«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Одғұрмыштың Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет108/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Одғұрмыштың Өгдүлмішке сауалы
Айтты Одғұрмыш, жауап беріп: — Түгелдей,
Естідім мен, ақкөңіл жан, жібермей,
Сенен сұрар бір сөзім бар əлі де,
Соны айтып, қанықтырсаң мəніне. 
Аралассам бұл жандармен өмірде,
Барыс-келіс жасауым шарт көңілді.
4570 Əлбетте, олар мені асқа шақырар,
Мен шақырып, сонсоң маған қатынар.
Қалай сыйлап, асты қалай алған жөн?
Шақырғанда қайтіп, қалай барған жөн!?
Мұны да айтқын, естіп-ұғып алайын,
Бұл істен де үлгі біліп қалайын?!
65. ӨГДҮЛМІШ ОДҒҰРМЫШҚА АСҚА (ҚОНАҚҚА) БАРУДЫҢ 
САЛТ-ДƏСТҮРЛЕРІН АЙТАДЫ
Айтты Өгдүлміш жауап беріп: — Ағайын,
Бұл да аса керекті, айтып бағайын.
Шақыратын адамдар сан алуан,
Қонақасы, сый-құрмет те алуан.
(Түрлі-түрлі шақырудың жөні де,
Түрлі-түрлі қонақасы, төрі де...)
4575 Соның бірі: неке тойы оңды аса,
Сүндет асы, шілдехана, болмаса...
Шақырар не тең-тұс, құрбы-құрдасың,
Үлкен, кіші, туыс, бауыр, сырласың.
Иə, қазаның азасына шақырар,
Атақ алып, асқа жатын шақырар.
Бұл ас-судың қайсыбірі болмасын,
Əуелі, аңдап шеш барарың-бармасың!?
Ағайын, дос, туыс-бауыр шақырса,
Лəзім барып, көріп мауқың басылса.
4580 Аста көрсең сыйла жатты, басқаны,
Аз ба, көп пе — дұрыс дəмнен татқаны.
Жақын, көрші, көңілдестер шақырса,
Тəңірлік дос ілтифатын асырса,
Бар оларға, аула көңіл-пейілін,
Сүйіндір де, сүйін өзің, ей, ұлым!
Егер құрмет өз атыңа арналса,
Бар, сүйіндір, бəлсінгенше-танғанша.
Бұдан басқа шақырудың біріне,
Бармай-ақ қой жара түсер діліңе.
4585 Меймандостық жүдеу болып, сызынан,
Асыл тектім, көңілің жаман бұзылар.
Есіріктер ұстасып, дау шығарар,
Асың сіңбес, көңілің азып, қуарар.
Бір тоятын тағам үшін сорлама,
Өзіңді өзің зорлама сен, қорлама!


 388
389
Не дейді екен аузын тиып ұтқан ер,
Құлқынына ие болып тұтқан ер:
«Нəпсіңді тый, нəпсіге шыр-пыр болма,
Құлқын үшін құлқыныңа құл болма.
4590 Талай көрдім əзіз, сыйлы ерлерді,
Құлқындарын ұстай алмай сенделді.
Талай көрдім даңқты, ұлық ерлерді,
Құлқынға құл болып, бəрі жерге енді.
Талай байды көрдім, құлқын алқымдап,
Азып-тозып, кедей болды қалтылдап.
Құлқынға құл болып, аран ашпассың,
Құлы болсаң, құтылар жол таппассың!
Қай қонаққа барсаң да сен, тағамды
Əдеппен іш, аша берме аранды.
4595 Жөнді білмес, ес-құлықсыз пенделер,
Тəртіп көрсе, басы қаңғып сенделер.
Қолын асқа созса үлкен, бек кісі,
Сен кейін соз — көргенділік белгісі.
Оң қолыңмен ал асыңды: — Алла, — деп,
Баянды құт құйылады барға кеп.
Кісі алдында тұрғанды алма, ұмтылып,
Өз алдыңда тұрғанды же ұмсынып.
Сүйек алып, пышағыңды шығарма,
Болма ұшқалақ, түспе түлкі бұлаңға.
4600 Тоқ болсаң да, дастарханға кел, қосыл —
Кісі асты кісіге қарап жер, досым!
Ұзақ талға тісіңе не бассаң да,
Ыстық асты үрме ауызбен, сассаң да.
Асты алдыңа тартпа, теже құлқынды,
Кісі кейпін бұзба, түзе құлқыңды.
Бұл жөнсіздік, жөн əдепті сақтаған,
Кісі қоры — кісі əдептен аттаған.
Жақсы айтыпты тəртіпті адам: «Əуелі,
Əдептінің түр-түсі де əдемі!»
4605 Əр нəрсенің бар тəлімі, жөндері,
Жөнді жанның ашық-жарқын өңдері.
Жөнді білмес кісі құлқы болар нас,
Кісілерге қатысса, ісі оңалмас.
Зауықпен же, асты қолың жиі ілсін,
Үй бикесі сені көріп сүйінсін.
Асын берсе, кісі еңбегін-зейнетін,
Тастай жұтып, зая қылма бейнетін.
(Еңбекпенен келген асты қалдырма,
Обалды ойла, ренішке шалдырма».)
Көңілі ояу тура айтыпты тереңдеп,
Түрлі мəнді толғап сөзі кемелдеп:
4610 «Кісі көңілі нəзік шиша, шар айна,
Мұқият бол, шағып алма, абайла!
Кісі көңілі қалса — əзəзіл есірер,
Пайда үзіліп, жақындығың кесілер!
(Кісі көңілі қатса — кетер татымы,
Пайда үзілер, жырақтасар жақыны.)
Достық күтсең, көңіл аулап, үңілгін,
Көңіл қалса — жақындық жоқ, түңілгін!»
Мейірленіп же тағамды, шамалап,
Бұл туралы айтыпты есті ер саралап:
«Көп жеген ас сіңбей, маза бермейді,
Ас сіңбесе, кісіні дерт меңдейді.
4615 Аузыңды бақ, енер содан кесел де,
Талғамменен аз ішіп-же, жесең де!»
Бұл дерт тұтса, тозар адам қалтылдап,
Емдемесе, өлім алар алқымнан.
Елші* хакім жақсы айтыпты, келісті,
Хакімдердің сөзін кімдер кеміс дер:


 390
391
«Дерт өлімнің хабаршысы алғашқы,
Кісі ауырса, қоңсысы өлім албасты.
Кесел — михнат, жаршысы ол ажалдың,
Ажалда — опа, жоқ жақсылық, адалдық!»
4620 Мен кісімін деген адам баласы,
Білсін бөліп ыстық-суық арасын.
Тəбетіңді біліп барып — жеген жөн,
Тартпады ма, ысырып қой дегенмен.
(Көңіліңе жаққанын же, біліп ап,
Жақпады ма, əуре болма тіліңе ап.)
Ыстық көп пе, салқын ішіп теңестір,
Суық көп пе, ыстық ішіп келістір.
Дəуренің жаз, болсаң жігіт жасында,
Қанды суыт, суық ішіп басыл да!
Күз күндері болса, ассаң қырықтан,
Жөн ішіңді ыстықпенен жылытқан.
4625 Уағың — қысқа, жас алпысқа келгенде,
Тек ыстық іш, без суықтан, желден де.
Құрғақ, суық артса — ыстық суды тап,
Бұл екеуі оған жауап, дауа нақ.
Суық, дымқыл алса ауыртып мазаңды,
Ыстық, құрғақ молайтылса жазар-ды...
Ағзаң суық болса, күшейт ыстықты,
Ыстық болса, күшейтерсің суықты.
Егер, жанның жəйін тауып білмесең,
Ыстық-суық арасынан ізде сен.
4630 Осылайша тəнді бағып жүрерсің,
Амандықта, жайлы ғұмыр сүрерсің.
Оташының не дегенін тыңдап ал,
Көп жасағыр, қозым, мəніс — сырға қан:
«Жан-тəніңді мен айтайын, біліп ал,
Қызыл, сары һəм ақ, қара түрі бар.
Бір-біріне жаулық тұтқан жайы бар,
Жау жауына жақындасса — айырар.
Жан мен тəнін ақылды аңдап, талғаса,
Не жағатын болса, соны таңдаса.
4635 Айырмасы осы адамның жылқыдан,
Жаққанын жер, ай, ұл, тəн мен құлқына!»
Тыңда енді көкшіл сақал не депті,
Тұрып қалма, ұқ сөзіңді керекті:
«Білмесе өзін адам қырық жасында,
Айырма жоқ, мал ғой малдың қасында!»
Сынап көріп, үйренбесе білімді,
Оны кісі санама, ей, ілімді.
(Қырық жасап, кісі тəнін сөзбесе,
Қанша айтсаң да; малмен бірдей ендеше!
Сынап, көріп кісі білім алмаса,
Оны кісі санатына алма аса).
Бастан кешіп, білмесе өмір парығын,
Кісі емес, хайуан деп танығын.
4640 Заман кешіп білмесе, егер кісі көп,
Жылқы дегін, атамағын кісі деп.
Көріп бақсаң, жақсы айтыпты емшілер:
«Асты аз жесе, есен тірлік ер сүрер!»
Тілесең сен дертсіз тірлік жайнаған,
«Аз» деген бір дəріні, ерім, пайдалан...
Тыныш тірлік тілесең һəм мұратты,
Ай, ақпейіл, етті жегін «Тіл»* атты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет