«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 АҚЫНДАРМЕН ҚАЛАЙ ҚАТЫНАСУ ЖӨНІНДЕ



Pdf көрінісі
бет103/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

56. АҚЫНДАРМЕН ҚАЛАЙ ҚАТЫНАСУ ЖӨНІНДЕ 
АЙТЫЛАДЫ
Шайырлар бар сөзден кесте төгуші,
Кісілерді мақтап, даттап-сөгуші.
Қылыштан да өткір, ащы тілдері,
Қылдан нəзік ойларының іздері.
Ұққың келсе жырдың нəзік сөздерін,
Естіген əр сөздің тінін көздегін.
4395 Ақын жанның теңізіне енеді —
Бейне інжу, гəуһар, жақұт тереді.
Мадақтаса — мақтауы елге жетеді,
Егер сөксе — масқара, қор етеді!
Жақсылықпен араласып жүр, досым,
Шоқ тіліне ілінбе (өртер), біл, досым!
Мақтау күтсең — көңілін тап, сүйінсін,
Сүйініштен тілімен бал үйірсін.
Не қаласа, бергей түгел, аяма,
Ая өзіңді от тілінен аяла!
57. ДИҚАНДАРМЕН (ТАРЫШЫЛАРМЕН) ҚАЛАЙ ҚАТЫСУ 
ЖАЙЛЫ АЙТЫЛАДЫ
4400 Тағы бір топ — диқандардың əулеті,
Ең керекті жұрт ол биік дəулеті.
Қатынасып, ыңғайыңды бергейсің,
Ас-тағамнан еш кемшілік көрмейсің.


 376
377
Одан жанның бəрі пайда табады,
Ішпек-жемек күллі дəмін алады.
Аш па, тоқ па, тірі жанның барлығы,
Тірісінде мұқтаж оның алдында.
Еш шүбə жоқ, бұл кісілер қажетті,
Солар билер тамақты да, тəбетті.
4405 Бұларменен қатыс, көңілің толады,
Құлқының таза, асың адал болады.
Не дейді, аңда сақилықты басқарған,
Түрлі еңбекті ықтиятпен атқарған:
«Нəзік, түзу жолды ұстанам десеңіз,
Ай, ақжүрек, ділге пəктік берсеңіз.
Сақилықты ұстансаң без һарамнан,
Киім, асың болсын дəйім адалдан.
Кедей болмай, байлық жолын қусаңыз,
Тырысып көп, зиналықты тисаңыз.
4410 Құрмет, қадір болсын десең өзіңде,
Зинадан без көңілде де, өмірде.»
Зиналықтан түп-тамырың кесілер,
Зинақорлық жақсы ізіңді өшірер.
Өшкен өртті зинақорлық қоздатар,
Қонған құтты ұшырар да боздатар.
Жақсы айтқан, сұлу қылық серісі,
Білімімен іс тындырған ер кісі:
«Құмарлыққа жақын жүрме, ерме сен,
Фəсад * қайда — сонда қорлық кездесер!
4415 Зинақормен дəулет тұрмас, малданба,
Бір түнерлік қонағың ол, таңданба!»
Диқандардың жомарттықтан қолы ашық,
Бергенге Алла көңілі кең, жолы ашық.
Жердегі бар жорғалаушы, жүруші,
Аяқтысы — ас, қанатты дəн теруші.
Бұларменен араласып өтерсің,
Жылы сөйлеп, жүзіңді ашық етерсің.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет