146
147
1125 Мəртебе өссе — тəкаппарсып кетеді,
Өлім тұтса — өкінішпен өтеді...
Тойынғандар
шабынар нақ бурадай,
Қарны ашса, жұтар бəрін қузамай.
(Күйсе — күйрек, рахаттан — зерігер,
Аңсағанын тапса одан тез жерінер.)
Аштықта — ез, көтермейтін тоқтықты,
Жүрген жанбыз ұқпай дүние — боқтықты.
* * *
Күңіренді, қайраны жоқ қолынан:
«Жаңылдым, — деп, — туралықтың жолынан!
Неге керек күмісің мен алтының,
Бөлмедім бе — сауабын ап жарлының.
1130 Неге қойдым жұртқа назар салғанды,
Неге сөктім жазығы жоқ жандарды.
Қайырым етсем маңайыма, ендігі,
Ізгіліктің қайтатыны белгілі.
Өкінішпен несін алам есімді,
Өлім тұтты, үнім-тілім кесілді.
Не дер екен, көзі ашық, мəлім ер,
Мейірбанды айтар сөзі əділ ер:
«Тірілерді баққан ажал — бір есік,
Түбі бəрің бұл есікке кіресің!»
1135
Қандай екен өлім деген, бұл өмір?
Қайдан келдім, қайда қалай жүремін?!
Неге тудым, тұрса күтіп бір өлім?
Неге күлдім, қайғы барын білемін.
Ауыр не бар өлімнен бұл жаһанда?
Осылай деп өледі адам қашанда.
Мұны меңзеп шайыр сөзі шашырар,
Мəнісін ұқ, зердең-көзің ашылар:
«Қатігез жоқ ажалдан, сұм сиығы,
Есіңе алсаң, қашар тірлік қиюы!
1140 Түпсіз, шексіз бейне теңіз бұл өлім,
Тас шыңырау, жапқан қайғы түнегін!»
Өлімді біл, өмір мəнін түсінгін,
Ажал қысса құны жоқ сөз, ісіңнің.
Ау, өмірді таусылмасқа балаған,
Дəрмен кетер, алғанда ажал жағадан.
Тойып болмас сұғанақ көз пенделер,
Ажал жетсе — амал таппай сенделер.
Өткінші құт күпіндіріп іскендер,
Жүрек жарып тынар, жерге түскенде...
1145 Қуаныштан жүзін күлкі көмген ер,
Кейін жасын құрғата алмай, көрге енер.
Білімді ер, айтқан
сөзге қанарсың,
Іске түйсең, сөзден пайда аларсың:
«Ізгі орынды қалар болса кімде-кім,
Қос жаһанда жамандық қып жүрмесін!
Құлқы түзу, жауыздықты білмессің,
Сөз, ісіңнен ізгіліктің лебі ессін!»
* * *
Бұл Айтолды еңіреді, ес кетіп,
Қайыры не өкінгеннің кештетіп?!
1150 Пақырларға алтын-күміс таратты,
Ағайынға өсиет айтып, қаратты.
«Жаратқан! — деп, көзін тікті аспанға, —
Ием сенсің! Мен білмеймін басқаңды!
Жараттың да, асырадың, өсірдің,
Білем бəрі мейірімің өзіңнің.
Мен де өзіңе қызмет еттім жаныммен,
Ажал жетті; Базар болдым барыммен!
Ойлап бақсам, құтылатын жайым жоқ,
Рахымың бір, тигей енді қайыр боп.
1155 Күнəм да көп, мен бір қырсық, шерменде,
Мархаббатпен кешірерсің пендеңді!