көпті көрген ақсақалдың ақылын:
«Құтты кісі «Құттымын!» — деп лепірме,
Даңқты кісі даңқыңды айтып есірме.
Бір орында Су, Сөз, Дəулет тұрмайды,
Жиһангерлер жүре бермей тынбайды...
670 Құт опасыз ұшып-қонба тегінен,
Тайғақ табан, қонбай жатып жеріген...»
Еліктің Айтолдыға жауабы
Елбасы айтты: — Ұқтым адал сөзіңді,
Өз күнəңнан алдың аршып өзіңді.
Айтқын енді маған қадір-даңқыңды,
Сөзің — өктем, сезбейсің тіл тартуды...
Айтолдының Елікке жауабы
Айтолды айтты: — Құт көзімін, бек сенем,
Елге игілік тисе — тиер тек менен.
Қылығым — оң, жасым кіші, қарасаң —
Барша ұлылық, бектік менен тарасар...
675 Жүзім нұрлы, сырлы қылық, құлығым,
Бар тілекке жетті қолым, құрығым.
Қайда болсам, сонда арман-тілегім,
Жүргені еріп, артып маған білегін.
Сабырым бар: төзбес безер тозағы...
Шаттығым бар: уайым өзі-ақ тозады...
Маған қарсы жан азаппен өтеді,
Бой ұсынған, мұратына жетеді!
Мені ұрамын деген өзі ұрылар,
Көр дайындаған, сол көрге өзі жығылар...
680 Мұны меңзер келді сөздің кезегі,
Ұққан жанға толған ақыл өзегі:
«Қайда болсын, құтқа пейіл-бойды бер,
Егер құтқа ерсең, жаулас қайғымен!
Бақыт қонса, құтқа толар күндерің,
Ті-ле-гің-ді... талғап... өмір сүр, керім! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет