154
155
Мейірімді ең, əке, жұртты қаратқан,
Сенен де асқан мейірімді жаратқан.
Жаратты да, берді ырыс-құт өзіңе,
Маған да өзі берер. Сенгін сөзіме.
1245 Əлсіздерге қуат берер, дем берер,
Ұлықты да, кішікті де тең көрер.
Бұл туралы есті жанға құлақ қой,
Дана сөзі — ақылсызға шырақтай.
(Дана сөзін түсінерсің ақылмен,
Бар кеселді ұқтырған ол нақылмен):
«Əзіздерге ізет болған əзіз ол,
Ізет тиер, сол үшін аз қазір ол.
Кішікке — ұлық, қадірсізге — қадір ол,
Əлсізге — əл, биіктерге — тəңір ол!»
* * *
Айтолды ұлдың естіп сөзін жайланды,
Көзін көкке тігіп, қолын жайған-ды.
1250 Шүкір қылды, ес тоқтатқан ұлына,
Жаратқанға, ақыл берген құлына.
Достарыңызбен бөлісу: