«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы



Pdf көрінісі
бет111/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы
Өгдүлміш айтты, ойланып болып,
Ұқтым деп енді, ақиқат жолын.
4875 Сөзіңді ұқтым, тыңдадым бəрін,
Сөзімді кестім, аңдадым мəнін.
Турасын айттың, сөз — шындық толған,
Басқаның бəрі, кіл қыңыр жолдар...
Сенікі — шындық, менікі — ойын,
Бой ұсындым шынға, ойынды қойып.
Барайын енді, қал жақсы, аман,
Қос дүние нұрын көргейсің əмəн.
Бауырым, Алла күш, тауфиқ берсін,
Дұғаңда атап, қамымды жерсің!?
4880 Алладан мені тілей бер оңдап,
Көңілімді ашсын, тəңірім қолдап.
* * *
Үзді де сөзін, орнынан тұрды,
Қоштасып, үйге ол жүзін бұрды.
* * *
Атқа мініп, келді үйіне оралып,
Түсіп, кірді, тынды біраз демалып.
Ішті, жеді. Біраз ойға торықты,
Естіген сөзін пісірді де, қорытты.
Күннің жүзі түнек буып, жоғалды,
Бүкіл əлем қара түске оранды.
4885 Руми қызы* жүзін шашы жасырды,
Күллі əлемге қап-қара шаш шашылды.
Аспан зəңгі* болып, түнек асылды,
Құстар тыншып, жүрер аяқ басылды.
Дəрет алып, оқып түнгі намазын,
Орын сайлап, бұрды ұйқыға назарын.
Біраз ұйықтап, оянды да қарады:
Төбесінен Бақыр* ауып барады.
Жəне көрді: Үркер ауып өтіпті,
Туардан «адан** туып, өрлеп кетіпті.
4890 Тағы біраз жатты ұйқы көрмеді,
Безгек қысқан адамдай көз ілмеді.
Жатты ұйқысыз, ойынан ой түледі,
Əппақ болып, бозарды аспан реңі.
Абыр* бүркеп, түйді аспан қабағын,
Жерден арай өніп, шашты шапағын.
Күн өрледі, жерден нұры алаулай,
Түсі жайнап желбіреген жалаудай.
Тұрды Өгдүлміш, жуынды да, күтінді,
Білгенінше намаз оқып бітірді.
4895 Қызыл қалқан найза бойы асқанда,
Сарайға кеп, кірді тура жасқанбай.
* * * 
Келгендігін естіп Елік жол берді,
Кірді Елікке, қауыштырып қол берді.
Елік ымдап, отырар орын нұсқады,
Бұл орынға барды əдепті ұстанып.
Еліктің Өгдүлмішке сауалы
Біраз тұрып, айтты сөзін Елік те:
Ай, құлқы оң, сөйле, келтір, ірікпе!


 408
409
Не болды ісің? Ағайының не деді?
Тілегің не? Досың қашан келеді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет