126
127
Айтолдының Елікке сауалы
Айтолды айтты: — Ұқтым. Ойдың ауанын,
Бір сөзім бар тағы да. Айт, жауабын.
855 Ізгілік не? Тегі қандай өзінің?!
Мінез-құлық, ісі қандай ізгінің?!
Еліктің Айтолдыға жауабы
Елбасы айтты: — Ізгіліктің нышаны —
Ел пайдасы үшін құрақ ұшады.
Ізгілікте ізгілігін сатпайды,
Кісілерге өз міндетін артпайды.
Қайырымды қайырым етпес есеппен,
Есе күтсең — ұрғанмен тең кесекпен».
Айтолдының Елікке сауалы
Тағы Айтолды айтты: — Білдім, мұныңды.
Тағы да бір тілегімді ұғындыр?
860 Айтшы маған Əділдіктің мəн-жайын,
Əділдік қой ашар жұрттың маңдайын...
Əділдіктің жолы қандай болады?
Жөні, тегі, өңі қандай болады?
Еліктің Айтолдыға жауабы
Елік айтты: — Біл, əділ жан — бір шынар,
Тілі, ділі сөзіменен бір шығар.
Тысы — ішіне, іші — тысқа жарасып,
Туған жаннан кетпес шындық адасып.
Алақанға ұстап шығып жүрегін,
Кісі көрсе, қымсынбай ол жүреді...
865 Əділдік — құт, құт құрығы — кішілік.
Əділдіктің заты — тұнған кісілік.
Адам қымбат емес, қымбат адамдық,
Адамдар аз емес, аз ғой адалдық.
(Кісілер көп, кісілікке кендеміз,
Адалы — аз, адам атты пендеміз! )
Мұны меңзеп айтқан шайыр сөздерін,
Саған арнап, ұққын байқап көр де өзің:
«Толып жатыр жүрген жандар жер басып,
Көңілі ашық, əділ ерге — ел ғашық.
Кісі сирек емес, сирек — кісілік,
Кісіліктің қадірін біл, түсініп!»
Достарыңызбен бөлісу: