«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 АЙТОЛДЫНЫҢ ҰЛЫ ӨГДҮЛМІШКЕ АЙТҚАН АҚЫЛ-



Pdf көрінісі
бет46/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

21. АЙТОЛДЫНЫҢ ҰЛЫ ӨГДҮЛМІШКЕ АЙТҚАН АҚЫЛ-
ӨСИЕТІ
Айтолдының жалғыз ұлы бар еді,
Жасы кіші, бал қылықты бала еді.
Аты — Өгдүлміш, сүттен таза, асыл зат,
Пейілі — пəк, көркі ақылын асырған.
1160 Шақырды ұлын, шақырды үнсіз қасына,
Құшып, көздің ерік берді жасына.
Айтты: — Ұлым, міне, аттанып барамын,
Орным, мүлкім қалды саған, қарағым!
Қарашығым, сен көзімнің нұры едің,
Хош-есен бол, бақилыққа жүремін...
Бір түркі айтқан, жаққан ілім жұлдызын:
«Көрер көздің шырағы, — деп, — ұл-қызың!
Ұл-қыз қамы түпсіз теңіз, тұңғиық,
Ұл-қыз деумен сарғайтады мұң-күйік!..
1165 Болса кімнің қатыны һəм ұл-қызы,
Ол байқұстың тыныш болмас ұйқысы»?
Ата «Ұл-қыз!» — деп, жанын бағып жата алмас,
Атасының атын ұл-қыз атамас!»
Айтолды айтты: — Ұлым, менен тыңдаған,
Сөзді ұмытпа, көңіліңді бұр маған.
Атаңмын мен, қара да еске сақтағын,
Айтолды — атым, өсиетімді жаттағын.
Толды Айтолды, өшті тірлік өтпелі,
Барам өліп, өкінішім көп, тегі...
1170 Тірлік — шырын, уытты удан ажалың,
Қалай қаштым, таптым қалай амалын?!
Бұл дүниеге бейіл беріп, табындым,
Қылмады опа, жалт бұрылды, жаңылдым.
Еліктіріп, жалған дүние арбады,
Бердім көңіл, сырт айналды, алдады.
Жафа қылды, алды дүние құтымды,
Сен де алданба, ұқ сөзімді ұтымды.
Керекті істің бəрін жиып тастаппын,
Керексізден, нəпсіге еріп, қашпаппын...
1175 Түбі, ел кешер қу тірлікті кешіппін,
Ашынамын, есер желдей есіппін.
Пара беріп, оңалатын ісім жоқ,
Қол ұшымен жебейтін де кісім жоқ.
Не дер екен, тыңда, оянған адамды,
Өлімді ұғып, қанық білген данаңды:
«Ажал көріп, дана ойсыз аңырды,
Ақылдылар ақыл-естен жаңылды.
Қандай сұмдық сұм ажалдың шеңгелі,
Қандай сұмдық бұл адамды жеңгені!
1180 Сарайларды бұзатын да осы ажал,
Бар жиғанды шашатын да осы ажал!»
Мұны меңзеп өлең-дағы жазылған,
Оқып, біліп, шығармағын жадыңнан:
«Ештеңе жоқ жаһанда айла-шарғысыз,
Əр айланың шарасы бар, нанғысыз...
Не нəрсенің бір амалын табасыз,
Тек қана, əттең, өлім ғана шарасыз!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет