392
393
Табақ — таза, болсын дəмді тамағың,
Қолын созсын зауықпенен қонағың.
Ас-су міні, шақырмасаң, бір болар,
Келіп көрген бір мініңді жүз қылар.
Ойла, астың дəмін, бабын, шамасын,
Меймандарың тойып, жақсы тарасын.
Дос, туысың, алысың ба, жақын ба,
Хақын сақта, тұз-дəміңе шақыр да.
4650
Келгендері келер, егер келмесе —
Көңілі қалмас; қалар көңіл бөлмесең!
Дəм өкпесі — дүниенің жаманы,
Кек-өш туып, өле-өлгенше қалады.
Қара, көпке жегіз, жеткіз тамақты,
Кешіккенді тойғыз, бағып қабақты.
Кісі ас жесе, сен ішімдік тосып тұр,
Оны ішсе, тағы еселеп қосып тұр.
Жемек жерде, ішпек керек болады,
Ішіп, жеуді теңгерген оң болады.
4655
Ішер даяр болмай, болса тағамың,
Жесе де оны, у жеді деп санағын.
Тілесе — боза, бер тілесе шырын, нəр,
Тілесе — сөл, тілесе бер шарап, бал.
Бұдан басқа не бересің бұл жағын,
Менен емес, білгендерден сұрағын.
Үлкендер жеп болғаннан соң тамағын,
Ас, су беріп, кішілерге қарағын.
Түгел жеткіз, бағып жетер-жетпесін,
Аш қайтарып, сені сөгіп кетпесін.
4660
Астан кейін, ұсын шырын, тұнбалар,
Түрлі жеміс, миуа, тəтті құрмалар.
Шамаң келсе, жыртыс жыртып, сый бергін,
Жөн-жөнімен тең бөлуді үйренгін.
Ас, ішімдік ісі осы айтарға,
Қайтса кісі, есігіңді аш, қайтарма...
Шақырылар жандар болар төрт түрлі,
Баратұғын адамдар да төрт түрлі.
Бірі, күллі шақырудан қалмайды,
Не берсе де ішіп, жейді талмайды.
4665 Енді бірі үйге кісі шақырмас,
Үйде асқа мұрнын тығып, бас алмас.
Тағы бірі қонаққа да барады,
Асын ішіп, қарымта етіп бағады.
Тағы бірі шақырғанға баспайды,
Шақырмайды, өзі де есік ашпайды.
Тірі өлік — ол. Тіріге оны санама,
Тіршілікте араласпа, қарама.
Тағы бір топ, шақырғаннан безеді,
Қонақ қылып, малын* сойып береді.
4670
Бұлардың ең жақсысы да осылар,
Бек, даналар мақтап, соған қосылар.
Қонақ, дəмге барарсың не бармассың,
Құлқынды тый — тірлікті əрмен жалғастыр.
Мешкей адам дерт-кеселден арылмас,
Сарғайып жүз, мешкей деп ел жаңылмас.
Мұны мегзеп оташы сөз қалдырған,
Тəнді білген, білімімен қандырған:
«Кісіге ас пен дерт ауыздан енеді,
Дерт қартайтып, жасқа жетпей семеді!
4675 Аранды тый — дерт тірлікті оздырар,
Дерт кісінің қызыл жүзін тоздырар!»
Міне, осындай ас-су жайы, қарағын,
Шақырғанға — барсаң, келсе адамың!
* * *
Айттым — ұқтың. Тоқталайын мен енді.
Сөзді ұзартпа. Мұны ұғар кез келді.
Дүние халі, жосығы бұл — білесің,
Егер жұртпен қатыспақты тілесең.
Көңілімнің жарығы — адал, ардақтым,
Сөздерімнің мəнісін ұқ салмақтап.