128
129
880 Мұны меңзеп айтқан түрік мысалын,
Естіп, ұғып, көкейіңе ұстағын:
«Ақ сүтпенен сіңген қылық, жақсылық,
Айнымайды алғанша ажал қапсырып.
Табиғатпен туа біткен құлығың,
Бұзылмайды бұзғанша ажал құрығы.
Іште біткен əдет, қылық, ойлы жан,
Бірге кетер қара жердің қойнына!..»
Ізгіге егер серік болса сұм кісі,
Жаман болар — қылық, құлық — күллісі.
885 Көр, жаманды қосып алса жақсы адам —
Шырақ болды ол жақсылыққа бастаған.
Жақсы, жаман — тағы да бір сауабы —
Жақын жүріп түзу жолын табады...
Ізгі бектің — түзу барша жұрты да,
Болар ізгі жөн-жосығы, құлқы да!
Жақын тұтса бектер ізгі адамды,
Жақсылыққа іңкəрланар жаман да.
Егер бекті иектесе жамандар —
Ел үстінде жалаңдар сол арамдар!
890 Бас көтерсе жаман: жақсы қорланар,
Бас көтерсе жақсы: жаман жорғалар!
(Бас көтерсе жаман — түпке жетеді,
Бек болса ізгі — сұмдар безіп кетеді.)
Болса бектер ізгі, құтты қордалы,
Бəрі де ізгі, қараша тоқ болғаны!
Бектер ессіз болмайынша, тегінде...
Ессіздердің көзі ашылмас елінде.
Бектер бегі нелер ізгі заң түзді,
Зынданға сап сұм жазасын бергізді.
Егер ізгі болса елдің басшысы,
Түгел ізгі болар атшы, қосшысы...
(Ессе ізгілік ел бегінің төрінен,
Қызметшілер пиғылынан көрінер.)
895
Бектер ізгі болса, ессіздік жоғалар,
Байыр халық, əлем гүлге оранар!
Достарыңызбен бөлісу: