Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы
Айтты Өгдүлміш: — Сөздеріңді естідім,
Мен сөйлейін, сөзің бұрмай естігін.
Сөздеріңнің жаны да бар қанығар,
Ақиқатын айтсам, міні тағы бар.
Тірі кісі кісілігін асырсын,
Кісіліктен зұлым пысы басылсын!
3370 Тірлігіңнің қандай нышан белгісі?
Тіріде адам бір жақсылық көрмесе?
Əйел алып, ұл-қыз сүйгін жадырап,
Ұлсыз ғұмыр қаңыраған шаңырақ!
(Əйел алғын ұл-қыз туып, өрбісін,
Ұлсыз десе, сөгіс ерге, ол бір сын.)
Естіп, байқа сара сөздің салмағын,
«Нəсілді үзбе тірлігіңді жалғағын.
Ұрпақсыздар өлерінде өкінер,
—
Кейінгілер, бала өсір! — деп өтінер».
Кімнің ұлы қалса артында, атадан,
Тірі дегін, оны өлдіге санама!
3375 Ұлсыз кісі өлсе — тұқымы өшеді,
Жаһанда — аты, орны құрып, көшеді!»
Одғұрмыштың Өгділмішке жауабы
Жауап беріп, айтты Одғұрмыш: — Бұл да шын,
Мұнан да өзге басқасы бар, ол да сын.
Егер ұл-қыз жақсы болса, зерделі,
Айтқаныңның айнымай дəл келгені.
Егер жаман болса, сені ұлытар,
Өзің өлсең — тəрк етер де ұмытар.
Қарғыс тиіп, жақсы атыңды қаралар,
Бас көтеріп, жауың сөгіп табалар.
3380 Ұл-қыз дұшпан болса, дұшпан не керек!?
Жаусыз тірлік қандай жақсы, керемет!
Не сəулесі түссін жаудың, есердің?
Жаудың аты-ақ куəлігі кеселдің!
Не жақсы ілім берген білім егесі:
«Ұл-қыз аты, ердің өшпес елесі!..»
(Не жақсы ілім береді екен білімді:
«Ұл-қыз сақтар өңің, түрің, тіліңді!»)
Мұны мегзер білікті сөз бар еді,
Көңілі ақтың сөзі түзу, əдемі:
«Күйетін сен, ұл-қыз деп бас тігетін,
Ұл-қыз қайда бұл бейнетті білетін!?
3385 Һəрəм жиып өтесің, ол қалады,
Сен қайғы жеп, ол тілегін табады!»
Қатын алған, кеме мінген деп білгін,
Кеме міндің — көк теңізге кеп кірдің.
Ұл-қыз туса, сынар кеме*, амалсыз,
Кеме сынса, қалай тірі қаларсыз?!
Ұл-қыз ата жұбанышы, мақтаны,
Ал атаның у жегені, татқаны.
(Ұл-қызға ата кешірімді, жафасыз,
У жейді əмəн ал ұл-қыздың атасы.)
Атадан соң, жаман ұл-қыз жетесіз,
Ата-анасын аузына алмас, нетесіз?
3390 Мұндай жаннан қайтіп опа көрерсің,
Құлқы — жауыз, қылқы — жапа: шегерсің.
Ұл-қыз үшін машақаттан күй кетер,
Бала жүгін ата пілдей сүйретер.
Дос, туысқа жақын-жуық жүр дедің,
Оның дұрыс, ол да бір жүк, білгенім.
Білікті бек жақсы айтқан нақ балап:
«Кісі көңілі нəзік, қиын сақтамақ!
Көңіл бейне, құмыра, иə шарайна,
Ай, ұланым, сындырарсың, абайла!
3395 Көңіл нəзік — тез суалып, тез толар,
Ыстыққа — ерір, ал суыққа тез тоңар.
308
309
Дос көңілі қалса, қиқар жау болар,
Жау жүрген жер — ұрыс-керіс, дау болар!
Жауың болса, тірлігің де татымсыз,
Жау қайда да жаға қоймас, жасырсыз!
Сенен дұшпан кішік болса, ақылым:
Оны сонша ұлық тұтқын, батырым!
Алып пілге дұшпан болды шыбын бір,
Шақса пілді, мөңкіп жаннан түңілді!
3400 Өмірі өткен жауыменен алысып,
Тыңда ердің жаугер, батыл арысын:
«Дұшпан əлсіз деп желпініп, есілме,
Неге қорқам деп, құр сөзбен есірме!
Жауың болса, қапы қалма ұрыста,
Жауға жау бол, дұрыс қара дұрысқа!
(Жаулық еткен, сенен жаулық күтеді —
Сен қойғанмен, екі талай бітері!)»
Достарыңызбен бөлісу: |