302
303
Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы
Айтты Өгдүлміш: — Саулығыңды қалаймын,
Сен деп келдім, ай, көріктім, арайлым!
Көңіліңді ашайын деп келдім мен,
Сағыныш, мұңды басайын деп келдім мен.
Аңсап едім, жөнін іздеп көрудің,
Бүгін ғана сəті түсті келудің.
Бүтін ғұмыр өтті,
сені көрмедім,
Мұрсат таппай, іш өртеніп шөлдедім...
3310 Жолықтым да, тарқағандай құмарым,
Сəті түсті, соған шүкір қыламын.
Кісі есен-сау болса, қайтпай меселі,
Ай, қозы, бір тілегіне жетеді.
Не деді екен көсем кісі көп көрген,
Көп сынаған, күнді бастан өткерген:
«Тірлік болса, кісі табар тілегін,
Тілек болар тек тірлікте — білерің!
Тірі кісі тілегімен табысар,
Есен болса, кеткен қайта қауышар.
3315
Тірлік тіле, білсең, тілек тілеме,
Тілек туар — кісі текке жүре ме?!»
Алла берді, ақыр, маған тілекті,
Есендікпен қауыштырдық білекті.
Бұдан басқа, тағы
да бір бар сөзім,
Оны да айтсам — көңiлiң хош алса — өзiм!
Достарыңызбен бөлісу: