442
443
5430
Не дейді екен, тыңда, ай, таза көңілдім,
Көңілі жарым, оғы тиген өмірдің:
«Мың жасағын, түгел болмас тілегің,
Түгел болып, түгенделмес керегің.
Түгел тілер кісі тілек тілесе,
Тілек бітсе, білмей қалар өлерін!»
Сөз пайдасы — көп жырлаудан емес, біл,
Қайран қалып, көп тыңдаудан емес, біл.
Сөз пайдасы — айтқаныңа құласа,
Ішке түйсе, көңіліне ұнаса!
5435 Естідің түгел, көп сөйледім толғанып,
Пайдасын ал, сөзімді іске қолданып.
Тілім тынбай, сайрады көп құбылып,
Сөз азаймай, азайды оның шырыны.
Саған Алла тауфиқ берсін, ай, Елік!
Бар жақсыға қолың жетсін, ай, Елік!
Тəңірің сақтап, тілегіңді бергей-ді,
Дұғаңда əркез еске алғайсың мендейді.
* * *
Сөзін үзіп, тұрды орнынан қозғала,
Тоқтатты Елік: — Отыр! — деді, — аз ғана!
5440 Ішіп-жейтін түрлі тағам шығарды,
Ай, ізгі, аздап татқын, — деді, — бұл дəмді.
Қол ұсынып, алды Одғұрмыш тағамнан,
Ішті-жеді дəмін татып аз-аздан.
Тағамнан қол тартты, басқа алмады,
Хақты ауызға алып, «Шүкір!» арнады.
* * *
Өре тұрды, айтты Одғұрмыш сəлемін,
Елік тұрып берді ықылас-жауабын.
Шықты Одғұрмыш, аттануға бет бұрды,
Елік өзі ұзатып сап, ниет қылды.
5445 Есендесті қоштасарда қайырылып,
Қол алысып, Елік қалды қайғырып.
* * *
Тұрағына жетіп, кетпекті ұйғарды,
Қолын өбіп, жан бауыры қиналды...
Туысқанын қайтарды үйге Одғұрмыш,
Хош-қайыр деп қайтты кейін Өгдүлміш.
Келді үйіне, көңілін мұң меңдеді,
Қайғы-алаңмен көзіне ұйқы келмеді.
* * *
Бас көтерді күн шығыстан оянып ,
Дүние толды аққу түске боянып.
5450
Шықты биік, көкірегін Күн керіп,
Нұрланды əлем əппақ сұлу түрге еніп.
Жайнады əлем періштенің өңіндей,
Кафур сеуіп тұрғандай көк өрімдей.
* * *
Тұрды Өгдүлміш төсегінен асығып,
Жуынды да, намаз етті бас ұрып.
Киім киіп шықты үйінен көр енді,
Сарайға кеп, кірді оған, көр енді.
Аттан түсіп, сарайға кеп кірді бұл,
Шақырды хан, бұл көрінді, көрді ол.
Достарыңызбен бөлісу: