«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке жауабы



Pdf көрінісі
бет124/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Еліктің Өгдүлмішке жауабы
5610 Көп мадақтап Өгдүлмішті мақтады,
Айттың, — деді, — білгеніңді ақтарып.
Алла тауфиқ, баян берсін бүгіннен,
Ұстанайын сөздеріңді жүгінген.
Жəрдемшіге сені берген раббым,
Не тілесем қайтармас деп ұғамын.
Тəңір берсін тілеуіңді іздеген,
Түгел бердің тілегімді, ізгі ерім!
Енді маған мейіріңді себерсің,
Жаны жайсаң, құптап жəрдем берерсің!
5615 Саған сендім, шын иландым, расында,
Ай, көріктім, сөз, сырыңды жасырма.
Бүгін күндей жарығыңа бөлендім,
Енді сенің саяңда күн көрермін.


 454
455
Жақсы айтыпты ділі нұрға толған ер,
Қосылып діл, тілі — толық болған ер:
«Көңілің кімге сенсе, сана, айнаңдай,
Өзіңді одан таны, қара ойланбай!
(Көңілің сенсе, көзден таса қылмағын,
Содан таны өз бейнеңнің сырларын.)
Жайсаң кісі айнаң болар, қаласаң,
Түзер құлық — мінезіңді, қарасаң!
5620 Кімнің жаны болса өзіңе шын жақын,
Сеніп соған, дұрыс жақын қылғаның.
Сенгеніңмен еркін сөйлес, қорықпағын,
Сенген кісің айтса, сөзге тоқтағын!»
* * *
Өгдүлміш хан сөзін естіп, діттеді,
Көзі жайнап, сүйінді де, «Құп!» — деді.
Елік сөзін үзді, үнсіз тынды да,
Кетті аттанып, енді Өгдүлміш тұрды да.
* * *
Содан бері Елік тыным көрмеді,
Бейнет шегіп елін түзеп, жөндеді.
5625 Қалды жаман, жиды бəрін жақсының — 
Жақын тартты, сеніп жұмыс тапсырып.
Түзелді де, елі-жұрты тазарды,
Ай, күн, жылы, тілі тыншып, жаңарды.
Ел толысып, артты тірлік татымы,
Сүйінішпен күлді, ырысы тасыды.
Өгдүлмішті қолдады Елік сенді де,
Қадыр тұтты, іс тізгінін берді де.
* * *
Кешті Өгдүлміш уайыммен көп күнді,
Еңбекпенен біраз ғұмыр өткізді.
5630 Байқап көрді өзін, құлқын, істерін,
Сөнген шоқтай жігіттік шақ өшкенін.
Көзін ашып, көңілі өксіп жүдеді,
Жан-тəнімен тазармақты тіледі!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет