«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ОДҒҰРМЫШТЫҢ ӨГДҮЛМІШПЕН СҰХБАТТАСҚАНЫ



Pdf көрінісі
бет83/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

41. ОДҒҰРМЫШТЫҢ ӨГДҮЛМІШПЕН СҰХБАТТАСҚАНЫ 
АЙТЫЛАДЫ
Жауап берді, айтты Одғұрмыш: — Сөзіңді,
Естідім мен, сөзімді есті менің де.
Жақындығың үшін тəңір бақ берсін,
Мың-мың түмен ырыс, ізгі ат берсін.
3320 Тағы да бір сөзіңді де айт, қысылма —
Тілге келген сөзді кейін ысырма!
Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы
Айтты Өгдүлміш: — Сөзімді əрі созайын,
Сені көріп сергіп, болдым көзайым.
Жорыса кім өз жөн-жолын, тілегін,
Опық жемес, ей, біліктім, білерім!
Не дегенін есті сыншыл кісінің,
Ай, кеңпейіл, ал мəнісін түсініп:
«Қай іске де шапса ықылас, тілегің,
Аяқ бассаң, сол тілегің — тірегің!
3325 Тілектессе — жақын болар алысың,
Жүз көріссе — жаныңды ұғар танысың!
(Тілек болса, жақын тартар қашық жер,
Жүзді көрсе, жан бір өлік асыл ер!)»
Айтты Өгдүлміш: — Өзің үшін күйініп,
Үзе алмаймын айтар сөзді үйіріп.
Бездің — ұлыс, қала, ағайын, туыстан,
Жолдас, жораң, білісің жоқ ұғысқан.
Аш, жалаңаш, бейнет шегіп, күйзеліп,
Иен тауды жалғыз кезіп, күйредің...
Бар туыстың көңілі — шер сен үшін,
Сені көрмей қалай шері ерісін?!
3330 Жалғыздықтан азар адам баласы,
Дауасыз зар — жалғыздықтың жарасы.
Күйінішім шаңырағымды тербеді,
Сағынышым жанға маза бермеді!
Жаратпаған саған деп хақ тозақты,
Сен шексін деп айтпаған бар азапты.
Неге мұнша өзіңді өзің торлайсың?!
Неге мұнша өзіңді өзің қорлайсың?!
(Неге мұнша өзіңді-өзің қинадың,
Мен білейін, айтқын сөзді тыймағын!)
Одғұрмыштың Өгдүлмішке жауабы
Жауап берді Одғұрмыш, былай деді:
— 
Сені естідім, тыңда енді құлай мені!


 304
305
3335 Жанашырлық жылы сөзің жайдары,
Туыстықтың, жақындықтың айғағы.
Қандас қамын қандас жемей, кім жейді,
Ол болмаса, жат жаныңды білмейді.
Өзім қимас туғандардан кетісіп,
Мына жерге келдім неме жетісіп!?
Дінім — əлсіз, біліп, қайғы жеп едім,
Игілікті осы жер ме деп едім.
Содан келіп, мекен тептім бұл жаққа —
Жалғыз қалып тəу етсем деп бір хаққа.
3340 Шырмалса адам бұл дүние ісіне,
Ол дүние қамы кірмес түсіне...
Бұл халыққа бар қақпаны жапқанша,
Сиынбассың жаратқан бар хаққа онша...
Тəннен — нəпсі, құмарлықты сығарсың,
Сонда ибадат дəмін татып шығарсың.
Не дегенін есті ойшылдың ірісі:
«Нəпсіменен үйлеспейді дін ісі.
Нəпсі, құмар — жауы ұлықтың, жандырар,
Осы екеуі ісші құлды аздырар.
3345 Құмарға ерген көрер нəпсі тұтқынын,
Тəн тояттап, алар мені құл қылып.
Нəпсіге ерме, ақылмен кес түбірден,
Бас көтерсе — тəніңді бас біліммен!»
Осы іс үшін ұлыс, кентті қалдырып,
Мұнда жеттім ауыр бейнет талдырып.
Егер жұрттан болмаса алыс тұрғаным,
Құрғақ сөйлеп, иə ғайбат қылмадым.
Жалғызсың! — деп, кінəлайсың, туысқан,
Алла менің досым еді ұғысқан...
(Жалғызсың деп арттың міннің ауырын,
Алла жалғыз — мен жалғызбын, бауырым!)
3350 Ет жақыннан жырақ кетіп жатқаным,
Оларға аш-тоқтығымды артпадым.
Ел көңілі жұқа, қиын алмағың,
Көңіл сынса, əділдік тап Алладан,
Елге қанша пайдам тимей кеткесін,
Ел соншалық менен зиян шекпесін.
Пайда-зиян, жақсы-жаман — барлығы,
Хақтың ісі, соның берген тағдыры!
Бұл ғарыш пен жер астының арасы,
Бəрі бірдей хаққа мұқтаж, қарашы!
3355 Ел ішінде не боп жатыр, ей, күлік,
Пайда, зиян — бəрі саған белгілі.
Табынғаннан пайда не? — деп сұрарсың,
Құлдық — құлға есік ашар ұғарсың.
Күндіз-түні құлдық ұрып, табынды —
Құл аты оның атағы боп таңылды.
Қабыл алсын, Алла қабыл алмасын,
Құлдық аты тілде аталсын, қалмасын.
Жазығы жоқ жалғыздықтың бұл маған,
Болды содан тəн мен жаным дін аман.
3360 Бəйітшінің, есті айтқанын, түсін ер,
Тысын көрме, мəнін байқа, ішін көр:
«Жалғыз кісі, саған төрің, көрің құт,
Жалғыз жүріп, өз сөзіңді өзің тұт! 
Табынушы табынса өзі қамалып,
Елге қалай тисін жалғыз залалы?!»
Кісілермен қатыс дейсің, қандасым,
Қалай жүрем, арбасып һəм жалғасып?!
Сен келгелі бүгін, міне, қарағым,
Құлшылықты қойдым үзіп, қарағын!
3365 Қатысқаным үшін тек бір сенімен,
Зиян шектім, күштемегін тегінде!
Өзім кірсем енді елдің ішіне,
Қашан тиер қолым құлдық ісіне!


 306
307


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет