«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ƏУЛИЕЛЕРМЕН ҚАТЫНАСУ ЖАЙЫ АЙТЫЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет101/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

50. ƏУЛИЕЛЕРМЕН ҚАТЫНАСУ ЖАЙЫ АЙТЫЛАДЫ 
Құлдан бөлек, бек кісіден ерекше,
Адамдар бар, араласар керексе.
Бірі олардың — пайғамбардың əулеті,
Қадірлесең қонар құт пен дəулеті.
Сүй оларды көңіліңмен, жаныңмен,
Нəрсе сыйлап, жақсылық қыл барыңмен.
Туысы бұлар пайғамбардың етжақын,
Пайғамбарлық қақы үшін сүй, ей, жаным!
4340 Сұрастырма еш қарекет, сырларын,
Айтқан сөзін еш қайтармай тыңдағын.
51. БІЛГІР, ҒАЛЫМ АДАМДАРМЕН ҚАЛАЙ ҚАТЫНАСУ 
КЕРЕКТІГІ АЙТЫЛАДЫ
Тағы бір топ ғалымдар мен даналар,
Ілім беріп, халық жолын саралар.
Қатты сүйіп, қадірле сөз, түйгенін,
Көп пе, аз ба білімдерін үйренгін.
Солар жарар-жарамасты парықтар,
Тура, таза жолды ұстанып, анықтар.


 372
373
Олардан сен ілім үйрен, білім біл,
Жақсылықты жаса, тартып тіліңді.
4345 Хақихат, дін зердеге сап жаттары,
Білімдері — шын шариғат шарттары...
Ғылым, дана болмағанда жаһанда,
Жерде игілік* өнбес еді қашанда.
Шырақ болды елге олардың ілімі,
Адастырмас — жанса түннің түнегі.
Шырын сөзбен үлесіп тұр мүлкіңнен,
Қызмет жасап, дəм бер жылы күлкіңмен.
Именіп* тұр, тілмен текке есілме,
Ғайбат сөзді удай сақтар есінде.
4350 Тіліңді тый, тұз-дəміңді келтіргін,
Қадір тұтып, сыйла оларды, желпіндір.
(Тұз-дəм татыр, сөзден қуырдақ қуырма,
Қадірле де, көтер сыйлы тұғырға.)
Істе айтқанын, білімін ұқ, жатта да,
Қылық-құлқын жамандама, даттама.
Ілімі ғой олардағы керегің,
Айтып берсе тура жолдың дерегін.
Олар — серке, қой ішінде бастаған,
Бастаса, қой түзу жолдан қашпаған.
Бұларменен араласып, сыйлас бол,
Екі дүниеде құт дарытар, қимас бол!
52. ОТАШЫЛАРМЕН ҚАЛАЙ ҚАТЫНАСУ КЕРЕКТІГІ 
АЙТЫЛАДЫ 
4355 Бұдан басқа талай топтар тағы бар,
Білімі де, білігі де алуан.
Соның бірі — оташылар, ғажабы —
Күллі дерт пен кеселіңді жазады.
Ең керекті кісілерің, оларсыз,
Тірлік ісі оңалмайды — соларсыз...
Тірі жанды кесел мен дерт буады,
Оташылар емдеп шипа қылады.
Кесел — кісі өлімінің дос-жары,
Өлім — кісі тірлігінің қас-жауы!
4360 Бұларды да жақсы көріп, жақын жүр,
Керек жандар, құқын сақтап, хақын біл!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет